265
салыстырмалы жоғары деңгейі бірінші жылындағы балаларда өт шығару
жолдарында бактериялық қабынудың дамуын сирек болуын негіздейді.
Әр түрлі заттардың адекватты метаболизмін
қамтамасыз ететін
бауырдың ферменттік жүйесі туған кезде толық жетілмеген. Жасанды
тамақтандыру
олардың
ертерек
дамуын
ынталандыралды,
бірақ
диспропорцияға әкеледі. Туғаннан кейін балаларда альбумин синтезі
азаяды, ол қандағы альбумин-глобулин қатынасын төмендетеді.
Балалардың
бауырында
аминқышқылдарының
трансаминденуі
белсендірек жүреді (ананың қанына қарағанда
туылған кездегі баланың
қанындағы аминотрансферазаның белсенділігі 2 есе жоғары). Сонымен
қатар қайта аминдену үрдістері толық жетілмеген және ауыстырылмайтын
аминқышқылдарының
саны
ересектерге
қарағанда
көп
болады.
Ересектерде олардың саны – 8, сондықтан 5-7 жасқа дейінгі балаларға
қосымша гистидин, ал бірінші 4 апта аралығында цистеин де қажет болып
табылады.
Бауырдың несепнәр түзу функциясы 3-4 айға қарай қалыптасады.
Оған дейін балаларда несепнәрдің төмен
концентрациясымен бірге
аммиактың зәрмен экскрециясы жоғары болуы анықталады.
Нәрестелерде өмірінің алғашқы күндерінде билирубиннің глюкурон
қышқылымен конъюгациялануыны және суда еритін «тура» билирубиннің
түзілуіне
қатысатын
глюкуронилтрансфераза
белсенділігінің
жеткіліксіздігі байқалады.
Бауыр барьерлік қызмет атқарады, эндогенді
және және экзогенді
зиянды
заттарды,
сонымен
қатар,
ішектен
түсетін
токсиндерді
бейтараптайды және дәрілік заттардың метаболизіміне қатысады. Ерте
жастағы балаларда бауырдың зиянсыздандыру функциясы толық
дамымаған.
Әдетте нәрестелердің өт қабығы бауырмен жабылған, пішіні әр түрлі
болуы мүмкін. Оның көлемі жас ұлғайған сайын өседі және 10-12 жасқа
қарай ұзындығы шамамен 2 есе артады. Өт бөлінуі ересектерге қарағанда
нәрестелерде 6 есе кем.
Достарыңызбен бөлісу: