«Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары» атты коучингінің жоспары Коучингтің тақырыбы


Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері



бет15/21
Дата19.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#84363
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Стратегиялық тапсырмалар

4. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері
РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:

  • білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);

  • оқыту нысандары мен әдістері;

  • білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

  • мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

  • мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

  • барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

  • ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.





Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі механизмін бөліп қарауға болады.

Бірінші механизм – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту.
Аталған саладағы міндеттер аймақтық және республикалық тамыз конференцияларында кеңінен талқыланды. Жоспарды іске асыру мен насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар тартылды.
Сондықтан, Министрлік әлемдік тәжірибе негізінде Мемлекеттік білім стандартын жасауға кірісті.
Білім мазмұнын да жаңа міндеттерге сәйкес келтіру қажет.
Біз бірқатар бағыттар бойынша алға жылжып келеміз.Атап айтқанда, педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттыру, E-learning жүйесі мен оқытудың жаңа технологияларын енгізу және т.б.
Ал, барлық оқулықтарға жасалған талдау тіпті жаңа оқулықтардың өзі ескі әдіснама бойынша жазылғанын көрсетті. Оларды жаңа міндеттерге сәйкес өзгерту қажет. Бұл - қыруар жұмыс.
Авторларды, әдіскерлерді, баспаны және сараптау жүйесін жаңаша дайындау керек.
Соның негізінде, жеке тұлғаға бағытталған оқытуды қамтамасыз ететінжаңа форматтағы оқулықтарды әзірлеу қажет.Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс. 
Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдердің субъектілік рөлін дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды енгізу басталды.Осы орайда, барлық білім жүйесіне Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін таратудың маңызы зор.
Кембридж университетімен бірлесіп әзірленген оқу бағдарламалары, жоспарлар мен әдістемелер енгізіледі. Осылайша, біз 12 жылдық оқыту методологиясы мен мазмұнының жаңа негізін салудамыз.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі 11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.
Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік – бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.


Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:

  • басқарушылық(проблеманышешуқабілеті); 

  • ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);

  • коммуникативтік (қазақ ,орыс ,ағылшын тілінде ауызша ,жазбаша қарым-қатынас жасау); 

  • әлеуметтік (қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); 

  • тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу); 

  • азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі,тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі)

  • технологиялық (ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану); 
    Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.

Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі - оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту.


Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу - жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады. Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған. Функциональдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалаудыңмаңызы ерекше.
Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі. Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу.
Халықаралық PISA, TIMSS және PIRLS сияқты зерттеулер. Бұл зерттеулер – әлемдік білім берудегі біздің позициямызды бағалаудың жауапты кезеңдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет