АЛГЕБРАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ШЕШУ
Идрисов Мәди, Үсенов Асылхан
Ақтөбе қаласы, Ақтөбе облыстық
мамандандырылған физика-математика
мектеп интернаты, 10-сынып,
Ғылыми жетекшісі: Ешмуратова Лида Исақызы
Зерттеу жұмысы алгебра курсында кездесетін теңдеулер мен теңдеулер жүйесі, математикалық программалау есебі және механиканың қозғалыс есептерін геометриялық әдіспен шығаруға арналған.
Жұмыстың зерттеу кезеңдеріне:
Сызықтық және квадрат теңдеуді геометриялық әдіспен шешу әдістері туралы мәліметтер жинау;
Квадрат теңдеуді геометриялық әдіспен шығарудың жаңа бір тәсілін ұсынып және осы тәсілдің қайшылықсыздығын дәлелдеу;
Белгілі бір класқа жататын иррационал теңдеу мен теңдеулер жүйесінің шешімінің бар болуы мен жалғыздығын геометриялық тұрғыдан дәлелдеп, есепті шығару алгоритмін ұсыну;
Қозғалыс есептерін шығару әдістерінің тиімділігін планиметрияның метрикалық теоремаларына және алгебралық тәсілмен салыстыра отырып негіздеп беру жатады.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістемелер алгебралық есептің геометриялық баламасы болатын салу есептерін сауатты құрастыру, құрастырылған салу есептеріне талдау жүргізіп шығару, нәтижелерін планиметрияның негізгі метрикалық және бір ғана жағдайдың болу мүмкіндігін тұжырымдайтын теоремаларын қолдана отырып зерттеу арқылы қорытындылар жасау.
Жұмыс нәтижесінде алгебралық есептерді геометриялық тәсілмен шығарудың тиімді әдістері бір жүйеге келтірілді. Сол сияқты, стандарт емес теңдеу мен теңдеулер жүйесін шешу алгоритмдері берілді.
Зерттеу нәтижесінің қолдану аялары өте кең. Жоба нәтижелерін мектептегі кластан тыс жұмыстарда, экономикалық процестерді зерттеуге арналған математикалық есептерді шығару үшін қолдануға болады.
Әдебиеттер тізімі
Рыбников К.А. Возникновение и развитие математической науки.- М.: Просвещение., 1987.
Журнал математика в школе, 2004. №5
Акулич И.Л. Математическое программирование в примерах и задачах. – М.: Высш.шк., 1986.
Достарыңызбен бөлісу: |