Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет100/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   120
Өсімдік объектілері: спиртте фиксацияланған қоян саумалдықтың 
(Oxalis acetosella) жапырақтары, майсаумалдық қоянжем (Maian- 
themum bifolium), өгейшөп (Tussilago farfara), кәдімгі түймешетен 
(Tanacetum vulgare), осы өсімдік түрлерінің кептірілген үлгілері; 
үшжапырақ субеделердің (Menyanthes trifoliata) немесе айырдың 
(Acorus calamus), қызылбас беденің (Trifolium pratense), кәдімгі 
қазтабанның (Po- tentilla anserina), күрең бозкілемнің (Sedum telephium), 
көкшұнақ бетегенің (Festuca valesiaca) немесе қылтан селеудің (Stipa 
capillata) тірі, спиртте тұрған және (немесе) кептірілген өсімдіктері. 
Жұмысты орындау тәртібі 
1. Өсімдіктердің кептірілген үлестірмелі материалы және тірі бөлме 
өсімдіктері (гелиофиттер және сциофиттер) мысалында гелиофиттер 
мен сциофиттер жапырақтарының сыртқы құрылымын зерттеңіз.
2. Гелиофиттер мен сциофиттер жапырақтарының көлденең 
кесінділерін салыстырыңыз. Жапырақ алақанының салыстырмалы 
қалыңдығын, эпидерманың және сірқабықтың даму деңгейін, бағаналық 
және кеуекті мезофилдің ара қатынасын, жасушааралықтардың санын 
белгілеңіз. 


176 
3. Жарықсүйгіш және көлеңкесүйгіш өсімдік жапырақтарының бет 
ауданының бірлігіне келетін саңылаулар мен талшықтардың санын 
салыстырыңыз. 
4. Жапырақтардың анатомиялық құрылымының ерекшеліктеріне 
сүйене отырып, гелиофиттер мен сциофиттерді айқындаңыз. 
5. Түрлі экологиялық топтардың өсімдіктерінің: ксерофиттердің 
(қылтан селеу, көкшұнақ бетеге), мезофиттердің (қызылбас беде), 
гидрофиттердің (үшжапырақ субеделер, айыр), гигрофиттердің (кәдімгі 
қазтабан) вегетативтік мүшелерін (тамыр, сабақ және жапырақ) көзбен 
және бинокулярмен мұқият қарап шығыңыз. Жапырақтардың 
пішіндерін және сабақтардың ерекшеліктерін, олардың өлшемдерін
түктіліктің бар болуын, тамыр жүйелерінің даму қарқындылығын 
белгілеңіз. 
6. Әрбір экологиялық топ бойынша субстраттың ылғалдығына 
қатынасы бойынша өсімдік жапырақтарының көлденең кесінділерінің 
уақытша препараттарын дайындаңыз және олардың ерекшеліктерін 
белгілеп салыстырыңыз. 
7. Тірі бөлме өсімдіктері мен өсімдіктердің кептірілген үлгілерін 
қараңыз және суға қатынасы бойынша оларды түрлі экологиялық топтар
бойынша бөліңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет