Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет69/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   315
Орталық цианоз 
Орталық цианоз тыныс жетіспеушілігімен жүретін тыныс жолдары 
патологиясында, өкпеде қан оксигенациясының жеткіліксіздігінен пайда 
болады. Аурудың ерте кезеңдерінде ерін, тіл, қатты таңдай және дененің 
шеткі аймақтары көкшіл реңкті болады, кейін цианоз диффуздыға көшеді 
(сирақтары сипағанда жылы). 
Диффузды (тоталды) цианоз дамиды: 


105 
- өкпенің тыныс алу беті азайғанда (пневмония, ателектаз, өкпе даму 
ақаулары); 
- жоғарғы тыныс жолдарының (асфиксия) және бронхтардың 
өткізіштігі бұзылғанда (бронхиальды демікпе, обструктивті бронхит); 

оттегінің 
альвеолярлы-капилярлы 
диффузиясы 
қиындағанда 
(пневмосклероз, саркоидоз, альвеолит); 
- плевра қуысында сұйықтық немесе ауа жиналғанда; 
- тыныс бұлшық еттерінің әлсіздігінде. 
Өмірінің бірінші жылындағы балада диффузды цианоз ОЖЖ 
зақымдалғанда (ми қанайналымы бұзылғанда, тырысуларда), асфиксияда, 
тыныс бұзылу синдромында, тыныстану бұзылғанда (ателектаз, круп, 
аспирация және т.б.) пайда болады. 
Айқындау қара-көк немесе күлгін реңкті цианоз кейбір қанның 
артерио-веноздық ұштасуымен жүретін туа біткен жүрек ақауларында, 
үлкен қанайналымына веналық қан түскен жағдайларда пайда болады. 
Қара-шие немесе қызыл-күрең реңкті цианоз бала қанында Нв 
патологиялық түрінің деңгейі жоғарылауын көрсетеді, оның себебі 
анилинмен 
уланғанда, 
туа 
біткен 
метгемоглобинемияда, 
сульфаниламиндтерді және сульфапириндерді қолданғанда, нитраттар 
және нитритттер көлемі жоғары тағамды және суды пайдаланғанда 
(метгемоглобин концентрациясы жоғарылайды). 
Жалпы цианоз капилярлар стазы нәтижесінен (шок, күрт сусыздану, 
бүйрек үстінің қансырауы кезінде және т.б.) пайда болады. 
Жалпы цианозды эпилепсия ұстамасында байқалуы мүмкін. Егер 
тырысулары байқалмаса, онда цианозбен қоса есінен тану эпилепсияның 
бір ғана диагностикалық белгісі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет