Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет66/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   315
Басқа зерттеулер 
Қажет болғанда бірқатар арнайы әдістер қолданылады, соның ішінде 
тері немесе оның патологиялық өзгерістерінің 
биопсиясы
. Инфекциялық 
зақымдалудың этиологиясын анықтау үшін 
жұғынды, іздер және 
қырынды
алынады. Иммунологиялық реактивтілік туберкулин немесе 
аллергенмен 
терілік аллергиялық сынақ
көмегімен бағаланады.
Сурет 5-22.
Дермографизмді зерртеу 


100 
НӘРЕСТЕЛІК КЕЗЕҢДЕГІ ТЕРІ ӨЗГЕРІСТЕРІ 
Нәрестелік кезеңге тән тері өзгерістері 5-5 кестеде берілген. 
Кесте 5-5.
Нәрестедегі тері өзгерістерінің түрлері
Өзгеріс түрлері 
Анықтамасы 
Физиологиялық 
эритема 
Терінің сәл көгілдір реңті тұрақты гиперемиясы, туған бетті 
пайда болып, 1-2 күнде шыңына жетеді, артынан азайып, 
ұсақ қабыршақталады (жетілмей туғандарда айқындау) 
Токсикалық эритема Папула түріндегі (сирек пустула) полиморфты бөртпелер, 
қызғылт жиекпен көмкерілген, туғаннан кейін 3-5 күнінде 
пайда болып, 2-3 күннен соң ізсіз жойылады 
Тері жамылғысының 
мәрмәрлығы 
Нәрестелерде жиі байқалады, тамырлар тонусының реттелуі 
жетілмегендіктен пайда болады 
Арлекин синдромы 
Нәресте бүйірінде жатқанда денесінің екі бөлігінің түс 
айырмашылығы айқын байқалады, төменгі жартысы 
гиперемияланған, жоғарғысы – боз, ал бөлетін сызығы тура 
дене ортасында. Нәрестенің морфофункционалды 
жетілмегенінде байқалады, бірнеше күн немесе апта 
сақталуы мүмкін 
Монголоидты 
дақтар 
Терінің терең қабаттарында пигменті жасушалардың 
жиналуынан пайда болатын ақшыл-сұр не көгілдір түсті 
дақтар. Негроидты, монголоидты, сирек европоидты нәсілді 
нәрестелердің сегізкөз, санның артқы жақ, сирақ, арқа және 
иық терісінде пайда болады 
Milia 
Ұсақ ақ-сары терідегі өзгерістер (май безінің жылауықтары). 
Балаларда өмірінің алғашқы айларында мұрын терісінде 
және көршілес бет аймақтарында байқалады 
Нәрестенің 
физиологиялық 
сарғаюы 
Көбіне нәрестелерде өмірінің 2-3-ші күнінде пайда болады 
және 7-10 күні жойылады. Ол эритроциттер жоғары 
ыдырауынан және байланыспаған (бос) билирубинді 
байланысқанға (еритін) айналдыратын бауыр ферменттер 
жүйесінің (глюкуронилтрансфераза жетіспеушілігі) 
жетілмегендігінен пайда болады 
Тербөртпе
Балаларда тым қызып кеткен жағдайда тері булануының 
бәсеңдеуінен пайда болатын дерматоз, ол тер бездері 
өзектерінің бітелуін және денеде шеткі көмкерілуі жоқ 
көптеген мөлдір көпіршіктерімен сипатталады 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет