257
ның герметизациясына көмектесу үшін оны жақ қысады. Баланың төменгі
жағы тілімен бірге
төмен және артқа қарай ығысады, сол себепті ауыз
қуысында теріс қысым пайда болады. Содан кейін ауыз қуысының бос
кеңістігіне
ана
сүті
келеді.
Жаңа
туылған
балаларда
шайнау
аппараттарының барлық элементтері ана сүтін ему процесіне бағытталған:
ерні
пілтұмсық тәрізді, иектік мембрана, таңдайдағы көлденең қатпарлар
және беттегі майлы денелер. Жаңа туылған
балаларда ауыз қуысының
емуге қабілеттілігі – физиологиялық нәрестелік ретрогнатия, ол кейіннен
ортогнатияға айналады. Ему кезінде бала
төменгі жақты алдынан артқа
қарай ырғақты қозғалтады. Буындық төмпешіктің болмауы баланың
төменгі жағының сагиттальді қозғалысын жеңілдетеді.
Өңеш
Туылғанда өңеші қалыптасқан, бірақ
оның анатомиялық тарылулары
айқын емес; олар жасына қарай қалыптасады. Нәрестелерде өңеш
қабырғалары жұқа және бұлшық еттік қабаты толық дамымаған. Сәби
балаларда өңештің шырышты қабаты бездерге кедей болады.
Достарыңызбен бөлісу: