Оқушылардың «Өркен» ғылыми қоғамы Идрисов Мәди 10 сынып Үсенов Асылхан 10 сынып алгебралық есептерді геометриялық ТӘсілмен шешу


АЛГЕБРАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ШЕШУ



бет19/19
Дата10.03.2022
өлшемі0,67 Mb.
#27430
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
геометриялық тасил

АЛГЕБРАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ШЕШУ

Идрисов Мәди, Үсенов Асылхан

Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облыстық

мамандандырылған физика-математика

мектеп интернаты, 10-сынып,

Ғылыми жетекшісі: Ешмуратова Лида Исақызы

Зерттеу жұмысы алгебра курсында кездесетін теңдеулер мен теңдеулер жүйесі, математикалық программалау есебі және механиканың қозғалыс есептерін геометриялық әдіспен шығаруға арналған.

Жұмыстың зерттеу кезеңдеріне:



  1. Сызықтық және квадрат теңдеуді геометриялық әдіспен шешу әдістері туралы мәліметтер жинау;

  2. Квадрат теңдеуді геометриялық әдіспен шығарудың жаңа бір тәсілін ұсы­нып және осы тәсілдің қайшылықсыздығын дәлелдеу;

  3. Белгілі бір класқа жататын иррационал теңдеу мен теңдеулер жүйесінің шешімінің бар болуы мен жалғыздығын геометриялық тұрғыдан дәлелдеп, есепті шығару алгоритмін ұсыну;

  4. Қозғалыс есептерін шығару әдістерінің тиімділігін планиметрияның ме­три­­калық теорема­лары­на және алгебралық тәсілмен салыстыра отырып негіздеп беру жатады.

Зерттеу жұмысында қолданылған әдістемелер алгебралық есептің гео­метриялық баламасы болатын салу есептерін сауатты құрастыру, құрас­тырылған салу есептеріне талдау жүргізіп шығару, нәтижелерін плани­метрияның негізгі метрикалық және бір ғана жағдайдың болу мүмкіндігін тұжырымдайтын теоремаларын қолдана отырып зерттеу арқылы қоры­тынды­лар жасау.

Жұмыс нәтижесінде алгебралық есептерді геометриялық тәсілмен шыға­ру­дың тиімді әдістері бір жүйеге келтірілді. Сол сияқты, стандарт емес тең­деу мен теңдеулер жүйесін шешу алгоритмдері берілді.



Зерттеу нәтижесінің қолдану аялары өте кең. Жоба нәтижелерін мектеп­тегі кластан тыс жұмыстарда, экономикалық процестерді зерттеуге арналған математикалық есептерді шығару үшін қолдануға болады.
Әдебиеттер тізімі


  1. Рыбников К.А. Возникновение и развитие математической науки.- М.: Просвещение., 1987.

  2. Журнал математика в школе, 2004. №5

  3. Акулич И.Л. Математическое программирование в примерах и задачах. – М.: Высш.шк., 1986.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет