Оқулық Сараптамашыға ескерту!


Бақылау сұрақтары мен есептері



бет85/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

Бақылау сұрақтары мен есептері:
1. Адам генетикасының зерттеу әдістерін атап шығыңдар?
2. Әдістердің қайсысы ерте кезден белгілі және оны қандай жағдайда қолданады?
3. Конкордантты және дискордантты деген не?
4. Цитогенетикалық және биохимиялық әдістерді қандай мақсатта қолданады?
5. Адамның тұқымқуалаушылығын зерттейтін әдістерден, генетиканың негізгі әдісі гибридологиялық анализдің қандай ерекшелігі бар?
6. Генотипоскопиялық әдістің басқа әдістерден артықшылығы неде?
Адам генетикасының шежіре әдісіне арналған типтік есептер және оларды шығару жолдары
Шежіре әдісі туралы, оны құрастыру және талдау белгілердің тұқым қуалау типтері туралы толық мәліметтер «Адам генетикасының зерттеу әдістері» тарауында берілген.
1-есеп. Адамда қой көзді белгіні анықтайтын ген, көк көзді белгіні анықтайтын генге қарағанда басым. Әкесі жағынан әжесі мен атасы (5,6) атасының шешесі (3) және атасының әкесінің әке-шешесі (1,2) қой көзді, атасының әкесінің (4) көзінің түсі көк болған. Шешесі жағынан нағашылары әжесінің (11), әжесінің шешесінің (13), әжесінің шешесінің шешесінің (15), көздері көк. Ал атасының (12), атасының әкесінің (14) және атасының әкесінің әкесінде (16) қой көзділік белгі тұқым қуалаған. Ал шешесі (10) мен бір ұлының көздері қой көзді де, әкесі (7) мен екінші ұлының (8) көздері көк. Осы мәліметтерге сүйеніп, ұлдардың шежіресін құрастырып, отбасы мүшелерінің генотипін және тұқым қуалау типін анықтаңдар.
Шешуі: Шежіре құрастырудан және оны сараптаудан басталады. Шежірені құрастыруды пробандыдан (зерттелетін белгінің иелерінен) бастаған дұрыс. Ол үшін ұрпақ деңгейін көрсететін бірнеше тура сызық сызамыз да, төменгі жағына пробандыны орналастырамыз, онан жоғары сызықта ата-анасын көрсетеміз.

__________________________


__________________________
__________________________
__________________________
__________________________

Шежіренің мазмұнына сәйкес оң жағына өз туыстарын, сол жағына нағашыларын орналастырғанда шежіренің толық үлгісі шығады.





Жауабы. 1. Шежірені сараптау барысында адамда қой көзді белгіні анықтайтын ген аутосомды-доминантты типты тұқым қуалайды, себебі әр ұрпақта қой көзді белгі көрініп тұр.



  1. Көзінің түсі көк отбасы мүшелерінің (15, 13, 11, 8, 7, 4) – генотиптері белгілі рецессивті гомозигота (аа). Қой көзді отбасының мүшелерінің (16, 3) генотиптері – доминантты гомозигота (АА), ал (1, 2, 5, 6, 10, 12, 14, 9) генотиптері – гетерозиготалы (Аа) болады.

2-есеп. Шежіре әдісінде көрсетілген символдар мен белгілерді қолданып, өз отбасыңның шежіресінің үлгісін құрастыр. Вертикаль сызыққа ата-аналарды, ал горизонтальға олардың ұрпағын орналастыр.
Үлгіде Сізді қызықтыратын белгісі бар отбасын белгілеп қойыңыз. Шежірені талдап, отбасында белгінің тұқым қуалауын және тұқым қуалау типін анықтаңыз


3-есеп. Шежіредегі тұқым қуалау типін анықтаңдар.

Шешуі: Зерттеліп отырған белгі әр ұрпақ бойы көрініп отырады. Бұл белгінің рецессивті тұқым қуалау типіне жатпайтынын көрсетеді. Екіншіден, белгінің ұрпақ бойына әйелдерде және еркектерде кездесуі голандриялық типті емес екенін белгілейді. Енді белгілердің тұқым қуалау типінің екі түрі қалды, біреуі – аутосомды доминантты, екіншісі – жыныспен тіркескен доминантты. Шежірені сараптағанда ІІ ұрпақтағы еркектің үш қызында зерттеліп отырған ІІІ-1, ІІІ-5, ІІІ-7 белгі бар, бір қызында ІІІ-3 жоқ болып отыр. Бұл белгінің жыныспен тіркесіп тұқым қуалау типіне жатпайтынын көрсетеді. Сонда бұл шежіреде белгінің аутосомды-доминантты типті тұқым қуалауын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет