Оқулық «гэотар-медиа»


Сурет 5-23. Нәрестедегі  жаялық дерматиті  101



Pdf көрінісі
бет67/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Сурет 5-23.
Нәрестедегі 
жаялық дерматиті 
101 
Жаялық дерматиті 
Жаялықты немесе памперстерді дұрыс қолданбағанда 
физикалық, химиялық, ферментативтік және микробтық 
факторлардың әсерінен туындайды. Ең жиі орналасатын 
аймақтары – шап және сан терісі (сурет 5-23) 
ТЕРІНІҢ ЗАҚЫМДАЛУ
СЕМИОТИКАСЫ 
Терінің боздығы 
Дені сау балада терінің боздығы 
теріасты 
қантамырларының 
толық 
жетілмеуінен немесе терең орналасуынан 
болуы мүмкін. 
Терінің, 
көз 
көрінетін 
сілемей 
қабаттарының және конъюктивалардың 
диффузды 
боздығы 
анемияларда 
байқалады. Бірақ ол шеткі қанайналым 
бұзылысынан болуы мүмкін: аортальды 
жүрек 
ақауы, 
гипертониялық 
кризі, 
бүйрек ауруы бар науқастарда шеткі 
артериолалар спазымына бейімділігімен,
сондай-ақ жедел тамыр жеткіліксіздігінде 
(коллапс, 
естен 
тану) 
ішкі 
ағзалар 
тамырларында 
қанның 
жинақталуы 
себебінен организмде қанның дұрыс 
таралмауымен негізделеді. 
Анемиямен бірге жүретін кейбір ауруларда, тері өзіндік реңкті 
болады: боз-жасылдау (алебастрлық) хлорозда; жер реңкті боздық залалды 
ісіктерде; кірлеу-сары (сүтті кофе) инфекциялық эндокардитте. 
Тері гиперемиясы 
Тері гиперемиясының екі негізгі себептері бар. 

Шеткі қантамырларының кеңеюі: 
- қызба жағдайында; 
- тым қызып кеткен жағдайда; 


Сурет 5-24.
Манту реакциясы. 
Папула және терінің жайылмалы 
гиперемиясы көрінеді 
Сурет 5-25.
Туа біткен 
пигментті невус 
102 
- вазодилятаторлар қабылдағанда; 
- терінің қабыну өзгерістерінде; 
- күйіктен кейін; 
- нервті-психикалық қозғанда; 
- физикалық жүктемеде. 

Қанның көлем бірлігінде Нв және 
эритроциттердің деңгейі жоғарылағанда 
(эритроцитоз, полицитемия), бұл кезде 
өзіне тән терінің қоңыр-қызыл реңк сәл 
көгілдірлікпен бірігеді. 
Терінің 
қызаруы 
көмірқышқыл 
газымен, метил спиртімен, антифризбен, 
атропинмен, 
опиоидты 
құрылымды 
заттармен уланғанда пайда болады. 
Бет терісінің шектелген гиперемиясы 
(«матрона беті») экзогенді және эндогенді 
Иценко-Кушинг синдромдарына тән. 
Жергілікті гиперемия терінің және оның 
астындағы тіндердің қабынуында пайда 
болады (сурет 5-24). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет