Педагогтерге әдістемелік ұсыныстар
Оқушыларды
толеранттық
құндылықтарын
ұғындыра
отырып
Ассамблеяның қазақстандық қоғамды этносаралық толеранттық пен қоғамдық
келісім арқылы бірлестіруге бағытталған қызметінің мән-мағнасын ұғындыру
орынды. Әртүрлі іс-шаралар өткізу кезінде «ұлтаралық және конфессияаралық
диалог институты» есебінде (ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2006 жылы 12
қыркүйекте болған Әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшыларының II съезінде
Ассамблеяға осындай баға берді) Қазақстан халқы
Ассамблеясының басқа
елдерде жоқ айрықша орган екеніне баса назар аударған жөн.
Жоғары сынып оқушыларына Ассамблея сайтындағы материалдарды
ұсына отырып, мұғалім бұл институттың әлемдік деңгейде «мәдениетаралық
диалогтың еуропалық үлгісі» [1, 2] ретінде мойындалып отырғанын атап
өткені дұрыс.
Педагогтер Ассамблеяның біздің көпұлтты еліміздегі бейбітшілік пен
келісімнің, мәдениет пен дінаралық диалогтың әлемдік эталон есебінде
мойындалған жетекші факторы екенін түсіндірулері керек.
Ғылыми жобалар орындаған кезде оның ішінде кіші жобалар әзірлегенде
мектеп оқушыларын Казақстандағы ұлттар мен ұлыстардың бірлігін арттыру,
ұлттық ерекшеліктеріне қарамай ҚР азаматтарының құқықтары мен
бостандықтарын сақтауға бағдарланған Ассамблеяның негізгі міндеттерін
зерделеу және талдауға үйрету керек.
Жас зерттеушілердің назарын Ассамблея қызметінің нәтижесінде
қазақстандық әлеуметте толеранттық сана-сезімнің кездейсоқ емес, мақсатты
түрде, біртіндеп орнығып жатқанына аудару керек.
Ассамблеяның айрықша үлгіде болуы нәтижесінде Қазақстан
конфессияаралық диалогтың ғаламдық орталығына айналғанын атап өту керек.
Қазақстан Республикасында этникалық және дінаралық толеранттықты
қалыптастыру үшін нормативтік-құқықтық база бар. Олар: Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Ұлттық бірлік доктринасы, Қазақстан
Республикасында этномәдени білім беру Тұжырымдамасы.
Біздің ойымызша, әрбір мектепте облыстық Ассамблея жанындағы мәдени
орталықтарға баратын оқушы немесе оның ата-анасы бар. Сынып сағаттары,
мектептен тыс шаралар кезінде олардың әңгіме-пікірлерін тыңдауды ұсынамыз.
6
Әрбір мектеп пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктері бар екені де белгілі.
Демек, ауық-ауық өткізілетін бірлі-жарым іс-шаралармен шектелмей, оқу
пәндерінің (қоғамдық-гуманиталық цикл пәндері ғана болуы міндетті емес)
дидактикалық кеңістігіне тиісті ақпараттарды біртіндеп ендіру қажет және
мұны жүйелі түрде жүргізу керек.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы білім беру стратегиясы этникалық
мәселелерге оңды көзқарас қалыптастыруға, шовинизмнің, діни экстремизмнің,
ксенофобияның әртүрлі көріністеріне полимәдениетті толерантты сана-сезім
мен мінез құлық қалыптастыру арқылы қарсылық көрсетуге негізделуі тиіс.
|