1-есеп. Ақ жемісті асқабақ өсімдігін өзара будандастырғанда Ғ1 – ұрпақтан - 67 өсімдік ақ жемісті 19 сары және 6 жасыл жемісті өсімдіктер алынған. Алынған нәтижелерді түсіндіріңдер, ата-аналық өсімдіктердің генотипін анықтаңдар. Егер ата-аналық өсімдікті Ғ1 - ұрпақта алынған жасыл өсімдікпен будандастырса, қандай ұрпақ алынады ?
Берілгені: Асқабақ өсімдігі жемісінің түсінің тұқым қуалауы
Р ♀ ақ Х ♂ ақ
↓
Ғ1 67 ақ
19 сары
6 жасыл
барлығы ─
92
Шешуі:
Ғ1 – ұрпақта белгілердің ажырауы байқалғандықтан ата-аналық өсімдіктер гетерозигота.
Белгілердің ажырауы моногибридті шағылыстыруға сәйкес келмегендік тен, біз дигенді тұқым қуалауға жатқызамыз. Бір гаметаның үйлесу мөлшерін табамыз – 92 : 16 = 5,75.
Тәжірибедегі белгілердің ажырауы – 67 : 5,75 = 11,6; 19 : 5,75 = 3,3; 6 : 5,75 = 1 немесе 12 : 3 : 1 қатынасында. Х2 әдісіне салғанда (Х2 = 0,25, Р > 0,80) теориялық күтуімен сәйкес. Сонымен асқабақ жемісі түсінің тұқым қуалауы екі геннің өзара әсерін доминантты эпистаз типіне сәйкес жүреді. Мұнда А – түсті тұншықтырушы, ол генотип – ақ түс, ақ – түсті «белгілеуші» В – сары түсі, в – жасыл түс. Екі түстің көрінуі тек а – аа сары аавв– жасыл аллельдің аллельдің қатынасында көрінеді.
Ата-аналық өсімдіктердің жемісі ақ болғандықтан, олардың генотипінде А аллельі бар. Ал ұрпағында сары жемісті асқабақтың шығуы ата-аналықтың генотипінде В аллельінің қатысуын көрсетеді. Ал жасыл түстің пайда болуы ата-аналық өсімдіктердің генотипі гетерозигота екенін білдіреді. Сонымен ата-аналық өсімдіктердің генотипі – АаВв.
3. Белгілердің ажырау сипаты А және В гендері бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайтынын көрсетеді.
4. Дигетерозиготалы (АаВв) аналық өсімдікті жасыл (аавв) өсімдікпен будандастыруды талдаушы дейді. Талдаушы будандастыруда әрқайсысы (25%) ықтималдықпен төрт генотиптік класс түзіледі: АаВв, Аавв, ааВв, аавв. Генотиптері АаВв және Аавв жемісі ақ болып, Ғт – 2 ақ : 1 сары : 1 жасыл өсімдіктер шығады.
Жауабы: Асқабақ жемісінің түсі екі генмен бақыланады, гендердің өзара әсері доминантты эпистаз бойынша жүріп, 12:3:1 қатынасында ажырайды. Гендер бір-бірімен тәуелсіз тұқым қуалайды.
Ата-аналық өсімдіктердің генотипі АаВв.
Ата-аналық өсімдікті жасыл өсімдікпен шағылыстырғанда Ғ1 ұрпақта белгілердің ажырауы – 2 ақ : 1сары : 1 жасыл.