Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері


Оқушылардың білімін бағалаудағы қиындықтар



бет5/26
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Оқушылардың білімін бағалаудағы қиындықтар
Сонымен, білім, білік, дағдыны бағалау – оқушылардың оқытудағы оқу бағдарламасындағы, шартты бейнеленуі белгі болып табылатын, баллмен көрсетілетін үлгілі көрсеткішімен жеткен нәтижесін салыстыру үдерісі.
Жалпылану дәрежесіне байланысты педагогикалық баға парциалды, бекітілген және интегралды болып бөлінеді.
Парциалды баға – бұл педагогикалық бағаның бастапқы формасы. Ол өз кезегінде оқушының мамандығының толықтай жетістігін қамтымайды, тек жеке білім, білік, дағды немесе жеке мінезқұлық пердесіне қатысты. Көбіне, парциалды баға ауызша, ой-пікірдің ауызша баға формасында беріледі және мақтаулы немесе айыпталушы болуы мүмкін.
Бекітілген баға оқушының арадағы немесе аяқталған жетістігін, сабақтағы ынтасы мен тәртібін көрсетеді. Әдетте 5-баллдық шкаланың рангілі мағынасының бір санымен беріледі:
«5» – толық шамада біледі (өте жақсы);
«4» – жеткілікті біледі (жақсы);
«3» – жеткіліксіз біледі (қанағатанарлықтай);
«2» – білмейді (қанағаттанарлықсыз).
Парциалды және бекітілген бағалар оқушының тұлғасын және мінезқұлқын толықтай анықтайтын педагогикалық бағаның интегралды формасы түрінде педагогикалық мінездеменің негізі үшін қызмет етеді.
Ұсынушылық мүмкіндігіне қарай педагогикалық бағалау тура және жанама болып бөлінеді. Тура бағалау тікелей бағаланушы адамға бағытталған. Жанама бағалау формасында бір оқушыны бағалау басқа бір оқушының бағасы арқылы бағаланады.
Мектептегі және жоғары оқу орындарындағы бағалаудың субъективті қатесінің негізіне:

  • қайырымдылық, аямпаздылық;

  • әдейілеп төмендету;

  • алдын-ала ойластыру;

  • өсімшілдік;

  • орталық беталыс («екілік» және «бестік» баға қоймау);

  • басқа мұғалімнің алдыңғы емтихандарда қойған бағасына сәйкес баға қою;

  • оқу пәні бойынша қойылған бағаны тәртібіне байланысты өзгерту және т.б. жатады.

Осыдан әртүрлі оқытушының жеке баға қою стиліндегі келісушіліктің, білім, білік, дағдыны игеруге қойылатын талаптардың бірегейлігінің қиындықтары туындайды. Бұл қиындықты біртіндеп шешу дидактикалық тестерді пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Пайдаланылып отырған оқыту жүйесінің альтернативі ретінде педагогтар сабақтың бір бөлігін арнайы бақылауға бөлуден бас тартып отыр және белгі қоймай оқытудың болашақтығын дәлелдеп отыр.
Осы «белгі-баға» жанжалды жағдайдан шығудың бірден-бір жолы оқытуға рейтингілі жүйені кірістіру болып табылады.
Бақылаудың рейтингілі жүйесі маңызды дәрежеде оқытудың теңестірілген жүйесінің негативті жағын жояды. Нәтижесінде орталанған озаттардың, жақсы оқитындардың тобы жойылады. Олардың орнына «бірінші», «бесінші», «жүзінші» пайда болады. Рейтінгілі жүйені пайдалану өтілген тақырып бойынша тиісті емес (кездейсоқ) баға алуды төмендетеді, себебі қорытынды баға оқушының толық оқу барысында жасаған жұмысының (реферат жазу, олимпиапаға қатысу және т.с.с.) нәтижесінен шығады.
Рейтингілі жүйе оқушының рейтингілі бағасының жоғары болуына көңіл бөлуіне әсер етеді, сабаққа дайындалу барысында адал жұмыс жасауына итермелейді.
Бір қарағанда оқушы жақсы баға алуына қажетті балл жинағаннан кейін сабаққа дайындалуды тоқтататындай болып көрінуі мүмкін. Бірақ көп жағдайда оқытуда салыстыру механизмі жүреді. Топтық рейтингіде белгілі бір орын алған оқушы төменге түскісі келмейді, себебі олар үшін ол жеке басының сәтсіздігі ретінде қабылдануы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет