Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет269/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   303
Болжау және сұрыптау
. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау 
арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды.
5) 
Стандарттарды бақылау және орындау
. Бағалау нәтижесінде 
біліктілік дәрежесі, оқушылардың білім жетістіктері бағаланады. 
6
) Оқыту бағдарламасының мазмұнын
және оқыту стилін бақылау.
Құзіреттілік тәсіліне негізделген жаңа білім мазмұнның базалық принципі 
– тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі 
білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру, 
коммуникативтік дағдыларды, ақпараттар мен технологияларды басқара білуі, 
проблемаларды ұтымды шешу, іскерлік пен креативтілікті қалыптастыру, 
тұлғаның өздігінен дамуы мен дербестігін қамтамасыз ету. 
Оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың негізгі мақсаты
– 
алынған білімдік нәтижелердің алдын ала жоспарланған нәтижелерге сәйкестік 
дәрежесін анықтау. Оқушының өзі емес, оның жұмысы бағаланады. Ал 
бағалауда басты назарды жұмыстың кемшіліктеріне емес, жетістіктеріне аудару 
керек. Кемшіліктер екінші кезекте қарастырылады. 
“Критериалды бағалау” терминін ғылымда алғаш рет Р.Ю.Глейзер 
қолданған, ол әдеттегі мінез-құлық моделінің жиынын анықтау процесін, 
оқушылардың оқу жетістігі деңгейінің шамасы мен қолжетімділігінің 
арасындағы сәйкестікті сипаттады. Бұл оқушы әрекетін алдын ала анықталған 
критерийлерді тіркеп жинақтау арқылы бағалауды білдіреді.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты бағалау критерийлерінің 
негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу 
процесін жетілдіре түсу.


284 
Критериалды бағалау
– нақты анықталған, ұжымдасып жасалған 
критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген 
және оқушылар, ата-аналар мен педагогтар үшін түсінікті, білім мазмұнына 
және мақсатына сәйкес процесс. 
Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу, 
бағалаудың өзара байланысына және оқу процесін ұйымдастырудың бірыңғай 
тәсілдерін қамтамасыз етуге негізделген.
Бұл барлық бағалау элементтері арасындағы өзара байланыс орнатуды, 
теориялық негіздемені болжамдайды: оқу мақсаттары; бағалау түрлері; 
құралдары; нәтижелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет