киратушы күш ретінде сипаттайды. «Кена-Упанишадтағы» интеллектуалдык пайымдауларда болмыс сезім мен ақыл-ой аркылы кабылданбайтын, бірак өз формаларының накты көрінісі арқылы оның бар екендігін түжырымдауға болатын - Брахман деп түсіндіріледі. Егер оның формалары болса, онда оның мәні де бар, — деп түйіндейді аскеттер. Ал мәнділік деген не? Бұл сүраққа Удалака былайша жауап береді: «Барлық ... жаратылыстың түбірі Мәнділікте, түрағы Мәнділікте, сүйеніші Мэнділікте». «Бхагавадгитада» мифтік Кришна Брахман деп аталатын мэнділік түріндегі болмыс туралы айта келіп, шынайы болмыс пен өткінші болмыстың айырмашылығын дәл көрсетеді. Кришна үшін шынайы болмыс - Жоғарғы Брахман - мэңгілікке оранған болмыс. Оның басталуы да, аныкталуы да болмайды, 101
оны ешкім туғызбайды, ол бүзылмайды және оның мэні бүкіл әлемді жэне одан тыс нәрсені де алып жатыр. Брахман - жалғыз, ол бір мезетте мэнді де мәнсіз, ол мэңгілік жэне шексіз. «Бүл бүкіл элемнің өн бойын қамтитын нәрсе, ешқашан да бүзылмайды. Тек денелер ғана өткіншінің бейнесі. Ол болса — мэңгілік. Өлшенбейтін, ол ешқашан да өлмейді». Брахман түріндегі болмыс туралы идея шрамандардың ең алғаш әлемнің мифологиялық картинасына деген сенімді жоғалтканда ең алғаш халық алдына шыккандағы рационалдык принципі болды. Ертедегі Үнді аумағындағы ұлы өзгерістер тұсында, бір мифологиялық түсініктің орнына екіншісі келіп, бірак өздерінің қүдайларына деген сенімді жоғалтып жэне де жаңа өзге халықтардың экелген қүдіретіне сенбестік білдіріп, адамның өмір қамына катысты маңызды мэселелер шешімін таба алмай жатқан кезінде адамзат ақыл-