Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Республикадағы денсаулық сақтау туралы заңдардың орындалу барысы



бет84/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95
Байланысты:
Boleshov KDS Okulyk

7.2. Республикадағы денсаулық сақтау туралы заңдардың орындалу барысы.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғау үрдісін құқықтық тұрғыда реттеу мәселелері Республиканың конститутциясында, кодекстерде және заңдарда жете қарастырылған. Заңдық құжаттар елімізде қалыптасқан әлеуметтік, экономикалық, саяси ахуалына сәйкес жаңадан қаралып, қажетті өзгерістер енгізіліп отырады.

Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы, еңбек ақының ең төменгі шегі қорғалады, отбасы, ана, әке, бала, мүгедек және қартайған азаматтардың құқығын сақтауды мемлекет қамтамасыз етеді. Зейнетақы тағайындау және өзге де әлеуметтік қорғау шараларына кепіл береді. Еліміз тәуелсіздігін алған жылы (1991 жыл) Республика парламентінің «Халықтың денсаулығын қорғау туралы» заңды қабылдауы, тұрғындардың денсаулық жағдайы ең маңызды әлеуметтік мәселе екендігін бірден айқындады. Тәуелсіз Қазақстан егемендігін қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте экономикалық қиыншылықтарды жеңуі тиіс болды. Оны тек шет елдермен экономикалық қарым-қатынасты күшейту жолымен ғана шешу мүмкін еді.

Шекараның ашықтығы және Республика аумағына келуші адамдар санының артуы, отанымыздың санитарлық-эпидемиологиялық бақуаттылығына үлкен қауіп туғызды. Осы мәселені тиімді шешу мақсатында 1994 жылы «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық бақуаттылығы туралы » заңы қабылданды. Еліміздің аумағына шет елдерден алып келіп жатқан сапасыз дәрі-дәрмектердің қозғалысын реттеу және Республикалық фармацевтика өндірісін дамыту үшін 1996 жылы «Фармацевтика өндірісін дамытуды қолдау туралы» заң жарық көрді.

1991-2000 жылдар арасында қалыптасқан ауыр экономикалық жағдай, өндірістердің тоқырауы және жұмыссыздық, кедейшіліктің белең алуы, отбасылардың тұрақсыздығы тұрғындар арасында психикалық аурулардың күрт артуына себеп болды. Психиатриялық көмекпен қамтамасыз етуде азаматтардың негізгі құқықтарын сақтау өзекті мәселеге айналды. 1996 жылы «Психиатриялық көмек және оны көрсетуде азаматтардың құқығын сақтау кепілдігі туралы» заң дүниеге келді. Экономикалық келеңсіздік тұрғындардың арасында жезөкшелік және осыдан туындайтын жыныс мүшесі инфекцияларының артуына алып келді. Тұрғындар арасында сифилис, гонорея, жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы (ЖИТС) аурулары күрт жоғарылап, Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіре бастады. Бұл инфекцияларды ауыздықтау мақсатында 1996 жылы «Инфекциялармен күрестің қосымша шаралары туралы» және «ЖИТС ауруының профилактикасы туралы» заңдар қабылданды.

Экономикалық тоқыраудан денсаулық сақтау жүйесін алып шығу мақсатында бұл салада қайта құру шаралары қолға алынды. 1995 жылы Президенттің «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» жарлығы жарық көрді. 1996 жылы міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылды. Бұл қор 1996 жылдан 1998 жылға дейін жұмыс атқарды. Алайда, еңбек ақы қорынан бөлінетін сақтандыру жарнамасы мардымсыз, ал жергілікті билік орындарының бұл қорға мүгедектер, балалар мен жасөспірімдер және қаратайған азаматтарды әлеуметтік қорғауға бөлуге тиісті қаржысы жеткіліксіз болғандықтан сақтандыру қоры жабылып қалды. Сондықтан тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмекті 1999 жылы құрылған «Медициналық көмекті төлеу орталығы» қаржыландыра бастады. Осы салада жеке меншікті қалыптастыру жұмысы 1991 жылдан бастап жүзеге асырылды. Фармацевтер мен стоматологтар жеке меншіктегі жұмысқа тез бейімделсе, дәрігерлік көмек саласы жеке меншікке баяу өтті. Тек 1997 жылы ғана жартылай автономды отбасылық дәрігерлік топтар пайда бола бастады. Осы бағыттың жұмыс тиімділігін арттыру үшін 1998 жылы «Отбасылық медицина туралы» заң қабылданды.

Экономикалық ахуалдың түзелуі денсаулық сақтау саласын жақсартуға арналған шараларды кеңінен жүзеге асыруға жағдай туғызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет