264
сүйектің қырымен беттесуі де мүмкін. Нәрестенің бауыры дене
салмағының 4%-ын құрайды; ересектерде 2%-ын. Постнатальді кезеңде
бауыр өсуі жалғасады, бірақ дене салмағынан баяуырақ.
Бауыр мен дене массаларының әр түрлі ырғақта ұлғаюына
байланысты 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларда бауырдың шеті оң жақ
қабырға астынан шығып тұрады және қабырға доғасынан 1-3 см төмен
бұғана орта сызығы бойымен пальпацияда сезіледі. 7 жастан бастап
бауырдың төменгі қыры қабырға астылық доғадан шығып тұрмайды және
жалпы жағдайда пальпацияға келмейді; ортаңғы сызық бойымен кіндік пен
семсер тәрізді өсінді аралығының жоғарғы үштен бірінен шықпайды.
Бауыр бөліктерінің қалыптасуы ұрық кезінде басталады, бірақ туғанда
олардың шекаралары анық көрінбейді. Олардың толық дифференциялануы
постнатальді кезеңде аяқталады. Бауыр қан тамырларға бай, соған
байланысты инфекция, интоксикация, қанайналым бұзылыстары кезінде
жылдам үлкейеді. Бауырдың фиброзды капсуласы жұқа. Нәрестелердің
бауыр көлемінің 5%-ы қанжасаушы жасушалар болып табылады, кейіннен
олардың саны тез азаяды. 8 жасқа қарай бауырдың морфологиялық және
гистологиялық құрылысы ересектердікіндей болады.
Достарыңызбен бөлісу: