Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


Ligulidae туқымдасына жататын лигула немесе белдік курт (LJgula intestinalis)



бет78/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Ligulidae туқымдасына жататын лигула немесе белдік курт (LJgula intestinalis) кұстардың және балыктардың паразиті болып келеді. Денесі сыртынан бунақталмаған, бірак ішкі мүшелері, жыныс жүйесі метамерлы қайталанып орналасқан, ұзындығы 1 м-ге дейін жетеді. Басында екі саңылауы - ботриясы болады.
Лигуланың даму циклі дифиллоботриумнің дамуына ұқсас. Лигуланың ересек түрі су құстарының (шағала, қасқалдақ, құтан) ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалар иесінің ішегінен нәжіспен араласып суға түседі. Жүмыртқадан денесі кірпікшелермен қапталған алты ілмекті ұрық корацидий шығып, әрі қарай дамуы үшін аралық иесінің - циклоптың немесе диаптомус шаянның денесіне түсуі керек. Циклопқа жұтылып ішегіне түскен корацидий, кірпікшелерін тастап, ішектің қабырғасын тесіп, дене қуысына түседі де, процеркоид личинкасына айналады. Балықтар (тұқы тәрізділер) процеркоиды бар циклоптарды жұтқан кезде олардың ішегінде процеркоидтар босап, ішегін тесіп балықтың ішкі қуысына түсіп плероцер- коид личинкасына айналады. Плероцеркоидтың ұзындығы 60-80 см-ге дейін
жетеді. Балықтар лигулез ауруымен ауырады. Қүстар плероцеркоиды бар балықтарды жұтқанда өзіне жұқтырады. Олардың ішегінде плероцеркоид ересек құртқа айналып, зақымдай бастайды.

Кариофилидеа отряды - Caryophyllidea


Бұл отрядтың негізгі өкілі Caryophyllaeus laticeps - қалампыршы. Денесі буындалмаған, бір ғана жыныс жүйесі болады, сколексі дамымаған. Ли- чинкасы - процеркоид. Ересек формасы тұқы балықтардың ішегінде, ал процеркоид личинкасы азқылтанды буылтық құрттың қуысыңца тіршілік етеді.

Тетрафилидеа отряды - Tetraphyllidea


Сколексі күшті дамыған, төрт күрделі келген ботридиялары қысқа сабақшаларда орналасқан. Денесінің ұзындығы 10-30 см. Ересек түрлері жайын балықтарының, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың ішегінде тіршілік етеді.


Төрт тұмсықты цестодалар отряды - Tetrarhynchidea


Сколексіңде сорғыш ойығы мен төрт ұзын тұмсығы болады. Тұмсықтары ерекше қуыс қалтаның ішіне тартылып тұрады. Ересек формалары селахидің (жайын балыктар) ішегінде, ал личинкалары теңіз омыртқасыздарының мүшелерінде тіршілік етеді.


Жоғарыда сипатталған жалпақ құрттардың көптеген түрлері адам өмірі үшін, балық, үй жануарларының және кәсіптік (ауланатын) аңдардың тіршілігі үшін аса қауіпті паразиттері болып келеді. Құрттармен ауырған ауруларды - гельминтозды аурулар деп атайды, солардың ішінде трематодоз, цестодоз, нематодоз аурулары кең тараған. Олармен күресу шаралары әрбір жеке паразиттің өзіне тән ерекшеліктерімен байланысты болу керек.
Гельминтоз аурулары Қиыр Шығыста, Сібірде, Қазақстанда, Қырғызстанда, Башқұртстанда, Азербайжанда, Украинада, Молдавияда т.б. кездеседі. Гельминтоздан сақтанудың жолы - гигиеналық шараларды мүлтіксіз орындау болып табылады: жеміс-жидектер мен көкөністерді міндетті түрде жуып жеу; балық пен ірі қараның етін толық пісіріп, қуырып жеу; кез келген ағын суды ішпеу; үнемі тазалықты сақтау; тағамдарды дұрыс дайындау; су қоймаларын, мал-қораларын, әжетханаларды таза ұстау, т. б. Халық арасында осы ауру туралы санитарлық-ағарту насихатын жолға қою - міндетті іс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет