«Мозайка» оқу стратегиясы Жұмысты көркем шығармадан шағын үзінділерді ұсыну арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Сөйлемдерді жүйелеу, мәтінге ат қою, мәтін құрастыру.
«Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.
Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып: - Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті. Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты.
Оның еске сақтау қабілеті адам қабілетіне ұқсас.
- Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті.
Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты:
- Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады.
«Мозайка» оқу стратегиясы. Жұмысты көркем шығармадан шағын үзінділерді ұсыну арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Сөйлемдерді жүйелеу, мәтінге ат қою, мәтін құрастыру.
Компьютерде ақпараттар қалай сақталады? Компьютерге еңгізілетін ақпараттарды сақтайтын элемент – жады. Жад процессорға орнатылады. Біз еңгізген барлық мәліметтерді сақтайтындықтан, ол жады деп аталған. Оның еске сақтау қабілеті адам қабілетіне ұқсас. Алайда олардың айырмашылығы үлкен. Адам жадында қайбір нәрселер ұмытылуы немесе шатасуы мүмкін болса, компьютер жадында барлық нәрсе сол қалпында және тұрақты сақталады.
Жады компьютер ішінде болады. Ол жедел жады және тұрақты жадыдан құрылады. Жады компьютердің қатты табақ жадында болады. Оның сыйымдылығы үлкен болғанмен, ақпараттарға толып қалуы мүмкін. Бұлай болмас үшін бір тәсіл бар. Ақпараттар компьютердің жадында орын алмас үшін, оларды дискетке жазып сақтау керек. Ал өзімізге керек болғанда, дискетті ендіріп, компьютерге ашып оқу бұйрығын береміз.
Компьютер жадында нұқсан келтіретін жағдайларды естен шығармау керек.Кейбір шағын көлемді бөгде бағдарламалар өздігінен компьютер жадына қосымша жазылып еніп кетеді. Оны ақпараттық вирус деп атайды. Керексіз ондай вирустар компьютер жадының қызметін бұзуға соқтырады. (115сөз) (А.Мамырова. Дидактические материалы. Алматы, «Мектеп»: 2011.
Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас
Адамзат жаралғалы бері, ана тілі адамгершілік айнасы болып келеді. Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Өз халқына қызмет ету үшін, алдымен ана тілін жетік білу қажет. «Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас. Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жарытпас», - деген қанатты сөз бар. Бұл сөзді қырғыз ақыны Сарноғаев айтқан. Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де сүйе біледі.
«Ақын болу – міндет емес, азамат болу - парызың», - дейді. Азаматтық дегеніміз – ана тілін ардақтау. Біздің халқымыз тілге кедей емес. Халқымыздың тілдік қоры өте бай. Тіліміздің байлығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіл байлығы - рухани байлық.
(Қазақ тілі мен әдебиет журналы 5/2005, 92 сөз)
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер, түрлі өзгермелі жағдайлар білім беру жүйесінде де өзіндік әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға негізделген. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Елдің болашағы әрбір азаматтың білімді, әділетті және ашық қоғамда толыққанды өмір сүру үшін қажетті білімді, білікті, түсініктер мен құндылықтарды игеруіне байланысты. Сондықтан, еліміздегі білім беруді дамыту ісі жаңаша көзқарастар мен сондай бағыттарға негізделіп отырғаны мәлім.Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген. Осыған сәйкес Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауатттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бірқатар талаптар қойды. Аталған міндеттер мен талаптар Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алу, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттері мен өмір бойы біілім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Ұлттық жоспарда оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) оқушылардың функционалдық сауаттылығын, атап айтсақ, математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылықтарын бағалау арқылы жүзеге асатыны атап айтылған. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасқандығын бағалау мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA,PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.
Осыған орай, оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалауға арналған тест тапсырмалары зияткерлік, рухани тұрғыдан дамыған азаматтарды қалыптастыру, оның құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын болып табылады.