11
Мәдениетаралық білім берудің әлемдік
тәжірибесінің талдауы оны
балалық шақта жүзеге асырудың өзіндік құндылығын көрсетуге мүмкіндік
береді, ол балалықтың мәдениетаралық қатынаста позитивті көзқарас
қалыптастыру мен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға жоғары
сензитивтілігімен келісілген.
Қазақстанда мектепке дейін білім беру мекемелерінің балалар топтары мен
орта мектептің сыныптары көп жағдайда көпэтникалы. Этносаралық қабылдау
ерекшеліктері жасына және дамудың әлеуметтік жағдайларымен келісілгендігі
дәлелденді. Бір жағынан, балаларда 6 жасқа дейін өз ұлты туралы түсінігі нақты
болмайды алайда, 4 жасар балада өзге ұлттың адамына қарама-қатынасы
қалыптаса бастайды. Психологиялық-педагогикалық ғылымның деректері
бойынша мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың
түсінігі көбінесе қате болмайды, бірақ 9 жасында эмоционалдық артықшылық
беру орнықты стереотипке ауысады, ал оны өзгерту қиын.
Қостанай мемлекеттік институтында Педагогика және бастауыш білім беру
әдістемесі кафедрасында Б.Б. Даумованың
жетекшілігімен оқушыларда
этникалық толеранттық қалыптастыру бойынша Қазақстандағы білім беру
ұйымдарының тәжірибесі жинақталды. Оқушыларда этникалық толеранттық
қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Қостанай қаласы
және Әулиекөл ауылындағы орта мектептер,
Қостанай қаласы білім беру
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты базасында іске асырылды.
Қалыптастырушы эксперимент №№ 1, 2, 10, 17-мектептерде жүргізілді,
экспериментке 10-сыныптардан 200-ге жуық оқушы қатысты. Осы зерттеулер
негізінде оқушыларда ұлтаралық толеранттығын қалыптастыру деңгейін
бағалаудың критериалдық-диагностикалық кешені құрастырылды.
«Қазақстан – барлық азаматтардың Отаны» курсын зерттеу оқушыларда
елімізде бейбіт, жасампаз, қақтығыссыз өмір үшін барлық жағдай жасалғанын
сезінуіне ықпал етеді [15; 16].
Білім беру ұйымдарының орта мектеп оқушыларында ұлтаралық
толеранттық қалыптастыру бойынша инновациялық педагогикалық тәжірибесін
зерттеу нәтижесінде біз оқушының этникалық толеранттығы білім, мойындау,
олардың ұлттық ерекшеліктерін қабылдау
және тұлғаның құқықтары мен
бостандығын құрметтеуі тұлғаның интегралды сипатын көрсетеді деген
қорытындыға келдік, ол индивидтің, басқа этнос өкілдерін өзара қабылдауын,
өзара әрекеттесуін болжайды.