Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері



бет6/26
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері

Баға қоюдың критерийлері
Оқушылардың білімін бақылау бағалаумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл оқушының білімін бақылаудың қажетті элементі болып табылады. Бағаның дұрыс, әділ қойылуы оқушының болашақта сабаққа дайындалуына әсер етеді, яғни алатын білімінің сапасына да әсер етеді.
Білімді бағалау барысында оқушының оқу материалдарын білуінің сапалы мінездемесін ескеру қажет: оқушыдағы нақты білім мен біліктің бар болуын, оның толықтығын, беріктігін, әртүрлі жағдайдағы практикаларда пайдалана алуын, терминологияны және өзіндік әдісін көрсету мен жазуын білуін.
Бағалаудың нәтижесі ауызша жауап беру немесе жазбаша жұмыс кезінде қатені қаншалықты жібергеніне байланысты болады. Ағаттықтардың ішінен жіберген қателерді, кемшіліктерді және ұсақ қателерді бөліп көрсетуге болады.
Егер ағаттық оқушының негізгі білім мен білікті және оны пайдалануды алмағанын көрсетсе, онда ол қате болып саналады.
Оқушының негізгі білім мен білікті берік түсінбегендігін немесе бағдарламаға байланысты негізгі болып есептелмейтін білімінің жоқтығын көрсететін ағаттық кемшілікке жатады. Сонымен қатар қате болып саналатын, бірақ тек бір ғана жағдайда жіберілген және екінші ұқсас жағдайда жіберілмеген қателік кемшілік болып саналады. Кемшілікке зейінсіздікпен немесе жауапкершілікпен түсіндіру, ұқыпсыз жазу жатады.
Ұсақ қателерге ауызша және жазбаша жауап беру барысында берілген мағынасыз жауап немесе нәтиже, кездойсоқ жаңылыс жазулар және т.с.с. жатады.
Ағаттықтағы қателік, кемшілік және ұсақ қателерге байланысты сұрақтарды мұғалім оқытудың қазіргі кезеңіндегі мәліметті түсінуіне қойылатын талаптарға байланысты шешеді.
Қателерге, мысалы: алгоритмдік тілдің қызметтік сөздерін дұрыс пайдаланбау; аргументтерді және нәтижені қате көрсету; бір мағыналы типтің ұзындығын екінші типке дұрыс қоспау; алгоритмді орындау барысында командалардың орындалу ретін бұзу т.с.с. жатады.
Кемшіліктердің мысалы: алгоритмдік тілдің қызметші сөздерін тастап кету немесе дұрыс жазбау; аралық ұзындықтарды толық сипаттамау; құранды командалардың шартын тексеру барысында кеткен кездейсоқ есептеуіш қателер; алгоритм жазбаларының ұқыпсыз орналасуы және т.с.с.
Егер бір қате (кемшілік) бірнеше рет кездессе онда ол бір қате (бір кемшілік) ретінде қарастырылады.
Сызып тастау және қатені түзетуді қате деп санаудың қажеті жоқ.
Егер жауаптың мазмұны сұрақпен сәйкес келсе, берілген жауап оқушыда қажетті теориялық білім мен практикалық біліктің бар екенін көрсеткен жағдайда, соңғы нақты жауап дұрыс шешу барысында берілсе және ұқыпты жазылса тапсырма толық, өте жақсы орындалды деп есептеледі.
Егер оқушы тапсырманы орындауға кіріспесе және тапсырманы орындау барысында қателіктер жіберсе, онда тапсырма орындалмаған болып есептеледі.
Оқушының тақырыпты түсінгендігіне баға барлық алынған белгі негізінде қойылады. Негізгі баға оқушының қорытынды бақылау жұмысында алған бағасына және оқушының барлық тақырып бойынша жүргізілген қорытынды сабақта берген жауабына байланысты қойылады.
Тақырыптық баға қою барысында алдын қойылған бағаны оқушы тақырыптық бақылау жұмысының нәтижесінде алған бағасымен растамаса мұғалім ол бағаларды ескермеуге болады (мысалы, білім мен білікте жіберген қателктеріне байланысты алған қанағаттанарлықсыз баға).
Жылдық баға оқушының жылдың соңында алған білімінің нақты деңгейін көрсету керек.
Білім беру үдерісінде мұғалім қойылған бағаны мемлекеттік білім беру стандартында қалыптасқан критерийлер негізінде түсіндіруі қажет.
Қазақстанның мектептерінде білімді бағалаудың бес баллдық жүйесі қалыптасқан.
Төменде көрсетілген бағаның келесі қағидаларын пайдалануға болады.
Жаратымды бағалар («3», «4», «5») оқушы бағдарламаның негізгі материалын білетіндігін көрсеткен жағдайда қойылады. «5» бағасы 1-2 ұсақ қате кеткен жағдайда немесе сұраққа өте жақсы жауап берген жағдайда қойылады, ал «4» - оқушы жауап бергенде 1-2 кемшілік жіберген жағдайда қойылады. Қанағаттанарлықсыз баға оқушы бағдарламаның негізгі материалын түсінбегендігін көрсеткен жағдайда қойылады.
Бекітілген баға қоюдың критерийлерін нақтылауды келесі жолмен жүзеге асыруға болады:
«5» деген баға оқушыға:

  • мағлұматты ауызша және жазбаша қатесіз баяндағанда;

  • бағдарламаға байланысты білім, білік және практикалық дағдының барлық көлемін түсінуді айқындағанда;

  • мағлұматты ауызша және жазбаша түсінікті баяндаса, текстегі негізгі жағдайды ерекшелей білсе, кенеттен қойылған сұрақтарға жеңіл жауап берген жағдайда;

  • мағлұматты тура жеткізе білсе, жазбаша жұмыстарда қате жібермесе;

  • алған білімін практикада еркін пайдалана білген жағдайда қойылады.

«4» деген баға қойылады, егер оқушы:

  • бағдарламалық мағлұматты айқындаса;

  • мағлұматты түсінікті баяндаса, бірақ оның маңызды жақтарын барлық уақытта ажырата бермейді;

  • алған блімін практикада пайдалану қабілеті жоғары, бірақ тосыннан қойылған сұрақтарға жауап беру барысында қиналып қалса;

  • ауызша және жазбаша жауаптарда нақты жауап бермесе және мұғалімнің байқаған кемшіліктеріне жеңіл қараса.

«3» деген баға қойылады, егер оқушы:

  • бағдарламалық мағлұматты айқындап, бірақ оны өздігінен жүзеге асыру барысында қиналса және мұғалімнің қосымша нақтылайтын сұрағын талап етсе;

  • тосыннан қойылған сұраққа жауап беретін кезде қиналаса;

  • ауызша және жазбаша жауаптарда қате жіберсе.

«2» деген баға қойылады, егер оқушы:

Оқушылардың жауабын бағалаудың мүмкін болатын критерийлері мен параметрлері

Кесте 1 – Теориялық сұрақтарға (ауызша) жауап беруін бағалау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет