8
оларға қатысты аяушылық немесе салғырттық емес [6].
Біздің пікірімізше, қазіргі педагогикада «толеранттық» ұғымына барынша
нақты түсінік берген Б.З. Вульфовтың пікірінше «толеранттық – адамның
(немесе топтың) басқа менталитет және өмір салты тән адамдармен қатар өмір
сүру қабілеті» [7].
Алайда, осы әдістемелік ұсыныстар аясында толеранттық тұлғаның
дербес-психологиялық ерекшеліктері
кеңістігінде қарастырылады, біздің
ойымызша, «толеранттық» түсінігіне М.С. Мацковский ұсынған анықтаманы
қарастырған дұрыс сияқты. Оның пікірінше, толеранттық толеранттықтың
субъектісі және объектісі арасындағы өзара әрекеттің белгілі сапасы, объектінің
сыртқы белгілер, пікірлер, мінез-құлық ережелері және т.б. тұратын
әлеуметтікмәдени айырмашылықтарын субъектінің қабылдауға даярлығымен
сипатталады [8].
Психологияда «қалыптасу» термині әлеуметтік өздерінің белсенді тіршілік
әрекеті үшін субъектілердің қажет тұтас, орнықты
сипаттар мен қасиеттерге
мақсатты және ұйымдасқан түрде ие болу процесі ретінде түсіндіріледі [9].
Б.С. Гершунскийдің пікірінше, ұлтаралық
толеранттықты қалыптастыру
қазіргі кезде шешімі бүгінгі күнде де өзекті болып отырған негізгі
педагогикалық проблемалардың бірі болып қала береді [10].
Б.З. Вульфов толеранттық тәрбиелеу тәртібін көзқарастары мен өмірлік
құндылықтары әртүрлі адамдар арасындағы қарым-қатынас үшін қандай да бір
платформа қалыптастыру ретінде қарастырады [7].
Г.У. Солдатованың ойынша, толеранттық тәрбиелеу процесін тиімді және
жүйелі жүзеге асыру үшін бірқатар аспектілерді қарастыру қажет:
-
психологиялық орнықтылық аспектісі; позитивті мақсаттар жүйесі
аспектісі;
-
жеке қасиеттер жиынтығы аспектісі; тұлғалық және топтық құндылықтар
жүйесі аспектісі [11].
Сонымен, толеранттықты қалыптастыру процесі педагогика, психология,
философия, социология категорияларына жатады және бірнеше аспектіде
қарастырылады. Толеранттықты қалыптастыру, соның ішінде басқа этникалық
топ өкілдеріне қатысты қалыптастырудың мақсаты олармен басқа мәдениет
және көзқарастағы адамдар ретінде позитивті әрекеттесу болып табылады.
Бүгін Қазақстан Республикасындағы білім беру стратегиясы білім берудің
барлық деңгейлерінде білім алушылардың
толеранттығын дамытуға
бағдарланған, себебі қазақстандық сарапшылар жүргізілген социологиялық
сауалнамалардың қорытындысына сүйене отырып, Қазақстан Республикасында
этносаралық қақтығыстар туындау қаупін жоққа шығармайды.
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда сұралған респонденттердің 25,1%
күнделікті өмір жағдайында (дүкенде, қоғамдық көлікті пайдалануда)
этносаралық шиеленіске тап болады [12].
Мысалы, Қарағанды облысында жүргізілген заманауи оқушы тұлғасын
көпұлтты ортада қалыптастыру
проблемасын зерттеу көрсеткендей, балалардың
10,4% -
кей этнос өкілдеріне сенімсіздік танытатынын, сонымен қатар,
респонденттер этномәдени айырмашылықтар кейде олардың наразылықтарын
9
туғызатынын көрсеткен [13]. Басқа ұлт өкілдеріне осындай қатынас және
мәдени айырмашылықтарды қабылдамау алдағы кезде маңызды әлеуметтік
зардаптарға, қылмысқа, ұлттық негізде жаппай тәртіпсіздікке әкеліп
соқтыруы мүмкін.
ҚР «Білім туралы» заңында адам құқығын
және бостандығын құрметтеу
принципі анықталған, оқушыларда ұлтаралық толеранттықты қалыптастыру,
түрлі этнос өкілдері арасында диалог орнату үшін қажет жағдайлар тудыру
міндеттері қойылған. Этникалық толеранттықты қалыптастыру міндеттерін
жүзеге асыруға бағытталған, 1996 жылы қабылданған «Қазақстан
Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында» этномәдени
білім берудің бағыттылығы ҚР этностарын біріктіруге ықпал етеді деп
көрсетілген, эгоцентризм, ұлтшылдық және нәсілшілдік көріністерінің алдын
алуға көмектеседі.
Қазақстандық мектептерде этносаралық толеранттықты қалыптастыру
проблемасының қазіргі жағдайына талдау жүргізе отырып біз төмендегі қарама-
қайшылықтарды анықтадық:
-
әлемдік жаһандану процесі жағдайында оқушылардың ұлтаралық
толеранттығын қалыптастыру маңыздылығы мен білім беру мекемелерінің осы
қажеттіліктерді іске асыру дайындық деңгейі арасындағы;
-
оқушылардың этносаралық толеранттығын қалыптастыру тәсілдерін
және технологияларын жаңарту қажеттілігі мен осы жұмысқа мұғалімдердің
жеткіліксіз психологиялық-педагогикалық даярлығы арасындағы;
-
Қазақстан этностарының өмірді жаңаша көрудегі шынайы қажеттілігі
және позитивті этносаралық өзара әрекеті мен білім беру саласындағы
этнопедагогикалық көзқарастың пайдаланылмаған педагогикалық әлеуеті
арасындағы.
Сонымен, жүргізілген талдау қазақстандық қоғам дамудың қазіргі
кезеңінде көпмәдениетті тәрбиенің маңызды құрамдасы ретінде жастардың
этникалық және конфессияаралық толеранттығын қалыптастыру процесін
арттыруда арнайы педагогикалық жағдайлар туғызу үшін
жеткілікті негіз бар
деп айтуға мүмкіндік береді.
З.Б. Қабылбекова және М.Б. Мансурова жалпы білім беретін мектептері
оқушыларында этникалық толеранттылық қалыптастырудың теориялық,
әдіснамалық негіздеріне іргелі зерттеу жүргізді [14].
Бұл зерттеулер нәтижелерінің бірі – педагогикалық қызметтің негізгі
бағыты оқушыларды қоғамдық және мәдениеттанулық ұйымдармен
этносаралық қатынасқа, серіктестікке тарту болып табылатын ұлтаралық
қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуде этнопедагогикалық көзқарастарды іске
асырудың тұжырымдамалық моделі (1-сурет).