Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет52/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   123
2-есеп. Ақ гүлді хош иісті бұршақ өсімдігін, қара қошқыл гүлді бұршақ өсімдігімен шағылыстырғанда қара қошқыл және ақ гүлді бұршақ өсімдіктер алынған. Мұны қалай түсіндіруге болады? Ата-аналық өсімдіктердің генотиптерін анықтаңдар.
Берілгені: Гүл түсінің тұқым қуалауы.

Р ♀ ақ Х ♂ қара қошқыл


Ғ1 қара қошқыл: ақ


Шешуі:

  1. Ғ1ұрпақтағы ажырау, ата-анасының біреуі гетерозигота екенін білдіреді.

  2. Белгілер екі генмен анықталады. Гендердің өзара әсері комплементарлы, себебі тәжірибеде белгілердің ажырауы : қатынасында ата-аналық даралардың біреуінде 4 типті гаметалар түзіледі деп болжауға болады. Сонда дигетерозигота СсРр, екіншісі 2 типті гамета түзіп, бір ген бойынша гетерозигота. Оның генотипі – Ссрр немесе ссРр.




гаметалар

СР

Ср

сР

ср

Ср

ССРр

ССрр

СсРр

Ссрр

ср

СсРр

Ссрр

ссРр

ссрр

фенотипі СсРр – қарақошқыл, басқалары – ақ генотиптері СсРр – қара қошқыл, Ссрр – ақ немесе ссРр.
Есептер:
1-есеп. Құндыздың жабайы типіне тән болып келетін терісінің қоңыр түсі екі доминантты ген А мен В анықтайды. Осы екі геннің біреуінің рецессивті аллельді гені бойынша гомозиготалы болса, сұр түс береді. Екі сұр түсті құндыздарды будандастырғанда Ғ1-гі ұрпақтың барлығы да қоңыр болып шығады. Ата-аналық жұптың генотиптерін және Ғ2 де болатын ажыраудың сипатын анықтаңыздар.
2-есеп. Сұлы тұқымының қара түсін доминантты А гені, ал сұр түсін доминантты В гені анықтайды. А гені В геніне эпистазды, яғни А ген бар жерде В гені қызмет атқармайды. Зиготада доминантты гендердің екеуі де жоқ болса, тұқымның түсі ақ болады. Мына төмендегі гендері бар өсімдіктер дәндерінің түсін анықтаңыздар: а) аа Вв; ә) аа вв; б) Аа вв; в) АаВв; г) ааВВ; ғ) АА Вв; д) АаВВ.
3-есеп. Мына төмендегідей будандастырылуда алынатын тұқымдарының түстерін анықтаңыздар:
а) ааВВ х ааВв; ә) ааВв х аавв; б) Аавв х Аавв; в) АаВв х Аавв; г) ААвв х ааВв; ғ) АаВВ х АаВВ.
4-есеп. Қара тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті ақ түстімен будандастырғанда дәндердің жартысы қара, жартысы ақ болып шыққан. Ата-аналықтың генотиптерін анықтаңыздар.
5-есеп. Қара тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті будандастырғанда 3:1 қатынасындай болып қара және сұр түсті дәндер алынған. Ата-аналықтың генотиптерін анықтаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет