Оқушылардың шығармашылығын қалыптастырудың әдіснамасы Шығармашылық «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады»


Адалдық – ана сүті. Атадан ұл қалса, өзі



бет10/12
Дата07.01.2022
өлшемі1,78 Mb.
#17453
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Қалымбек Гүлайым

Адалдық – ана сүті.

Атадан ұл қалса, өзі қалғаны,



Атадан қыз қалса, ізі қалғаны.

Әкесіз жетім – жарты жетім,



Шешесіз жетім – анық жетім.

Адаспаймын деген адам, талтүсте адасады.



Ажалды киік ашыққа қашады.

Өз ұлың өзекке тепсең де кетпес,



Кісі баласын кісеңдесең де тұрмас.

7–жаттығу «Аталар сөзі – ақылдың көзі»



Мақсаты: Төмендегі нақыл сөздерді оқып, мазмұндарының не жөнінде екенін түсіндіріңдер де, қарамен жазылған сөздердің негіздерін, қосымшаларын анықтап жазыңдар.

1) Өз халқының қарғысына қалған –

Өзге халықтың алғысын алмас.

2) Шындық деген адамды

Жаралар да тазалар

Өтірікке әйтеуір

Ертелі-кеш жаза бар.

3) Өзің еккен өріктің

Өзге өріктен дәмі артық,

Өзің тіккен бөріктің

Басқалардан сәні артық.

4) Сөздің көбі киелі –

Жайсыз тисе жаралар,

Жайлы тисе,

Ем-дәрімен барабар.

5) Дәмділігін жаңғақтың,

Дәнегінен байқарсың.

Ықыласын жақсының,

Сәлемінен байқарсың.

6)Қас болып достасқан,



Асылын тапқандай,

Дос болып қастасқан,

Құрулы қақпандай

9–жаттығу «Сөз сыры»



Мақсаты:Мәтінді түсініп оқып шығыңдар. Мәтіннен негізгі сөздерді табыңдар. Оларды неліктен негізгі сөздер деп ойлайсыңдар? Осы сөздерден негіздес сөздер жасауға бола ма? Көнерген сөздердің тағы қандай түрлерін білесіңдер?

Сұрқылтай

Қазақта «әр ханның тұсында бір сұрқылтай» деген мәтел бар. «Сұрқылтай» сөзінің мағынасы «ханның кеңесшісі, ақылшысы, сөзін сөйлемейтін ділмары, ақыны» дегенді білдіреді.



Бес қару

Бұл – тілімізде аса кең тараған тұрақты тіркестерінің бірі. Әсіресе, батырлар жырында, ертегі, өлеңдерде жиі кездеседі. Бірақ бес қаруға нелердің жататынын екінің бірі біле бермейді. 1899 Орынбор қаласынан шыққан «Сборник киргизских пословиц» деген жинақта «Ер жолдасы – бес қару» деген мақалды келтіре отырып, оның екі түрлі түпнұсқасын береді. Олар:

а) пышақ (селбе), найза, қылыш, садақ, мылтық;

ә) пышақ, таяқ, біз, шақпақ, жіп (тұзақ).



Жырға

Жырға – асыл тастар мен моншақтарды тізіп, әйелдердің көп салпыншақты етіп жасаған сәнді бас киімі. Сәукеленің бір түрі. Ертедегі қазақ әйелдерінің бас-киім әшекейі. Дәлірек айтқанда, жырға – сәукеленің, бергектің, кейде сырғаның төгілме моншақтары, сәәнді салпыншақ шұбыртпасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет