Оқушыларда толеранттықты қалыптастыру: бірімізді біріміз түсінуді үйренеміз


Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін жүзеге



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата20.12.2023
өлшемі343,42 Kb.
#141300
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
толеранттықты қалыптастыру бірімізді біріміз түсінуді үйренеміз

1
Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін жүзеге 
асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі 
 
XX және XXI ғасырлар тоғысында қазақстандық қоғам өзі үшін жаңа 
феномен – этникалық жаңару немесе қазіргі заманның этникалық парадоксын 
ашты. Бұл құбылыстың мәні экономикалық және әлеуметтік-саяси өмірдің 
интернационалдандырылуы аясында қоғамдық процестердегі этникалықтың 
рөлін барынша арттыруда, азаматтардың өз этникалық бірдейлігіне, тіліне, 
мәдениетіне, дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына қызығушылық тудыруында 
жатыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда этносаралық қатынастар тұрақтылықпен және 
ұлтаралық қатты қақтығыстардың жоқтығымен сипатталады, бұл ел аумағын 
бірге мекендеген түрлі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-
дәстүрлерімен түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев сөйлеген 
сөздерінде мемлекетті әлеуметтік жаңғырту үшін әрбір қазақстандық 
отбасының және әрбір қазақстандық азаматтың барлығының өмірінде оң 
өзгерістерді жасауға бағытталған нақты көзқарастар, қатынастар мен мінез-
құлықтың белгілі бір этносаралық нормаларын сақтаудың қажет екенін үнемі 
атап көрсетеді [1].
Осыған байланысты қазақстандық мемлекеттің саяси стратегиясы әрбір 
адам этникалық қатынасына және діни нанымына қарамастан өзін жайлы, 
қауіпсіз сезінетіндей, мәдени, этносаралық өзара түсінушіліктің қолайлы 
ахуалын жасауға ықпал етуі тиіс.
Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің осындай моделін іске асыруда 
Ассамблея елеулі рөл атқаруда, оның қызметі мемлекеттік ұлтаралық, ұлттық 
саясатты жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасында қоғамдық-саяси 
орнықтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
1995 жылғы 1-наурызда Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған 
Ассамблея Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды элементіне айналды, ол 
Қазақстанда тұратын этностардың мүдделерін нығайтады, ұлтына қарамастан 
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұлжытпай сақталуын 
қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда Ассамблея ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жетекшілік ететін 
конституциялық орган болып табылады. Мұнан басқа, Ассамблеяның құқықтық 
мәртебесі ҚР «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңымен анықталған. 
Оның қызметіне байланысты: құру тәртібі, құрылымы және басқару органдары 
сияқты мәселелер, негізгі стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, өкілеттілігі, 
басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-
қатынасының ерекшеліктері «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Ереже» 
нормативтік құжатымен регламенттелген.
Ассамблеяның жоғары органы – Қазақстан Республикасы Президентінің 
төрағалығымен өтетін сессия болып табылады, оның шешімі мемлекеттік 
органдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер үшін қарастыру міндетті болып 
табылады.



Ассамблеяның айрықша ерекшелігі – елдегі көптеген этностар 
мүдделерінің жоғары заң шығару органы – ел Парламентіндегі оның өкілдігінің 
болуы. Ассамблея ҚР Парламенті Мәжілісінің тоғыз депутатын сайлайды. 
Ассамблеяның мемлекеттік басқаруға қатысудағы және тұтас алғанда қоғамдық 
қатынастардағы ықпалдылығы мен тиімділігі осымен анықталады.
Ассамблея қоғам өмірінде этносаралық толеранттықтың қазақстандық 
моделін практикада жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көпдеңгейлі және 
көпфункциялы ұйым болып табылады.
Ассамблеяның басты мақсаты – Қазақстан Республикасында этносаралық 
келісімді қамтамасыз ету болып табылады [2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет