10-жұмыс
Тақырыбы: Полимерия
Мақсаты: Жүгері өсімдігінде (сабағындағы дән қатарларының) тұқым қуалауының зерттеу барысында гендердің полимериялық әрекеттесуімен таныстыру.
Құрал-жабдықтар:
1. Жүгерінің аналық сортының бірнеше өсімдігі (1-4)
2. Жүгерінің аталық сортының бірнеше өсімдігі (1-4)
3. Ғ1 ұрпақ өсімдігі (3-5)
4. Ғ2 ұрпақ өсімдігі (10-2)
Тапсырмалар:
1. Полимерия құбылысымен танысыңдар.
2. Ата және аналық жүгері өсімдіктері сабағындағы дән қатарының санын анықтау.
3. Ғ1 ұрпақ өсімдік сабағындағы дән қатарының санын анықтау.
4. Ғ2 ұрпақ өсімдік сабағындағы дән қатарының санын анықтау.
Тапсырмаларға түсініктеме:
Егер гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір белгінің көрінуіне екі, үш немесе одан да көп гендердің әсері болса, ондай құбылысты полимерия деп атайды. Мұндай гендерді полимерлік гендер дейді. Оларды бірдей әріптермен белгілейді, бірақ индексі өзгеше болады. Мысалы, А1А1 А2 А2 немесе а1 а1 а2 а2, А1 А1 А2 А2 А3 А3 немесе а1 а1 а2 а2 а3 а3.
Полимерлі гендер өсімдіктер мен жануарлардың бағалы сапалы белгілері мен қасиеттерін бақылайды. Мысалы, өсімдік бойының биіктігі, пісу мерзімі, дәнінің орташа салмағы, майлылығы, қанттылығы, нәруыз мөлшері, т.б. Полимерлік гендер қызметіне қарай кумулятивті және кумулятивті емес поли-мерия болып бөлінеді.
Кумулятивті емес полимерия кезінде белгінің дамуы генотиптегі полимериялық гендердің доминантты аллеліне байланысты келеді. Бұл жағдайда белгілердің фенотиптік көрінуіне полимерлік гендердің бір ғана доминантты аллелі жеткілікті болады. Мұнда белгілердің екінші ұрпақта ажырауы 15 :1; 63 :1 қатынасында және полимерлік гендердің жұп санына байланысты болады.
Мысалы, аяғы балақсыз тауық пен аяғы балақты қоразды будандастырғанда, бірінші ұрпақтағы шөжелердің барлығының аяғы балақты болады. Енді бірінші ұрпақ шөжелерін өзара будандастырғанда, екінші ұрпақта (Ғ2) белгілер ажырап, фенотип бойынша шөже балақты, шөже аяғы балақсыз болып туады.
Кумулятивті полимерия кезінде белгінің даму дәрежесі генотиптегі полимериялық гендердің доминанттық аллельдерінің санына тікелей тәуелді болады. Кумулятивті полимерияда екінші ұрпақта белгілердің өзгеру қатары үзіліссіз жүреді. Бұл құбылысқа мысал ретінде жүгері собығының ұзындығының өзгеруі мен бидай дәнінің түсінің өзгеруін және адам терісінің түсін алуға болады. Полимерия құбылысын алғаш рет 1908 жылы швед ғалымы Нельсон-Эле бидай дәні түсінің тұқым қуалауын зерттегенде ашқан. Ол түсі қою қызыл бидай дәні мен ақ түсті бидай дәнін будандастырғанда, бірінші ұрпақта өсімдіктер дәнінің түсі аралық ашық қызыл болған. Ал екінші ұрпақта 64 өсімдіктің ішінде бір ғана ақ түсті дәнді өсімдік, қалған дәндердің түсі қою қызылдан ақшыл қызылға дейін болған.
Сонымен, белгілердің ажырауы 63:1 сан қатынасында жүрген.
А1 А1 А2 А2 А3 а3 – а1 а1 а2 а2 А3 а3 а1 а1 а2 а2 а3 а3
қою қызылдан ақшыл қызылға дейін ақ
қою қызыл ақ
Р А1 А1 А2 А2 А3 А3 Х а1 а1 а2 а2 а3 а3
А1 А2 А3 а1 а2 а3
гаметалар
Ғ1 А1 а1 А2 а2 А3 а3
Р Ғ1 А1 а1 А2 а2 А3 а3 Х А1 а1 А2 а2 А3 а3
Мысалы, адам терісінің түсін аллельді емес екі доминантты ген А1 және А2 анықтайды. Терісінің түсі қою қара адамдардың (негроидтер) генотипі А1 А1 А2 А2 генотипі болса, ақ адамдардың генотипі а1 а1 а2 а2 болып келеді. Ал генотиптері А1 А1 А2 А2 ; А1 а1 А2 а2 ; А1 а1 а2 а2 адамдардың терісінің түсі қарадан – ақшылға дейін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |