Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


тарау. Денсаулық сақтаудың медициналық-теориялық және құқықтық негіздері



бет82/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95
7. тарау. Денсаулық сақтаудың медициналық-теориялық және құқықтық негіздері.
Қазақстан Республикасының ата заңында азаматтардың өз денсаулығын қорғауға толық құқығы бар деп көрсетілген. Тұрғындардың денсаулығын сақтау қызметі жергілікті көлемдегі және жоғары сападағы медициналық көмекті беру арқылы жүзеге асырылады. Оны біздің елімізде денсаулық сақтау жүйесі іске асырады.

Денсаулық сақтау дегеніміз – мемлекеттік медицина ұйымдарының тұрғындардың денсаулығын сақтау және күшейту үшін жүзеге асыратын медициналық (емдеу-профилактикалық және реабилитациялық) шаралар жүйесі болып табылады.

Көпшілік мамандар «денсаулық сақтау» мен медицина деген сөздердің мағанасын бірдей деп есептейді. Себебі осы екі сөздің мағанасы да тұрғындардың денсаулығы мен ауруларына байланысты білім мен тәжірибелік жұмыстарды қамтиды. «Денсаулық сақтау» деген түсінік топтық және әлеуметтік деңгейде қолданылады. Сондықтан денсаулық сақтау медицинаның қоғамдық, әлеуметтік қызметі деп қарастыруға болады.

Денсаулық сақтау жүйесі адамзаттың дамуына тікелей байланысты үдеріс және оның даму деңгейінің бір көрінісі ретінде қарастырылады. Қоғам немесе мемлекет ерте дәуірден-ақ денсаулық сақтау қызметін заңды жолға қоюға күш салды. Алайда ХVI ғасырға дейін медицина ісі орталық мемлекет билігінің заңды басқару элементіне айналған жоқ. Медицина мен денсаулық сақтау саласы қазіргі таңда маңызды ғылыми және тәжірибелік бағыт ретінде қалыптасып отыр.

Денсаулық сақтау саласының және медицинаның негізгі міндеті әлеуметтік ортаның адам денсаулығына тигізетін зиянды әсерлерін кешенді түрде зерттеп, оның алдын алуға бағытталған тиімді шараларды ғылыми тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеге енгізіп, тұрғындардың денсаулығын сақтаудың стратегиясы мен тактикасы жасау деп қарастыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет