«Кестені толтыр» стратегиясы
Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте 4 бағаннан тұрады:
Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазу.
Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Мәтіннің ішінен негізгі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу.
Мәтінді оқудың төрт сатылы стратегиясы
Мәтінді сыни тұрғысынан оқу дағдысы төрт сатыдан тұрады:
1. Қарап шығу.
2. Ойлану.
3. Оқу.
4. Бағалау.
Әрбір сатыны қарастырып шығайық.
1-ші саты. Қарап шығу
Қарап шығу – бұл жалпы ұғым, түсінік пайда болу үшін кітаптың немесе мақаланың кейбір бөлімдерін қарап шығу. Орташа есеппен қарап шығу кітап үшін 15-20 минутты және мақала үшін 5-10 минутты құрайды. Сапалы қарап шығу әрекеті сіздің оқуыңызды жеңілдетеді, бүкіл шығарманы немесе оның бір бөлігін қайта оқудан құтқарады.
Қарап шығу келесі сұрақтарға жауап беруі керек: Автор қандай мәселені қозғауда? Осы мәселеге автордың көзқарасы қандай? Бұл кітаптың немесе мақаланың негізгі бөлімдері қандай? Автор өз көзқарасын дәлелдеу үшін қандай фактілерді келтіреді?Фактілер жеткілікті ме?
Егер оқып жатқаныңыз кітап болса, автор мақсатын білу үшін алғысөз бен кіріспені қарап шығыңыз; бөлімдер мен олардың бірізділігін байқау үшін мазмұнды қараңыз; жалпы шолу жасау үшін бір-екі бөлімнің басы мен аяғын көріп шығыңыз; кітаптың неге негізделгенін, автор қандай әдебиетке сүйенгенін білу үшін библиографияны қарап шығыңыз. Уақытыңыз болса, автордың пікірі мен ұсыныстарын білу үшін қорытынды бөлімді толық көріп шығыңыз. Кей-кезде соңғы бөлімде кітаптың негізгі идеясы туралы қысқа түсініктеме беріледі.
Егер оқып жатқаныңыз мақала болса, кіріспені, бөлім тақырыптарын, әрбір бөлімдегі бірінші абзацты және қорытындыларды қарап шығыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |