382
Тиреоидты гормондар (тироксин және трийодтиронин) ақзаның
дамуына қажет, әсіресе ағзалар мен жүйелер
қалыптасатын пренатальды
және ерте постнатальды кезеңдерде. Тиреоидты гормондар бас миының
қалыпты нақтылауын және баланың интеллектуалды
дамуын анықтайды,
өсу және қанқа даму (сүйектік жас) үрдістерін, тері және оның
қосалқыларының дамуын реттейді.
Кальцитонин
паратиреоидты
гормонның
(паратгормон,
ПГГ)
антагонисті бола отырып, фосфор кальций алмасуын реттейді. Ол кальций
ионының бүйрек құбырларындағы реабсорбциясын
және ішектегі
сорылуын тежеуі арқылы, ағзаға кальций иондарының артық түсуінен
қорғайды, осы уақытта кальциді сүйек тініне бекітеді. Кальцитонин
өндірілуі, қандағы кальций иондарының көлеміне тәуелді.
Балалардағы анатома физиологиялық ерекшелік
Нәрестенің қалқанша безі үлкендермен салыстырғанда үлкен, бірақ
фолликулалары ұсақ және коллоидты заты аз көлемде. ТТГ,
тироксин,
трийодтиронин максималды концентрациясы қанда бала өмірінің алғашқы
сағатттарында және күндерінде байқалады, ол
постнатальдық бейімделу
кезеңінде осы гормондар рөлінің маңыздылығын көрсетеді. Өмірінің
алғашқы аптасында ТТГ концентрациясы
біртіндеп төмендейді, ал
тироксин мен трийодтиронин концентрациясы жайлап төмендейді.
Өмірінің алғашқы жарты жылында бездің массасы азаяды, тиреоидты
гормондар концентрациясы төмендейді. 5-6 жаста қалқанша безі жылдам
өседі де, пубертаттық кезеңге дейін өсуі тежеледі, ал пубертаттық кезеңде
оның көлемі тағыда жылдам ұлғаяды.
Баланың жасы өскен сайын
қалқанша безінің фолликулалар саны мен көлемі ұлғаяды,
сондай ақ
коллойд көлемі көбейеді. Гистологиялық құрылымы 15 жастан кейін толық
дамып жетіледі.
Нәрестеде кальцитонин көлемі (ұрықпен салыстырғанда) өте төмен.
Әрі қарай баланың барлық даму кезеңінде секреция деңгейі тұрақты.
Достарыңызбен бөлісу: