281
ПРОЕКТ
ортадағы барлық денелерде, соның ішінде адамда да бар. Табиғи фонның
есебінен бір адам жылына 2 · 10
–3
Гр радиация алады.
Радиоизотоптармен жұмыс жасайтын адамдар үшін бір жылдық
шек-
ті босатылған доза
(ШБД) 5 · 10
–2
Гр = 50 мГр, ал тұрғындар үшін
5 · 10
–3
Гр = 5 мГр. Қысқа уақытта алынған 3–10 Гр адам өміріне аса
қауіпті.
Практикада сәулелену
дозасының бірлігіне
рентген
(Р) қолданыла-
ды. 1 Р = 8,4 · 10
–3
Гр = 8,4 мГр. Тұрғындар үшін ШБД 0,6 Р, ал изотоп-
тармен жұмыс істейтін адамдарға ШБД 6 Р шамасында болады.
Радиация деңгейін өлшейтін арнайы құралдарды
дозиметр
деп атай-
ды. Олардың жан қалтаға салып жүретін түрлері де бар. Өкінішке қарай,
ондай дозиметрлер радиациялық қоқыстардың көптігіне қарамастан,
біздің елімізде кең қолданылмай келеді.
Cурет 7.12
6. Айналадағы ортаны радиация қалдықтарымен ластау адамға да,
табиғатқа да жасалған зиянкестік. Сондықтан атомдық реакторлар мен
атом электрстансыларын салуда, уран өндіруде жеті рет өлшеп, бір
рет кескен жөн. Атом энергиясын қауіпсіз
өндіру адамзатқа қойылып
отырған үлкен сын, онсыз өркениеттің өрге басуы мүмкін емес. Алайда
радио-активті қалдықтарды залалсыздандыру немесе қауіп келтірместей
етіп сақтау адамзат алдындағы ең күрделі мәселелердің біріне айналып
отыр. Бұл мәселелерді оңтайлы шешу үшін ұлттық деңгейде арнайы
радиациялық қауіпсіздік шараларды қабылдап, іске асырылуы керек.
Кері жағдайда табиғатта үздіксіз жүріп жататын зат алмасулары (сурет
7.11; 7.12) салдарынан, радиоактивті бөлшектер жер беті мен су көздерін
ластап, тіршілікті бірте-бірте жоятын болады. Міне, сондықтан қорша-
ған табиғи ортаның тазалығын сақтауда
әр адамға зор жауапкершілік
жүктеледі.