Оқулық Шымкент 2012 жыл удк


Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді ұйымдастырудың құқықтық негіздері



бет86/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   95
Байланысты:
Boleshov KDS Okulyk

7.4. Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді ұйымдастырудың құқықтық негіздері.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-ІV Кодексінің 3 бөлімі медициналық қызметті ұйымдастырудың құқықтық негіздеріне арналған. Медициналық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңдар тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.

Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынандай түрлері бар:



  1. Медициналық көмек;

  2. Зертханалық диагностика;

  3. Патологиялық-анатомиялық диагностика;

  4. Қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет;

  5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы

саласындағы қызмет;

  1. Қоғамдық денсаулық сақтаудағы қызмет;

  2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі мен ғылыми қызмет;

  3. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте тиым салынбаған қызмет түрлері жүзеге асырылады.

Осы қызметтердің ішіндегі ең маңыздысы медициналық көмек болып табылады. Оның негізгі түрлеріне дәрігерге дейінгі, білікті медициналық, мамандандырылған медицина-әлеуметтік көмек жатады.

Дәрігерге дейінгі медициналық көмек – аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуын пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің көрсететін медициналық көмегі болып табылады.

Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі медициналық көмекті медициналық білімі жоқ уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тиісті даярлықтан өткен адамдар (парамедиктер), сондай-ақ зардап шегушілірдің өмірін құтқару мақсатында өзге де адамдар көрсетуі мүмкін.

Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган белгілейді.

Ал, білікті медициналық көмек дегеніміз – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін ауруларға байланысты жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің көрсететін медициналық көмегі болып табылады.

Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар бойынша бейінді мамандар көрсететін медициналық көмекті, мамандандырылған медициналық көмекке жатқызады.

Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың көпбейінді ұйымдары консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек нысандарында көрсетеді.

Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін ауруларға байланысты уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмекті жоғары мамандандырылған медициналық көмек деп атайды.

Медициналық-әлеуметтік көмек дегеніміз – тізбесін Республика Үкіметі айқындайтын әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейінді мамандар көрсететін көмек.

Медициналық көмек амбулаторлық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын, жедел медициналық, санитарлық авиация, төтенше жағдайлар кезіндегі, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, палмгативтік көмек және мейірбике күтімі, дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) деген негізгі нысандарда ұсынылады. Медициналық көмекті ұсынатын нысандардың қызметі Кодекстің 36 бабынан 64 бабына дейінгі құқықтық талаптар бойынша реттеледі.

Медициналық көмекті ұйымдастыруды уәкілетті орган, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және Астананың, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті мамандары, медициналық көмек көрсетуді денсаулық субьектілері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау субьектілері лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмектің рұқсат берген диагностиканың, профилактика мен емдеу әдістерінің, сондай-ақ дәрілік заттардың қолданылуын, төтенше жағдайлар, әскери жанжалдар мен терроризм актілері жағдайларындағы жұмысқа дайындылықты, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін, азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және дәйекті ақпарат берілуін, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын, басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және өз қызметіндегі сабақтастықты, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтанудың қалыптастырылуын, уәкілетті орган белгіленген нысандар, түрлер, көлем, тәртіп пен мерзімдер бойынша алғашқы медициналық құжаттардың жүргізілуін, есептердің табыс етілуін, инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы – уәкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының пайда болу қатері және (немесе) пайда болуы туралы – төтенше жағдайлар жөніндегі органдарға, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген адамдар туралы мәліметтерді, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге міндетті.

Фармацевтикалық қызметті ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар және оның түрлеріне тікелей байланысты.

Фармацевтикалық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік фармацевтикалық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды. Оның мынандай түрлері бар:


  1. Дәрілік заттарды өндіру;

  2. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;

  3. Медициналық техниканы өндіру;

  4. Дәрілік препараттарды дайындау;

  5. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;

  6. Дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;

  7. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізу;

  8. Медициналық техниканы көтерме саудада өткізу;

  9. Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу;

  10. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу;

  11. Медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу.

Бұл қызметтің алдына кепілді көлемдегі ақысыз медициналық көмек аясында тұрғындарға сапалы, тиімді, қауіпсіз, қол жетімді дәрі-дірмектермен қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Фармацевтикалық қызметті ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздері жоғарыда аталған Кодексте қарастырылған. Сонымен қатар, бұл саланың жұмысын Республика Президентінің жарлықтары, Үкімет қаулылары, Денсаулық сақтау Министрінің бұйрықтары мен нұсқаулары реттеп отырады. Соңғы жылдары фармацевтика қызметін реттеу мақсатында бірқатар стандарттар да бекітілді. Олардың қатарында, Қазақстан Республикасындағы тиісті түрдегі дәріханалық тәжірибенің мемлекеттік ҚР 6515-2006 СТ, Қазақстан Республикасындағы тиісті түрдегі лабораториялық тәжірибенің мемлекеттік ҚР 1613 – 2006 СТ стандарттары бар. Фармацевтикалық ұйымдарда өнімдерді сертификаттау, тауарлардың дәріханалық ассортименттерін жасау, фармацевтикалық сараптау, дәрілік заттарды сақтауды тәртіпке сай ұйымдастыру, дәрілік заттарды дәріханаішілік қадағалау туралы нормативтік және нұсқаулық құжаттар фармацевтикалық қызметтің жұмысын құқықтық негізде ұйымдастыруға жол ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет