266
тез тойыну және асқазанның толуы болуы мүмкін. Іштегі ауырсыну кезінде
олардың сипаттамасын анықтау керек:
Локализация (мектеп жасына дейінгі балалар ішінің ауырсынуы
кезінде заңдылық бойынша кіндік аймағын көрсететеді).
Иррадиация (зақымдалған мүшеден проекциясынан тыс берілуі).
Сипаты (ұстамалы, тұйық, сыздаған, тартатын, өткір және т.б.).
Мерзімділігі (ауру сезімі мен өзін жақсы сезінудің кезектесуі).
Маусымдылығы (көктем-күз мезгілінде ауырсынудың болуы немесе
өршуі).
Қабылданған астың сапасы мен көлеміне байланысы.
Пайда болу уақыты (ас
қабылдау кезде, ерте – астан 30-60 мин
кейін, кеш – астан 1,5-3 сағаттан кейін, аштық – астан 6-7
сағаттан
кейін және ас қабылдаған соң басылады; түңгі – сағат 23 пен 3-тің
аралығында және ас қабылдаған соң басылады).
Ауырсынуды басытын дәрілік заттарды қабылдау.
Лоқсу және құсу
Лоқсу
– әлсіздікпен, кейде жартылай
естен тануға дейінгі бас
айналумен, тері жамылғысының бозаруымен,
сілекей бөлінумен қатар
жүретін эпигастрий аймағында жағымсыз сезімдер.
Құсу
– асқазанның құрамындағы заттардың сыртқа шығарылуы. Кіші
жастағы балаларда құсудың ерекшелігі – құрсақ тығыршығына күш
түспеуімен өтетін құсу. Анамнез жинау барысында құсудың сипаттамасын
анықтау керек, оның пайда болу уақытын (таңертең аш қарынға,
тамақ
қабылдаған соң, 1,5-2 сағаттан кейін, ауырсынудың шыңында),
жиілігін;
жеңілдік әкелетіндігін анықтау. Құсық массасының көлемі, иісі, түсі,
консистенциясы, құрамындағы тамақ қалдығы
мен аралас қосындылар
болуы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: