260
Жіңішке ішектің шырышты қабаты жұқа, қан тамырларға бай және
жоғары өткізгіштікке ие (әсіресе өмірінің бірінші жылындағы балаларда).
Нәрестелерде шырышты қабатында жекелеген және топтық лимфалық
фолликулалар терең орналасқан. Бастапқы кезде олар ішектің барлық
аймақтарына жайылады, ал кейіннен лимфалық фолликулалар (пейер
түйіні) топтасқан түрде негізінен мықын ішекте орналасады.
Лимфалық
тамырлары ересектерге қарағанда көп және қуысы кең болады. Жіңішке
ішектен ағатын лимфа бауыр арқылы өтпейді, ал сіңірілу өнімдері бірден
қанға түседі.
Нәрестелерде бұлшық етті қабаты (әсіресе оның бойлық қабаты)
толық дамымаған болады. Нәрестелерде мен сәбилерде шажырқайы қысқа
және бірінші жылы аралығында ұзындығы үлкейе түседі.
Жіңішке ішекте күрделі ыдырау мен сіңірілу процесстерінің негізгі
этаптары өтеді. Сәби балаларда сүтпен қоректену
кезінде мембраналық
асқорыту басым болады.
Жіңішке ішектің секреторлық аппараты туылған уақытында жалпы
қалыптасқан. Тіпті нәрестелердің ішек сөлінде ересектердікімен бірдей
ферменттерді (энтерокиназа, сілтілі фосфатаза, липаза, амилаза, мальтаза,
нуклеаза) анықталуы мүмкін, бірақ
олардың белсенділігі төмен, тек жасы
ұлғайған сайын арта түседі. Ерте жастағы балаларда ақуыз қортылуының
ерекшелігі – шырышты қабат эпителиоциттерінің пиноцитозға жақсы
қатысуы, сондықтан бірінші апталық балаларда сүттегі ақуыз қанға аз
өзгерген күйінде өтеді. Бұл сиыр сүтінің ақуызына антидене түзілуіне
әкелуі мүмкін. Бір жастан асқан балаларда
ақуыз гидролизі арқылы
аминқышқылдар түзіледі.
Бала
өмірінің
бірінші
күнінен–ақ
жіңішке
ішектің
барлық
бөлімдерінің ферменттері біршама жоғары гидролитикалық белсенділікке
ие. Мальтазаның белсенділігі туғаннан-ақ ересектердікіндей біршама
жоғары болады, ал кейіннен сахаразаның белсенділігі арта түседі.
Лактазаның
белсенділігі
жүктіліктің
соңғы
аптасында
жылдам
жоғарылайды. Ана сүтімен тамақтану кезеңінде де жоғары күйінде қалады,
ал 4-5 жасқа қарай біршама төмендейді. Лактазаның ең төмен белсенділігі
ересектерде байқалады. Ана сүтіндегі β-лактозаның сиыр сүтіндегі α-
лактозаға қарағанда баяу сіңіріледі және ішінара тоқ ішекке түседі, ол ана
сүтімен тамақтанатын балаларда грам-оң ішек микрофлорасының
қалыптасуына ісер етеді.
Липазаның белсенділігінің төмен болу себебінен май қорытылуы
ерекше қауырт өтеді.
Сәби балалардың ішектегі ашу
процесі тағамның ферменттік
ыдырауын толықтырады. Бірінші айлық дені сау балаларда ішекте шіру
болмайды.
261
Сіңірілу қабырғалық асқорытумен тығыз байланысты және жіңішке
ішектің шырышты қабатының беткейіндегі жасушалардың құрылымы мен
қызметіне тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: