Сурет 5-29.
Иценко-Кушинг
синдромымен ауыратын қыз
балада көптеген стриялар
107
жарақаттан
және
отадан
кейінгі
тыртықтар
анықталады,
кейде
келлойдты
өзгеріске
трансформацияланады.
Таралған
фиброзды-атрофиялық
ошақтар
склеродермияға тән.
Жыныстық
жетілу
кезінде
(әсіресе қыздарда)
ішінің төменгі
жартысында, санының, бөксесінің, сүт
бездерінің
терісінде
ақ
жолақтар
(стриялар) пайда болады.
Әдетте олар
терінің
қатты
созылуынан
және
дәнекер
тінді
талшықтардың
жыртылуынан пайда болады.
Иценко-Кушинг
ауруында
не
синдромында,
ұзақ
глюкокортикоидтармен
емделген
науқастарда аталған тыртыққа ұқсас,
жалпақтау
және терең, күлгін түсті
тыртықтар пайда болады (сурет 5-29).
ТЕРІ ҚАНТАМЫРЛАРЫНЫҢ ӨЗГЕРІСІ
Бастың шашты бөлігінде венозды торының кеңеюі гидроцефалияда
байқалады, ал арқаның жоғарғы бөлігінде –
бронхопульмональдық лимфа
түйіндерінің ұлғаюында. Кеуде қуысында веноздық суретінің айқындалуы
созылмалы бронх-өкпе ауруларында, іштің алдында «Медуза басы»
түрінде – қақпа венасы жүйесіндегі іркілуде,
бауыр циррозында пайда
болады.
Телеангиэктазиялар
– жергілікті капилярлардың шамадан тыс
кеңеюі.
Даму аномалиясы, сондай-ақ патологиялық үрдіс нәтижесі
(қанайналым жетіспеушілігінде, иондаушы сәулелер әсерінен және т.б.)
болуы мүмкін.
Тері капилярлары тамырлы жұлдызшалар қалыптастыруы мүмкін
(сурет 5-30). Оларды жиі бауырдың созылмалы
ауруы бар балаларда
байқауға болады, қызыл (бауырлық) алақан және табанмен қосақталады.