Оқушыларда толеранттықты қалыптастыру: бірімізді біріміз түсінуді үйренеміз


  Оқушыларда толеранттықты қалыптастыру бойынша



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата20.12.2023
өлшемі343,42 Kb.
#141300
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Оқушыларда толеранттықты қалыптастыру бойынша
әдістемелік ұсыныстар 
Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымы білім беру мекемелерінде 
білім алушының әрқайсысы ұлттық бірдейлігіне және діни нанымына 
қарамастан өз конституциялық құқықтары үшін тең дәрежеде білім алуына, оқу 
барысында өзінің әлеуеттік мүмкіндіктері мен әлеуметтік дамуын толық ашу 
үшін барлығымен бірдей мүмкіндіктерге қол жеткізуі үшін қолайлы әлеуметтік-
психологиялық орта құруы қажет.
Оқушыда толеранттық сияқты қасиетті қалыптастыруда педагог 
жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Көпұлтты және бірұлтты ұжымның педагогтары өз жұмыстарының жақсы 
ойластырылуы, бар кезеңде бірізді болуы үшін қолдан келгеннің барлығын 
жасауы тиіс.
Педагогтардың тәрбие қызметінің осы саладағы тәрбие әрекеті аясының 
негізгі элементтері:
-
түрлі ұлт өкілдерінің ерекшеліктерін зерттеу, олардың әдет-ғұрпымен, 
салтымен, дәстүрлерімен танысу, қандай да бір оқушыға қатысты белгілі бір 
этнос өкілі болғандығы үшін ғана біржақты қатынас қалыптасуына жол бермеу;
-
көпұлтты сынып ұжымындағы қарым-қатынас сипатын, моральдық-
психологиялық ахуалды сын тұрғысынан ұғынуы;
-
соқыр нанымдарды, өзімшілдікті, ұлттық шектеулілікті жоюда 
дамуының әр кезеңінде көпұлтты сынып ұжымын біріктіру бойынша 
педагогтың қызметі;
-
мектеп ұжымында ұлттық белгісі бойынша тартысты жағдайлардға жол 
бермеу бойынша жағдай жасау;
-
ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру (дөңгелек үстелдер, 
ұлттық мерекелер, түрлі діндер туралы әңгімелер, интернационалдық достық 
клубтары).
Біздің пікірімізше, мектеп педагогикалық құрамының тәрбие жұмысының 
тиімділігін арттыру үшін осы салада көпмәдениетті білім беру ортасында 
толеранттық 
қалыптастырумен 
байланысты 
бірқатар 
ұсыныстар 
қарастырған дұрыс:
-
ұлтаралық толеранттықты қалыптастыру курсын іске асыру аясында 
білім беру ұйымының жұмыс жоспарына сабақта да, сыныптан тыс шараларда 
да көрініс табатын толеранттық және этнотолеранттық мәселелері 
кіргізілуі тиіс;
-
педагогтер оқушылардың этникалық толеранттығының деңгейін 
көтеруге, сондай-ақ олардың өз ұлттық бірдейлігінің позитивтілігін арттыруына 
ықпал ететін кіріктірілген курстар бағдарламаларын әзірлеуі тиіс;
-
зерттеушілік сипатындағы жұмыстардың тақырыптарын дайындауда ҚР 
ұлтаралық келісімді сақтау мәселесіне ерекше назар аудару қажет;
-
этникалық толеранттық деңгейіне ықпал ететін теріс ықпалдарды 
төмендету үшін мәдениетаралық диалог дағдыларын әзірлеуге бағытталған 
мәдениетаралық қатынастардың әлеуметтік-психологиялық тренингтерін 


13 
өткізу қажет;
-
пән мұғалімдері гуманитарлық цикл пәндерінде түрлі халықтардың 
фольклорлық және әдеби дереккөздерінің көмегімен Қазақстанның мәдени 
мұрасын зерттеуді тәжірибеге енгізулері қажет.
Бастауыш мектептегі оқу кезеңі педагогтар тарапынан болатын тәрбие 
ықпалына әлдеқайда сезімтал болғандықтан, осы әдістемелік ұсыныстар 
аясында осы жас санатындағыларда этникалық толеранттық процесін 
қалыптастырумен байланысты негізгі кезеңдерге нақты тоқталамыз.
Бастауыш мектеп балаларында көпмәдениетті білімді қалыптастыру үшін 
әдебиетті келесі бағыттар бойынша: республикалар туралы танымдық 
әңгімелер; түрлі ұлт адамдарының еңбегі және тұрмысы туралы әңгімелер; 
халықтардың ұлттық мәдениетімен таныстыратын әңгімелер; халықтардың 
ұлттық мәдениетімен таныстыратын әңгімелер; түрлі ұлт балаларының өмірі 
туралы әңгімелерді таңдау қажет.
Бүгінгі 
таңда 
бір 
жағынан, 
жалпыадамзаттық 
адамгершілік 
құндылықтарының призмасы арқылы іріктелген, түрлі ұлт өкілдеріне 
сыйластық, қызығушылық және құрмет сезімін оятатын, басқа жағынан – 
адамгершілік руханилықтың негізін қалайтын, балаларды көпұлтты көркем 
әдебиетпен, үздік шығармалармен таныстыратын бастауыш сынып 
оқушыларына арналған арнайы хрестоматия қажет. Оны ұлттық колоритті 
шынайы және талантты түрде көрсететін суретшілердің ашық түсті ірі 
иллюстрацияларымен безендіру маңызды.
Оқушыларға көпұлтты балалар бақшасында ҚР мемлекеттік тіл ретінде 
қазақ тілін оқытудың маңызы зор, солай бола тұра, алғашқы білімді өз ұлтының 
тілінде беру артық болмас еді, біздің ойымызша ол балалардың ұлттық өзіндік 
ерекшелігіне және мәдениетіне қызығушылығын айтарлықтай арттырар еді, сол 
сияқты ұлттық бірдейлікті қалыптастыру процесіне оң әсер етеді.
Ана тілін ерте жастан оқыту тиімді екенін тәжірибе көрсетіп отыр, және 
бала тілді неғұрлым ерте меңгере бастаса, соғұрлым тиімді, сол себепті оқыту-
тәрбиелеу мекемесінің міндеттерінің бірі – көптілді білім беру процесіне 
жағдай жасау әрі қамтамасыз ету болып табылады.
Көптілді қазақстандық қоғамда барлық педагогикалық іс-қимыл 
гуманистік идеяларды көрсетуі тиіс және қазақстан халықтары мәдениетінде 
бірегей этникалық, ұлттық, өзіндік сипатын сипаттауы қажет.


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет