Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет49/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

4-есеп. Ақ гүлді бұршақ өсімдігін, қара қошқыл гүлді бұршақ өсімдігімен будандастырғанда, ұрпағында 109 ақ гүлді және 67 қара қошқыл гүлді өсімдіктер алынған. Аталық және аналық өсімдіктердің генотипін анықтаңдар, будандастыру нәтижесін түсіндіріңдер.
5-есеп. Ақ беде өсімдігінің ішінде цианиді көп және аз болатын түрлері кездеседі. Цианиді көп түрі, цианиді көп түріне қарағанда доминантты қасиет көрсетеді, яғни моногенді тұқым қуалайды, себебі бір аллель жұбы анықтайды. Құрамында цианиді аз екі бедені өзара будандастырған кезде, Ғ1 буданында цианид көп болады да, Ғ2 кезінде ол белгі ажырайды – өсімдіктердің 9/16 бөлігінде цианиді көп, 7/16 бөлігінде аз болады. Аталық, аналық және ұрпақ өсімдіктердің генотипін анықтаңдар?
6-есеп. Үй қоянының жүнінің түсі көгілдір, қара және ақ болады. Көгілдір түсті үй қояндарын ақ түстілерімен шағылыстырғанда Ғ1 будандарының бәрі қара болады. Бірінші ұрпақ буданын бір-бірімен шағылыстырғанда Ғ2 ұрпақта белгілер: 9/16 қара түсті; 3/16 көгілдір түсті; 4/16 ақ түсті қатынаста ажырайды. Аталық, аналық және ұрпақ қояндарының генотипін табыңдар.
7-есеп. Көгілдір түсті тотықұсты сары түсті тотықұспен шағы-лыстырғанда Ғ1 будандарының бәрі жасыл түсті болды. Ғ2 кезінде белгілер 4 фенотиптік класқа ажырайды: 9 жасыл түсті: 3 көгілдір: 3 сары : 1 ақ. Ата-аналық құстардың ұрпақтарының генотипін анықтаңдар.
8-есеп. Қара қошқыл гүлді жоңышқа өсімдігін сары гүлді өсімдікпен будандастырғанда бірінші ұрпақта барлық өсімдіктердің гүлі жасыл болған. Ғ1-дегі будандарды өздігінен тозаңдандырғанда белгілер: 890 жасыл гүлді; 311 қара қошқыл гүлді; 306 сары гүлді; 105 ақ гүлді қатынаста ажыраған.Ата-ананың және ұрпақтың генотипін анықтаңдар.
9-жұмыс


Тақырыбы: Эпистаз
Мақсаты: Жуаның бояусыз формаларын шағылыстыру кезіндегі белгілердің эпистаздық әрекеттерімен танысу.
Құрал-жабдықтар: жуаның бояусыз жуашық формасы және жуашығының бояуы бар формасы. Эпистазға арналған өсімдіктердің және жануарлардың шағылыстыру үлгісінің кестесі.
Тапсырмалар:

  1. Жуашығы бояусыз екі пияз өсімдігін шағылыстырылса, Ғ1 будан өсімдіктерінің түсі бояусыз болса, Ғ2 ұрпақ белгілерінің түсін және ажырау сипатын шағылыстыру үлгісін жазып көрсетіңдер.

  2. Сұр түсті биені қара түсті еркек жылқымен (айғырмен) шағылыстырса, Ғ1 ұрпағында алынған құлындардың түсі қандай болады. Осы ұрпақта алынған жылқыларды өз-өзімен шағылыстырғанда Ғ2 ұрпақта сұр, қара және жирен құлындар алынған. Шағылыстырудың үлгісін жазып, эпистаздың қай типіне жататынын анықтаңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет