Оқушының жазуға деген ынтасын қалай арттыруға болады?


Олардың құрамында майлар мен консерванттар көп, дәрумендер мүлде жоқ. Фаст-фуд құрамындағы химиялық қоспалар әсерінен созылмалы тұмау, ашушаңдық, аллергия, инфаркт сияқты сырқаттарға шалдықтыруы мүмкі



бет3/7
Дата27.05.2022
өлшемі2,36 Mb.
#35740
1   2   3   4   5   6   7

Олардың құрамында майлар мен консерванттар көп, дәрумендер мүлде жоқ. Фаст-фуд құрамындағы химиялық қоспалар әсерінен созылмалы тұмау, ашушаңдық, аллергия, инфаркт сияқты сырқаттарға шалдықтыруы мүмкін.

  • Қорытынды сөйлем:
  • Сондықтан, денсаулықты күту үшін шапшаң дайындалатын фаст-фуд өнімдерінен аулақ болу қажет.

    Мысалы:

    Мысалы:

    • Тақырыптық сөйлем:
    • Қолдаушы сөйлемдер:
    • Қорытынды сөйлем:

    «Дені саудың –жаны сау» демекші, адам өміріндегі ең басты байлығы –денсаулығы деп ойлаймын. Дені сау адамда бәрі де болады: бақыт та, байлық та, табыс та, жетістік те. Себебі, дені сау адамның өз мақсаттарын орындауға толық мүмкіндігі бар. Демек, денсаулық адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ал сол денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың қаншалықты маңыздылығы бар?
    Дұрыс тамақтанудың келесі бір шарты –майлы, тәтті, ащы, қоспасы көп тағамдарды мөлшерімен пайдалану. Мысалы, майлы тағамда холестирин көп болады да, қан қысымынң жоғарылауына әкеледі. Қантты, тұзды, химиялық қоспалары көп тағамдарды жиі пайдаланудың салдары инфаркт, инсульт, диабет, остеохондроз сияқты ауруларға әкеледі. Қазіргі уақытта пиццерия, бургер-кинг сынды жедел тамақтану орындарының көбейіп отырғанын ескерсек, қауіптің де екі еселенгенін сеземіз. Сол себепті, майлы, тәтті тағамдарды мөлшерімен ғана пайдалана білу керекпіз.
    Дұрыс тамақтанудың тағы бір алғышарты –күнделікті тамақтану рационымызда табиғи өнімдер мен жеміс-жидек, көкністерді күнделікті пайдалану. Себебі, олардың құрамы дәруменге бай екені дәлелденген. Мысалы, сүт тағамдарында кальций мол болса, ет тағамдарында ақуыз, жеміс-жидектерде А,В,С,Д,Е дәрумендері мол болады да, тоқсан түрлі ауруға ем болады. Сол үшін де, біз табиғи өнімдер мен жеміс-жидектерді үнемі қолдануымыз керек екен.
    Дұрыс тамақтанудың алғашқы шарты –уақтылы тамақтану. Қазіргі уақытта адамдар күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп мерзімімен тамақ ішуді ұмытады. Ал шындығына келгенде, адам күніне бес мезгіл тамақтануы керек. Мысалы адам жатар алдында тойып тамақ ішсе, оны түнімен қорыту қиындайды да, ас қорыту жүйелеріміз бұзылады және гастрит, асқазақ жарасы сияқты күні бүгінде өте жиі кездесетін ауруларға шалдығуымыз мүмкін. Сондықтан, асқазанымыз сау болсын десек, уақытымен тамақтануды әдетке айналдыруымыз керек.
    Қорыта келе, “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” демекші, майлы және тәтті, тұзды тағамдарды мөлшерімен қолданып, керісінше табиғи өнімдерді күнделікті тұтынуымыз қажет еке. Еліміздің ертеңі –біздер. Сондықтан елінің ертеңін ойлаған әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қараса, болашағымыз да жарқы болмақ.



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет