Комплементарлық әсері Мақсаты: Арпа өсімдігінде және дрозофила шыбынының көзі түсінің тұқым қуалауын зерттеу барысында гендердің комплементарлы әрекеттесуімен танысу.
Құрал-жабдықтар:
Черниговский 5 арпа сортының 20-30 масағы
Ата-аналық ретінде алынған Винер арпа сортының 20-30 масағы.
Ғ1 ұрпақ буданының 20-30 масағы.
Ғ2 ұрпақ буданының 60-80 масағы.
Дрозофила шыбыны көзінің түсі қызыл түрі және көзінің түсі қоңыр мен көзінің түсі ашық қызыл линиялары.
Тапсырмалар: Студенттерді гендердің комплементарлы типті әрекеттесуімен таныстыру.
Ата-аналық өсімдіктерді керекті белгілері бойынша зерттеу.
Белгілердің Ғ1 ұрпақта тұқым қуалау ерекшеліктерін анықтау.
Дрозофила шыбынының Ғ1 ұрпақта тұқым қуалау ерекшеліктерін анықтау.
Белгілердің Ғ2 ұрпақта алынған белгілердің ажырауынан алынған мәліметтердің теориялық күтілімге сәйкестігін анықтау.
Тапсырмаларға түсініктеме: Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің: комплементарлық, эпистаздық, полимериялық жәнегендердің көпжақты әсері сияқты 4 типі бар.
Комплементарлық әсері. Комплементарлы жағдайда доминантты гендер бір генотипте болса (АаВв; ААВВ), олар бірін-бірі толықтыра отырып, жаңа белгінің дамуын қамтамасыз етеді. Ал гендер әр генотипте (ААвв және ааВВ) жеке болатын болса, жаңа белгінің түзілуі жүрмейді. Сонымен гендердің комплементарлық әсері өздері генотипте бірге болған кезде жаңа белгінің дамуын қамтамасыз ететін доминантты гендердің әсерін айтады. Бұл құбылыс өсімдіктер мен жануарларда жиі кездеседі. Гендердің комплементарлы әсері кезінде Ғ2 ұрпақ белгілерінің ажырауы мынадай сан қатынасында: