Байланысты: Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері
Бағалаудың функциясы Оқу үлгерімінің бағасы оқушының объективті білімі мен білігін белгілі түрде көрсететін жүйені сипаттайды.
Педагогикалық энциклопедияда бағалау оқушының алған білім, білік және дағдысының деңгейін оларға мектеп бағдарламасымен берілген талаптарға сәйкес анықтау деп қарастырылады.
Бағалау оқушының білім, білік және дағдысының көлемін, деңгейін және сапасын ескереді.
Бағалаудың бірнеше функциясы бар. Оның функциялары қиын әрі әртүрлі болып келеді.
Бағалаудың бірнеше функциясын атап көрсетуге болады:
Әлеуметтік функция қоғамның төменгі сынып оқушысының сабаққа дайындығының дәрежесіне қойған талабына байланысты туындайды. Білімділік бұл жағдайда дамуының жастық деңгейін, тәрбиесін және оқушының хабардар болуын, оның жеке тұлғасының танымдық, сезімдік және жігерлік ортасының қалыптасуын білдіретін кең мағынада қолданылады.
Бақылау барысында оқушылардың мемлекеттік стандарт бойынша орнатылған білім-білік-дағдыға жету сәйкестігін анықтайды, ал баға дәрежеге деген әсерін және осы сәйкестіктің сапасын білдіреді (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, нашар). Осылайша, соңында бақылау және бағалау жүйесі мұғалім үшін әлеуметшілдігінің (сынып оқушыларының, оқытушылардың, ата-аналардың және т.б.) және мемлекеттегі осы қоғамдағы және осы даму кезеңіндегі білім берудің қиындықтары мен күйін хабарлауға құрал болады. Бұл өз кезегінде білімнің қазіргі және болашақтағы дамуының бағытын тұспалдауға, өсіп келе жатқан жастардың алатын білім жүйесіне қажетті түзетулерді енгізуге, оқушыға да, мұғалімге де қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Оқытушы функция дұрыс жауаппен оқушы білімінен алынған жауапты салыстыру нәтижесін анықтайды. Мұғалім оқушының білімді қабылдап, түсінуінің сапасын анықтайды: білімді сезінушілігі мен толықтығын, алған білімін кез келген қалыпты емес жағдайларда қолдана алу біліктігін, оқуміндетін орындау барысында лайықты құралдарды таңдау біліктігін; оқу үлгерімінің динамикасы белгіленеді, мектепте оқып жүрген кезінде және бітіргеннен кейін де қажетті жеке тұлғалық сапасының қалыптасуы, негізгі ойлау амалдарының даму деңгейі(талдау, жинақтау, салыстыру, қорытындылау); жұмыстағы қиын ортаны айқындау, тиімді әдістер мен тәсілдерді анықтап белгілеу мүмкіндігі туындайды, қайта талдау, білімнің қандай лайықты мазмұнын кеңейту, ал қайсысын оқу бағдарламасынан алып тастау сияқты әрекеттерді орындайды.
Оқушының оқу іс-әрекетінің нақты нәтижесі қандай екендігі; қандай білімді жақсы, түсінікті қабылдағаны, ал қандай білімді қайталаужәне тереңдетіп оқу керектігі; оқу іс-әрекетінің қай жағы қалыптасқан, ал қай жағын қалыптастыру керектігі белгіленеді.
Тәрбиелеуші функциясы оқудың жарамды себебін қарастыру барысында және оқушылардың төмен баға алуына және уайымына байланысты өзін-өзі бақылауға дайындығында анықталады.
Дұрыс ұйымдастырылған бақылау және бағалау оқушылардың қорытынды бақылау жұмыс алдындағы қорқынышын басады, қобалжушылық деңгейін азайтады, дұрыс, тиімді мақсат орнатуын қалыптастырады, дербестікке, белсенділікке және өзін-өзі бақылауға бағытталады.
Эмоционалдық бақылау кез келген бағалау түрі белгілі бір эмоционалдық фон тудыруына және оқушының тиісті эмоционалды әсерін шақыруына байланысты көрінеді. Шынында да, баға оқушының алға ұмтылуына, алдындағы қиындықты жеңуіне әсерін тигізеді, сонымен қатар, оқушының көңілін түсіріп, «артта қалғандар» қатарына да итермелеуі, өзін-өзі төмен бағалауына, үлкендермен және өзінің құрдастарымен ара қатынасын үзуіне де әсер етуі мүмкін.
Оқытудың нәтижесін тексеру барысында осы маңызды функцияны жүзеге асыру келесі әрекетке байланысты: мұғалімнің эмоционалды әсері оқушының эмоционалды әсеріне сәйкес келуі керек (яғни сонымен бірге қуанып, сонымен бірге қайғыруы қажет) және оны жетістікке жетуге бағыттау, алған нашар бағаларын жақсартуға болатындығына сенім тудыруы керек. Бұл жағдай бастауыш оқыту педагогикасының негізгі заңдарының бірі – бастауыш сынып оқушысы тек жетістікке оқу керек деген заңына сәйкес келеді. Жетістікке жету жағдайы және эмоционалды амандығы – оқушы мұғалімнің қойған бағасын сабырлықпен қабылдаудың, мұғаліммен бірге қателерін талдап, оны жою жолдарын қарастырудың шарты болып табылады.
Ақпараттық функциясы жоспарлау мен болжау диагнозының негізі болып саналады. Оның негізгі ерекшелігі – сәтсіз нәтиженің себебін талдау мүмкіндігі мен оқу үрдісінде сәтсіз нәтижелерді осы үрдісті жетектеуші жағынан да, жетектелуші жағынан да жақсартудың нақты жолдарын ұйғаруында.
Басқару функциясы оқушының өзін-өзі бақылауының дамуы үшін өте маңызды функция болып саналады. Сонымен қатар, оқушы өзінің талдау біліктігін дамытуда және өзінің іс-әрекетін дұрыс бағалауда, педагогтың бағасын дәл қабылдауында басқару функциясы маңызды қызмет атқарады. Мұғалімге басқару функциясы педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру кезіндегі кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді, өзінің іс-әрекетіндегі қателіктерді («мен нені дұрыс істемедім...», «... үшін не істеуім керек») анықтау барысында және оқу-тәрбие үрдісіне түзету енгізу кезінде көмектеседі.