БҰҰ-ның Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (ЕЭК) соғыстан күйреген елдерге тиімді көмек көрсету мақсатында Еуропаны экономикалық қайта түлету жөніндегі БҰҰ-ның уақытша органы ретінде 1947 жылы құрылды.
ЕЭК форум болып табылады, осы форумда Солтүстік Американың, Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаның сондай-ақ Орталық Азияның барлық елдері экономикалық ынтымақтастықтың құралдарын бірлесіп әзірлейді. Комиссияның негізгі мақсаты ЕЭК-ке мүше елдердің саясатын және практикалық іс-қимылын келісу, үйлестіру болып табылады. Мұндай үйлестіру өндірістік және сауда байланыстарын дамытуға, инвестициялар мен технологияларды әкелуге, көлік жүйелерінің интеграциясына және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Қазақстан БҰҰ-ның Аймақтық комиссиялары - ЭСКАТО-мен және ЕЭК-пен бірлесіп, Орталық Азия экономикасы үшін БҰҰ-ның арнайы бағдарламасын (СПЕКА)іске асыру туралы Президент Н.Назарбаевтың ұсынысын ілгері жылжыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. Бағдарламаның мақсаты - Орталық Азия мемлекеттеріне олардың өзара ынтымақтастығын тереңдетуде, олардың экономикалық дамуы мен Еуропа мен Азия елдерінің экономикасына кірігуін ынталандыруда жәрдем көрсету.
1998 жылғы 26 наурызда Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығының Мемлекетаралық кеңесінің мәжілісінде (ОАЭҚ) Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Президенттері мен ЕЭК пен ЭСКАТО-ның Атқарушы хатшылары СПЕКА туралы Ташкент декларациясына қол қойды, онда ынтымақтастықтың басымдық берілетін салалары белгіленді. Бұл орайда әрбір қатысушы бір салада үйлестіруші болып табылады:
көлік инфрақұрылымын дамыту және мемлекеттік шекарадан тауарлардың, көрсетілетін қызметтің және адамдардың
өту рәсімін жеңілдету - Қазақстан;
Орталық Азияның энергетикалық және су ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалану - Қырғызстан;
Тәжікстан жөніндегі халықаралық экономикалық конференция, аймақтық дамудың және шетелдік инвестицияларды тартудың бірлескен стратегиясы - Тәжікстан;
•халықаралық бәсекелестікке қабілетті өнеркәсіптік кәсіпорындарды құру мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта құру - Өзбекстан;
• құбыр желілері бойынша әлемдік рыноктарға көмірсутегі шикізатын жеткізудің көп нұсқалы жолдарын дамыту
мәселелері бойынша аймақтық ынтымақтастық -Түрікменстан.
Мемлекетаралық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Түрікменстан ОАЭҚ аталған саммитіне қатысқан жоқ, бірақ СПЕКА-ға 1998 жылғы қыркүйекте ресми түрде қосылды.
СПЕКА Ресейдің, АҚШ-тың, Францияның, Нидерландының, Жапонияның, Корея Республикасының, Түркияның қолдауына ие болды. ЕЭК сондай-ақ ЭСКАТО-мен қатар, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы және Орталық Азия Экономикалық Қоғамдастығының Мемлекетаралық Кеңесінің Атқару комитеті СПЕКА-ның белсенді қатысушылары болып табылады. СПЕКА-ға ЕҚЫҰ, ЭЫҰ, Еуропалық комиссия, ИДБ, ЕҚДБ қызығушылық танытты. Экономиканың тиісті секторларында жұмыс істейтін, халықаралық мамандандырылған ұйымдардың кең ауқымын, атап айтқанда, ТЖЫҰ - Темір жол ынтымақтастығы ұйымын және АКХО - Автомобиль көлігінің халықаралық одағын бірлесіп жұмыс жасауға шақыру көзделіп отыр.
Алғашқы Еуразиялық Экономикалық Саммиттің барысында (Алматы, 2000 жылғы 26-28 сәуір) әлемдік қоғамдастық алдында Бағдарламаның ресми тұсаукесері өткізілді, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан делегациялары, ЕЭК-тің, ЭСКАТО-ның, БҰҰ-ның Даму бағдарламасының, Еуропалық Комиссияның және Азиялық даму банкінің өкілдері қатысты. Тұсаукесердің нәтижесі бойынша қатысушы елдердің, СПЕКА-ның, ЕЭК-тің және ЭСКАТО-ның Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, ол "Орталық Азия экономикасы үшін БҰҰ Арнайы бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа кезеңі және СПЕКА тужырымдамасы" деп аталды. Құжатта Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, ұйымдық құрылымы, оны қаржыландыруды жүзеге асырудың әдістері және негізгі тетіктері баяндалады.
2000 жылғы 20 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті мәжілісінде ымыраға келу негізінде "Орталық Азияның құрылықтық мемлекеттеріндегі транзиттік-көліктік жүйе және көршілес дамушы елдердегі транзиттік жүйе" қарарының жобасы қабылданды. Қазақстанның бастамасы бойынша және үйлестіруші рөлі жағдайында транзит жүйесі бойынша қабылданған қарарда әлемдік қоғамдастыққа арналған үндеу мазмұндалады, онда Орталық Азия мемлекеттерінің транзиттік-көліктік жүйесін қалыптастыруға жәрдем көрсетуді, сауда-саттық ауқымының, капитал құйылысының және техникалық прогресстің өсуі сияқты аймақ экономикасында байқалған оң сипаттағы үрдістерді қолдауды жалғастыру, сондай-ақ жолға түсіп келе жатқан аймақтық ынтымақтастық тетіктерінің мүмкіндігін, ішінара СПЕКА бағдарламасын пайдалану айтылады.
Орталық Азияның транзит жүйесі бойынша қарарды қабылдау аймақтағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудегі біздің еліміздің маңызды рөлін тағы да атап көрсетті. Бағдарлама Қазақстанға және аймақтағы басқа да мемлекеттерге қазіргі бар транзиттік-көліктік жүйені жетілдіруде және жаңғыртуда сарапшылық және техникалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ аймақаралық сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға да, Еуропа мен Азия арасындағы көліктік қатынастарды жеңілдетуге де ықпал етеді.
БҰҰ-ның күн тәртібіндегі ең бір өзекті мәселелердің бірі бүгінгі күні ақпараттық революция болып табылады. Ақпараттық қоғамды жақтаушыларда дамушы елдердің көзқарасы тұрғысынан оптимистік пікір қалыптасқан, олар индустриалдық экономикадан ақпараттық қоғамға ілгерілеген сайын интеллектуалдық "ноу-хау" халықтардың байлығының шынайы өлшемі ретінде қаржылық капиталды ығыстырып шығарады дейді. Ақпараттық ғасырда қажетті ақпаратты анағурлым тиімді жинайтын, тарататын және пайдаланатын сондай-ақ ақпаратпен өзінің құрылымдарын қамтамасыз ететін елдер жеңімпаздар болады. Осы тұрғыда кеңестен кейінгі кеңістікте Ресейдің позициясы анағұрлым тиімді, ол қазірдің өзінде орыс интернетінің артықшылығын пайдаланып, көрші елдердегі ақпараттық алмасу процесіне ықпал етуде. Сонымен бірге Ресейдің тиімді жағдайына қарамастан ТМД елдері ақпараттық қоғамды дамыту үшін мүмкіндіктер жасалуы қажет мемлекеттердің қатарында тұр, ал анағұрлым дамыған елдер болатын болса осы мүмкіндіктерді қазірдің өзінде толық деңгейде пайдалануда.
Қазақстанда "цифрлық революцияның" адамдарға және ұлттық деңгейде жұмсалатын күш-жігерге қатысты әкелетін тиімділігін толық түсінеді және осы саладағы "Денсаулық сақтаудың интернеттік жүйесі" және БҰҰ ақпараттық техника қызметі сияқты БҰҰ бастамаларына жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын. "Цифрлық революция" ғаламдану процесінің ажырамас бөлігі сондай-ақ тиімділігі тікелей әрі нақты бөлігі болып табылады.
Сонымен бірге халықаралық терроршыларды қоса алғанда, жаңа технологиялардың қылмыстық құрылымдардың қолына түсуі және оны қылмыстық мақсаттарда пайдалану сияқты қауіпті ескеру қажет. Бұл қазіргі уақытта БҰҰ-ның айрықша назарын аударуы тиіс.
Еуразиялық кеңістіктің орталығында орналасқан және экономикалық, тарихи сондай-ақ мәдени тұрғыда өзара байланысты Орталық Азия мемлекеттері үшін аймақтық ынтымақтастық тұрақты дамудың маңызды факторы болып табылады.
БҰҰ жүйесін реформалаудың және жаңа әлемдік тәртіпті құрудың қажеттілігі басқа да себептермен қатар қауіпсіздікке қатысты жаңа қауіп-қатердің болуына байланысты, соңғысының алдында әлемдік қоғамдастықтың қолданыстағы құралдары көп жағдайда тиімсіз болып жүр. Аймақтық қантөгіс жанжалдар қатарының өсуі, жаппай қырып-жоятын қарудың таралуы, есірткі саудасы, терроризм, халықаралық қылмыс шекараны танымайтын проблемаларға айналды және белгілі бір деңгейде біздің ішкі проблемаларымыздың жалғасы болып табылады. Осы тұрғыда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісінде БҰҰ мүшелерінің ынтымақтастығын одан әрі кеңейту және нығайту толық заңды шара екені талас тудырмайды.
2000 жылғы 6-7 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-сессиясы шеңберінде қазіргі заман тарихындағы Мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының ірі форумының - Мыңжылдық саммиті ашылуының салтанаты болды, оған Ұйымға мүше 188 мемлекеттің басшылары мен өкілдері қатысты. Біріккен Ұлттар Ұйымының XXI ғасырдағы рөлі туралы Бас хатшы К.Аннанның баяндамасында ол барлық елдерді қайыршылықтан арылу, білім деңгейін көтеру, қауіпсіздікті күшейту, СПИД-ке қарсы күрес, қоршаған ортаны қорғау сияқты бірінші кезекте басымдық берілетін міндеттерді ше-шуге шақырды. Осы сессияда Қазақстан әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы және бала құқығы туралы конвенциялардың факультативтік хаттамаларына қол қойды, мұның өзі осы конвенциялардың қолданыс шеңберін ұлғайтты.
Саммит барысында Н.Назарбаев "Қауіпсіздік және ынтымақтастық -ғаламдық және аймақтық аспектілер" атты баяндама жасады. Баяндамада жаңа әлемдік тәртіптің нобайын жасап жатқан және сөз жок,, прогресстік құбылысқа жататын ғаламданудың сонымен бірге көптеген мемлекеттер үшін теріс салдары болуы мүмкін екендігі айтылды.
Бұл көптеген факторларға байланысты, оның ішінде бай және кедей, дамыған және экономикалық тұрғыдан артта қалған елдер болып бөлінетін әлемдік қоғамдастық елдерінің көзге айқын түсетін теңсіздігін атап өтуге болады. Егер ғаламданудың жетістіктері мен жемісін жоғары дамыған елдердің аз ғана тобы пайдаланатын болса, онда бұл - жердегі өркениет осы уақытқа дейін басынан өткізгеніне қарағанда анағұрлым ауыр тікетіреске, ғаламдық жанжалдар мен әлеуметтік апаттардың туындауына әкеледі.
Осыған байланысты БҰҰ және ұлттық үкіметтер өзара міндеттемелер алуы тиіс деп мәлімдеді Қазақстан Президенті. Біріншіден алдын алу үшін және ықтимал теріс құбылыстарды мейлінше болдырмау үшін әрбір ел ғаламдану процесіндегі өзінің позициясын анық әрі жауапкершілікпен айқындауы тиіс. Екіншіден өзінің қызметін жаңғырту шеңберінде, басымдық берілетін міндеттерінің бірі ретінде БҰҰ "құдай ұмытқан" барлық елдердің мүдделерін мейлінше ескеретін ғаламданудың үлгісін әзірлеуді өзіне алғаны дұрыс.
Аталған үлгіде қауіпсіздік жүйесінің қазіргі барларының тиімділігін арттыру және уақыт талабына жауап беретін жаңаларын құру жөніндегі шаралар көзделуі тиіс. Үлкен жетістіктерге қарамастан БҰҰ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау міндеттерін барлық уақытта бірдей жемісті түрде атқара алмай келе жатқаны құпия емес. БҰҰ-ның, бірінші кезекте Қауіпсіздік Кеңесінің бітімгершілік әлеуетін күшейтумен қатар аймақтық қауіпсіздік жүйесінің мүмкіндіктерін пайдаланудың және олармен өзара іс-қимылды жолға қоюдың маңызы зор. Осы тұрғыда ЕҚЫҰ, АӨСШК және Шанхай ынтымақтастық ұйымымен бірлесіп іс-қимыл жасау көп жағдайда нәтижелі болатыны сөзсіз.
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары В.Петровский 2001 жылғы тамызда Алматыда өткен "XXI ғасыр - ядролық қарудан азат әлем жолында" атты конференцияда шығып сөйлеген сөзінде негізгі халықаралық проблемалар бойынша, сондай-ақ оларды шешу жөніндегі практикалык, іс-қимыл бойынша Қазақстанның ұстанымын жоғары бағалады. Ол былай деп мәлімдеді: "Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы ретінде мынаны атап өтуге тиіспін. Қазақстан осы конференцияның жұмысына белсенді түрде қатысып қана қоймай, сонымен бірге әлемдегі қауіпсіздікті нығайтуға қатысты өзінің принципті ұстанымын тұрақты түрде паш етіп келеді. Қазақстанның сындарлы қолтаңбасы оның аймақтық ынтымақтастыққа көзқарасынан да көрінеді. БҰҰ-да мұндай ынтымақтастыққа айрықша маңыз береді, өйткені қазіргі жылдам өзгеріс үстіндегі әлемде ғаламдану және аймақтану процестері бірін бірі жоққа шығармайды, қайта бірін бірі толықтыратыны айқын көзге түсуде, себебі кез келген аймақта күшті, гүлденген мемлекеттердің пайда болуы осы аймақтардың да, сондай-ақ ұлттардың ғаламдық қарым-қатынасының да мүдделеріне қызмет етеді".
БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі өкілінің сөзі бойынша "Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру - ядролық қаруды таратпаудың ғаламдық режимін нығайтуға ірі үлес қосып қоймай, сонымен бірге аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға да ықпал етер еді". В.Петровский Еуразиялық Экономикалық Саммиттің жемісті түрде жұмыс істеуін және Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңестің институтқа айналуын айрықша атап өтті.
БҰҰ-да деп мәлімдеді дипломат, осы жылдың қараша айында жоғары деңгейде болатын Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім білдіру шаралары бүкіл азиялық кеңістікте ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңі болады деп күтуде. БҰҰ Бас хатшысы К.Аннан АӨСШК-ге дайындықтың жүріп жатқанын жақсы білетіндіктен Президент Н.Назарбаевтың ұсынысын жан-жақты қолдайтындығын жеткізуді сұрады. Оның пікірі бойынша "Кеңесті институтқа айналдырудың нәтижесінде маңызды аймақтық құрал өмірге келетін болады, ол БҰҰ-мен, оның ішінде жанжалдарды болдырмау және тұрақты даму сияқты салаларда өзара тығыз іс-қимыл жасап, тиімді жұмыс істейтін болады".
Осындай жолмен БҰҰ қызметіне қатысып келе жатқан 10 жыл ішінде Қазақстан ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға нақты үлес қосып келе жатқан мемлекет ретінде өзінің позициясын елеулі түрде нығайтты. Әлемдік қоғамдастық ұлттық қауіпсіздікті және аймақтық әрі ғаламдық деңгейдегі қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шараларға қатысты біздің еліміздің сыртқы саясатындағы үйлесімділіктің куәсі болды. Мұндай көзқарас Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы жұмысқа айрықша мән беретіндігін байқатады. Отандық дипломатия ұлттық заңнамаға және ішкі саясаттың басқа да тұстарына қазіргі бар халықаралық стандарттар мен үлгілерді енгізу үшін бұдан былай да тиісті күш-жігер жұмсауы қажет. Бұл, сөз жоқ, Қазақстанның әлемдік өркениетті қоғамдастыққа бұрынғыдан да тығыз интеграциялануына жол ашады.