Әдебиеттер тізімі
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Астана, 14.12.2012
Мемлекет басшысы Н Назарбаевтың Қазақстан халқына ЖолдауыҚазақстан жолы – 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Астана, 17.01.2014
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Астана,2010ж.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары
Мәтінмен жұмыс жасау стратегиялары
(PISA халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау аясында)
Қазақстан 2009 жылдан бастапPISA халықаралық зерттеуінеқатысуда. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзыреттіліктерін бағалауға бағытталған. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы». Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше көңіл (тесттің үштен екі бөлігі) бөлінеді. 2009 жылы негізгі бағыт «оқу сауаттылығы» болды. 65 ел ішінде Қазақстан осы бағыт бойынша 59 орында болса, 2012 жылы 63 орында болды. Бұл өте төмен нәтиже. Тапсырмалар күрделілігінің алты деңгейі бойынша қазақстандық оқушыларда ең күрделі тапсырмаларды шешу дағдыларының жоқтығы анықталды, бұл оқушылардың логикалық ойлау, қажетті ақпаратты іздеу, табу және интерпретациялау қабілеттерінің төмендігін көрсетеді.
Қазақстандық оқушылардың төмен көрсеткіштерінің себептері:
Тестілеудің бейтаныс формасы;
Оқушылар мәтіннің жалпы мазмұнын жақсы түсінеді, бірақ кейбір ұсақ мәселелерге зейін қоймайды;
Құрама мәтіндер қиындық туғызады (мысалы, ақпарат түрлі жанрдағы жеке-жеке мәтін ретінде берілсе, онда ақпаратты салыстыру, талдау, оны бір ақпараттық ортаға біріктіру қиындық туғызады);
Еркін құрастырылған жауапты жазуға қиналады;
Оқушыларда түрлі оқу типтері қалыптаспаған (танысу (жүгіртіп оқу) мақсатында, іздеу мақсатында, қажетті ақпаратты сұрыптау мақсатында, т.с.с.);
PISAтапсырмаларында түрлі типті мәтіндер қолданылады (тұрмыстық, публицистикалық, ғылыми, т.б.), мұндай мәтіндермен оқушылар сирек кездеседі, сондықтан қажетті дағдылар қалыптаспаған;
Түрлі мәтіндермен жұмыс істей алмауы (диаграммалар, кестелер, нұсқаулықтар, схемалар, карталар, т.с.с.);
Жеке тәжірибені қолдануды талап ететін тапсырмалар, ақпараттың бір бөлігін еске түсіруді талап ететін тапсырмалар қиындық туғызады.
Жоғарыда айтылған кемшіліктерді жою үшін әрбір сабақта мәтінмен жұмысқа үлкен көңіл бөліну керек. Мұғалімнің назарына мәтінмен жұмыс жасаудың келесі стратегияларын ұсынамын.
Достарыңызбен бөлісу: |