Тапсырмаларға түсініктеме: Эпистаздық әсер Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір геннің әсерінен екінші ген тұншығады. Мысалы, А>В және В>А; а>В немесе в>А, т.б. Осындай құбылыс эпистаз деп аталады. Тұншықтырушы гендерді супрессор немесе басытқы (ингибитор) деп атайды. Оны S немесе І әрпімен белгілейді.
16-сурет. Доминантты эпистас
Эпистаз екі типке бөлінеді: доминантты және рецессивті. Мысалы, жуаның бояусыз жуашықты екі түрін будандастыру нәтижесінде алынған буданның жуашығы да бояусыз болады. Бірінші ұрпақтың буданын бір-бірімен тозаңдандырғанда, екінші ұрпақта боялмаған жуашығы бар өсімдік, боялған өсімдік алынады.
Доминантты эпистаз кезінде белгілердің фенотип бойынша ажырауы 12:3:1 қатынасына тең. Мысалы, жылқының терісінің түсі екі түрлі болып келеді: сұр түсті доминантты С гені бақылайды, ал қара түсі доминантты В-гені анықтайды. Будандастырғанда ата-аналық жылқылардың генотипі ССbb (сұр) х ссВВ (қара), ал бірінші ұрпақ буданының генотипі Ғ1 СсBb болады. Доминантты С гені қара түсті анықтайтын В генінің көрінуін басып тастайтындықтан, бірінші ұрпақ фенотип жағынан сұр болады. Сұр түсті бірінші ұрпақ буданын бір-бірімен будандастыру (СсBb х СсBb) жүргізгенде, екінші ұрпақта белгілердің фенотип бойынша ажырауы 12 сұр : 3 қара : 1 жирен түсті құлындар алынады. Кейбір белгілердің тұқым қуалауы рецессивті гендердің рецессивті эпистаздың әсерінен жүруі мүмкін. Ондай жағдайда екінші ұрпақта белгілердің ажырауы 9 : 7 немесе 9: 3 : 4 сан қатынасына дәл келеді.
Бақылау сұрақтар және есептер:
Эпистаз деген не?
Эпистаздың түрлеріне мысал келтір.
Доминантылық құбылыстың эпистаздан қандай ерешелігі бар.
Доминантты эпистаз кезінде белгілер қандай сан қатынасында ажырайды. Мысал келтір.
Рецессивті эпистаз кезінде белгілер қандай сан қатынасында ажырайды. Мысал келтір.