Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет178/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Асқазан 
Нәрестелердің асқазаны кіші көлемді, салыстырмалы функционалды 
жетілмеген; жоғары орналасқан, бойы мен жасы өскен сайын төмен түседі. 
Сәби балаларда асқазан горизонтальді бағытта орналасқан, ал жүре 
бастаған кезде ол біртіндеп вертикальді бағытқа ауысады. 
Нәрестелер асқазанының кардиальді бөлімі, түбі және пилорикалық 
бөлімі сараланбаған, ал асқазан қалтқысы кең. Асқазанның кіреберіс бөлігі 
көкеттің үстінде орналасқан, өңештің абдоминальді бөлігі мен оған іргелес 
жатқан асқазанның түбі қабырғасы арасындағы бұрыш айқын емес. 
Губарев қатпары (шырышты қабатының қатпарлары өңеш қуысына батып 
тұрады және тағамның кері ағуына тосқауыл болады) әлі қалыптаспаған 
(өмірінің 8-9 айына қарай дамиды), кардиальді сфинктер функциясы толық 
жетілмеген, керісінше кардиальді бөлімі қызметтік жағынан туылғаннан 
бастап жақсы дамыған. Көрсетілген ерекшеліктер асқазандағы тағамды 
өңешке кері түсуін және оның шырышты қабатының пептикалық 
зақымдалуын негіздейді. Сондай-ақ баланың бірінші жасында лоқсу және 
құсуға бейім болуы көкет аяқашаларының өңешті тығыз қысып 
ұстамауына, сонымен қатар асқазанішілік қысымның жоғары болуынан 
иннервациясының бұзылысына байланысты. Құсу дұрыс емес емізгенде 
ауа жұтудан (аэрофагия), тілдің қысқа жүгенінен, ашығып сорудан немесе 
ана омырауынан сүт тез бөлінгеннен болады. 


258 
Өмірінің алғашқы аптасында асқазан түбі жатқан жағдайда антральді-
пилорикалық бөлімінен төмен орналасады, сондықтан аспирацияны 
ескерту үшін емізіп болған соң горизонтальді жағдайда ұстамау керек. 7-11 
жас аралығында асқазан пішіні ересектердікіндей болады.
Нәрестелер асқазанының анатомиялық сыйымдылығы 30-35 см
3
құрайды. Физиологиялық сыйымдылық анатомиялыққа қарағанда кішірек 
және өмірінің бірінші күнінде 7-10 мл ғана құрайды. Энтеральді 
тамақтанудың алғашқы 4-ші күнінде 40-50 мл-ге дейін жоғарылайды, ал 10 
күнінде 80 мл-ге дейін жетеді. Кейін асқазанның сыйымдылығы айына 25 
мл-ге жоғарылайды және бірініші жылдың соңында 250-300 мл құрайды
ал үшінші жылы – 400-600 мл. Асқазан көлемінің интенсивті ұлғаюы 7 
жастан кейін басталады және 10-12 жаста 1300-1500 мл-ге жетеді. 
Нәресте асқазанының бұлшық ет қабаты толық дамымаған. 
Нәресте асқазанының шырышты қабаты қалың, қатпарлары биік. 
Өмірінің алғашқы 3 айларында шырышты қабаттың беткейі 3 есе үлкейеді 
(сүттің жақсы қорытылуына жағдай жасайды), ал 15 жасында – 10 есе. 
Асқазан бездері туылған кезде морфологиялық және функциональді толық 
жетілмеген, нәрестелерде оның салыстырмалы саны (1 кг дене салмағына) 
ересектерге қарағанда 2,5 есе төмен. 
Балалардың өмірінің бірінші жылында асқазанның секреторлы 
аппараты жеткіліксіз дамыған және функциональді қабілеті төмен. Сәби 
баланың асқазан сөлінің құрамы ересектердікімен ұқсас: тұз қышқылы, 
химозин (сүтті ұйытады), пепсиндер (ақуыздарды альбумоза және 
пептондарға 
ыдыратады) 
және 
липаза 
(бейтарап 
майларды 
май 
қышқылына және глицеринге ыдыратады).
Балалардың өмірінің алғашқы аптасында асқазан сөліндегі тұз 
қышқылының концентрациясы және оның жалпы қышқылдығының төмен 
болады. Қышқылдың мөлшері сәбилерге қосымша тамақ енгізгеннен кейін 
жоғарылайды, яғни лактотрофты тамақтанудан әдеттегіге ауысқанда. 
Асқазан сөліндегі pН-тың төмендеуімен қатар, сутегі ионының түзілуіне 
қатысатын карбоангидразаның активтілігі жоғарылайды. 2 айлық 
балаларда рН деңгейін негізінен сүт қышқылындағы сутегі ионы, ал 
кейіннен тұз қышқылы анықтайды. 
Протеолитикалық ферменттердің синтезі антенатальді кезеңде 
басталады, бірақ нәрестелерде оның құрамы мен функциональды 
белсенділігі төмен және жас өскен сайын жоғарылайды. Жаңа туған 
балаларда ақуыз гидролизінде бастаушы рольді протеолитикалық 
белсенділігі жоғары болатын фетальді пепсин атқарады. Өмірінің бірінші 
жылындағы балаларда (ересектермен салыстырғанда) бейтарап ортада өт 
қышқылы болмаған жағдайда майлардың гидролизін қамтамасыз ететін 
асқазан липазасының белсенділігі жоғары. 


259 
Нәресте және сәби балаларда асқазандағы тұз қышқылы мен 
пепсиндердің концентрациясы төмен болу себебінен асқазан сөлінің 
қорғаныс функциясы төмендейді, бірақ ана сүтімен түсетін Ig-нің 
сақталуына септігін тигізеді. 
Өмірінің бірінші айларында асқазанның моторлы функциясы 
төмендеген, перистальтикасы әлсіз, газға толған аймағы ұлғайған. Сәби 
балаларда пилорикалық бөліміндегі асқазанның бұлшық ет тонусының 
жоғарылауы мүмкін, оның максималді көрінісі пилороспазм болып 
табылады. Ересек жастағы балаларда кейде кардиоспазм болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет