Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет63/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Элемент түрі 
Элемент сипаттамасы 
Иллюстрациялар 
Қабыршақ 
Эпидермистің мүйіздік қабатының сылынған пластинкасы. Қабыршықтар 
әдетте сарғыш не сұрғылт түсті. Көлеміне қарай қабыршақтар жапырақ 
тәріздес (қабыршық көлемі 5 мм-ден жоғары), пластинкалы (1-5 мм) және 
кебек тәріздес қабыршақталу (1 мм төмен) болып бөлінеді. 
Сурет 5-12
. Қабыршақ 
Қабық 
Терідегі 
көпіршік, 
пустула 
эксудаттарының, 
ылғалды 
беткейлері 
бөліністерінің кебу нәтижесінде пайда болатын элемент. Қабықтар серозды 
(мөлдір не сұрғылт), іріңді (сары), қанды (қошқыл) болуы мүмкін. 
Эксудативті-катаральды диатезі бар балаларда бетіндегі қабық сүтті 
қабыршақ деп аталады (5-20 сурет). 
 
Сурет 5-13
. Қабық
Эрозия 
Терінің эпидермистегі беткейлі ақауы. Эрозиялар көпіршіктердің, 
күлдіректердің, 
беткейлі 
пустулалардың 
сыдырылуынан; 
терінің 
мацерациясы немесе қажалуынан пайда болуы мүмкін. Эрозиялар тұрақты 
із-түзсіз қалдырмай жазылады. 
 
Сурет 5-14
. Эрозия


96 
Элемент түрі 
Элемент сипаттамасы 
Иллюстрациялар 
Ойық жара 
Эпидермис, дерма және жиі олардың астында жатқан тіндердің тұтастығы 
бұзылатын терінің терең ақауы. Ойық жаралар әртүрлі патологиялық 
үрдістер себебінен дамуы мүмкін: іріңді қабыну (терең пустулалар), 
сондай-ақ өнімді, оның ішінде спецификалық қабыну. 
Ойық жаралар лимфа- және қанайналымдары бұзылыстары, жарақат, 
зақым, күйік, трофикалық бұзылыстар, инфекциялар, ыдыраған ісік кезінде 
және т.б. пайда болады. 
Сурет 5-15
. Ойық жара 
Жарылу 
Сызықты жарылуы түрінде терінің ақауы. Эпидермис деңгейінде беткейлі 
жарылу және дерманың қабаттары деңгейіндегі терең жарылу болуы 
мүмкін. Беткейлі жарылу із-түзсіз жазылады, ал терең ауырсынумен, 
қансыраумен, жазылған соң тыртық қалумен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет