Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
#7304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Ауру дегеніміз не? 
 
«Ауруды жаратқан – Құдай, ауыртқан – Құдай емес».    Абай (28-ші қара сөз) 
 
Өмірдің негізгі заңы – бірқалыпты тепе-теңдікті сақтау (гомеостаз). Қандай жан иесі 
болмасын, өзінің ішкі өмір заңдылығымен тепе-теңдікке ұмтылады. Бұл заң қандай жан 
иесіне болмасын, алғашқы жарық дүниеге келген сәтінен бастап әсер етеді. Бұл өмірдің 
тепе-теңдік қалпы қандай жағдайда болмасын мүлтіксіз сақталады. Тірі жан иесіне Ақиқат 
– 
сыртқы жағдаймен әсер етеді. Ол осыған жауап береді. Тірілер мен өлілердің айырмасы 
осында. Сау ағза – үйлесімділік пен тепе-теңдік сақталған қалып. Қазіргі өмір сүру 
жағдайында тепе-теңдікті сақтау оңай емес. Егер осы тепе-теңдік бұзылса, оны жөндеуге 
болады. Ағзаның өзі де осы тепе-теңдікті үнемі бірқалыпта ұстауға тырысады. 

         
Ауру – тепе-теңдік қалпының бұзылғанының белгісі. Жүйке жүйеміздің ұшы, белгілі 
бір мүшеде жағдайдың дұрыс болмай жатқанын білдіреді. Ауырсыну – сау қалыптың бізге 
айтқысы келген әрекеті. «Ей, пенде! Сен назар аударатын бірдеме бар». Егер адам осыған 
көңіл бөлмей, ауырсынған мүшесін дәрі-дәрмектермен тұншықтыра берсе, онда адамның 
Ғазиз жаны ауырсынғанды үдетіп, қоздырып жібереді. Осы белгінің көмегімен Ғазиз жан 
– 
өзінің қамқорлығын білдіріп, бізге жайлы жағдай жасау мақсатымен, «сенің бір мүшең 
дұрыс емес» деп жеткізеді. Сондықтан, өз ауруыңызға құрметпен қараңыз. 
Емделерден бұрын, ауруға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз 
 
«Адам  ағзасы  физика,  химия  заңдарына  сәйкестендіріліп  жасалған.  Олар  ешуақытта 
өзгермейді.  Бұл  заңдар  әрбір  жүйкеге,  әрбір  талшыққа,  әрбір  мүшеге  жазылған.  Бұл 
заңдар  жасаушаларды,  талшықтарды,  мүшелерді  басқарады  және  әрқайсысына 
міндеттерін  бөліп  берген.  Бұл  заңдар  бүкіл  ағзаны  аралайтын  жүйке  жүйесі  арқылы 
әрекет  етеді,  жүйке  жиілігін  тудыратын  және  санаға  тікелей  бағынбайтын  талшық 
жүйке жүйесі арқылы да заңдарды іске асырады». 
Хенри У. Волммер, медицина докторы 
 
Емделерден бұрын, ауруға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Ауруыңыз қатерлі болса да, 
ешуақытта  ауруға  жаман  бірдеңе  ретінде  қарамаңыз.  Бұл  ауруды  –  өзіңіздің  Ғазиз 
жаныңыз  тудырғанын  ұмытпаңыз.  Ғазиз  жан  –  үнемі,  қай  жерде  болмасын  сіздің 
қамқоршыңыз,  қорғаушыңыз.  Ауру  тудырғанда  –  осының  нақты  себептері  болды. 
Өзіңіздің  ағзаңызды,  ауруыңызды  сөгуге,  ұрсуға  асықпаңыз.  Аурумен  арпалысудан  бас 
тартыңыз. Керісінше, осы ауруды берген Жаратушыға, Ғазиз жаныңызға алғыс айтыңыз. 
Аурудың өзіне алғыс айтыңыз. Тіпті бұлай істеу ыңғайсыз болса да істеңіз. 
           
Қазіргі  қалыпты  медицинаның  ауруларды  жаза  алмайтын  себебі,  олар  аурумен 
арпалысады, күреседі. Былайша айтқанда оны тұншықтырып, салдарын жоюға тырысады. 
Аурудың пайда болу себебі, Ғазиз жанның тұңғиығында болып, өзінің талқандайтын ісін 
әрі қарай жалғастыра береді. 
         
Енді  мынандай  көрініс  пайда  болады.  Ғазиз  жан  ауруды  жасап,  өз  тілінде  бізге 
белгілі бір ақпарат, ескерту бермекші болуға талпынады. Бірақ, біз дәрігерге барып, осы 
ақпаратты  дәрі-дәрмектермен  тұншықтырамыз.  Өзімізбен-өзіміз  арпалысып,  осының 
құралы ретінде қымбат дәрі-дәрмектерді сатып аламыз. Ақылға қона ма? ! 
         
Дәрігердің міндеті – ағзаға бөгет жасамай, оның әрекетін тұншықтырмай, керісінше 
«ішкі  дәрігерге»  жәрдем  беру  ғой.  Ойланатын,  басы  істейтін  дәрігер  өзін-өзі  емдеуді 
жандандыра, жани түседі. Өзін-өзі емдеу жайын ойланыңыз. Сіздің ағзаңыздың өзі тепе-
теңдікке  ұмтылады.  Сондықтан,  неге  сізге  осыған  көмекші  болмасқа?  Өйткені,  біздің 
әрқайсымызда «ішкі дәдігеріміз» бар. 
         
Біздің мәдениетімізде, ауруды бізге байланысы жоқ қасірет деген пікір қалыптасқан. 
Осының себебін өздері түсінбейтін айдаладан іздейді. Осы жағдай өте ыңғайлы бекініске 
отыруға мүмкіндік береді: «Мен өз ауруыма жауапты емеспін. Бұған дәрігерлердің басы 
ауырсын». 
         
Адам  өзінің  ауруының  жауапкершілігін  өзіне  жүктемесе,  онда  жазылмайтын 
созылмалы түрге ауысып, келесі ауруды тудыра береді. Осы кезде адам: жағдайды, жаман 
ауа райын, туған-туысқандарын, жұмысын, дәрігерлерді т.б. кінәлай бастайды. Ол өзінің 
ішкі жан дүниесіне үңілуді, өзіне-өзі көмектесуді ұмытады. 
         
Енді  қазіргі  медицинаның  ауруға  деген  көзқарасының  байыбына  барайық. 
Дәрігерлер  алдымен  ауруды  анықтап(  диагноз)  ,  оған  белгілі  атын  қояды.  Сонан  кейін 
дәрі–дәрмектермен ауруды тұншықтыра бастайды. Олар зардапты жеңілдетеді, бірақ ауру 
баяғы  «таз  қалпында»  қалып,  созылмалы  түрге  ауысады.  Бір  мүшеден,  екінші  мүшеге 
көше бастайды. 

         
Дәрігерлер  дәрі-дәрмектердің  көмегімен  жүріп-тұратын  «балдақ»  береді.  Ол  осы 
«балдақпен»  жүруге  үйренеді.  Қалай  ойласаңыз,  солай  ойлаңыз  қазіргі  қалыпты 
медицинанаың істеп отырғаны ақылға қонбайды! 
         
Бұған  дәрігерлер  кінәлі  емес.  Медициналық  оқу  орындарында  6...8  жыл  бойы, 
оларды  белгілі  бір  тәртіп  оқу  жүйесімен  оқытады.  Өзіңіз  ойлаңызшы,  өткен  ғасырларда 
қазақ даласында аурухана дегендер атымен болған жоқ қой. Адамдарды бақсы-оташылар, 
балгерлер: Ғазиз жанның, сананың көмегімен, сырқатқа басқа тәртіп бағдарламасын беріп, 
өзін-өзі жазып алуына қол үшін берген. 
Қазіргі қалыпты медицинада өте қызық жағдай қалыптасқан 
 
Қазіргі  қалыпты  медицинада  өте  қызық  жағдай  қалыптасқан.  Жаңа  дәрі-дәрмектерді, 
жаңа  емханаларды,  зерттеулерді  жасау  үшін,  аса  көп  мөлшерде  қаржы  жұмсалады. 
Өкінішке  орай,  ауру  азайғанның  орнына  күн  санап  өршіп,  созылмалы  түрге  ауысып, 
мүлдем  жаңалары  туындап  жатыр.  Ауруды  емдемейді  –  тұншықтырады.  Тіпті  қазіргі 
құрал-жабдықтар адамның нәзік денелеріне әсер ете алмайды. Олар ауруды Ғазиз жанның 
түбіне тығып тастайды. 
Қалыпты  медицина  өзінің  химиялық  т.б.  әдістерін  ғана  қолданып,  адамның  ішкі 
жан дүниесіне үңілмейді. Бұған аса маманданудың тигізіп жатқан ықпалы орасан. Дәрігер 
бір  мүшеге  немесе  жүйеге  ғана  жауапты.  Екінші  шырылдаған  шындық  –  медицинаны 
ақшаның,  сауданың  көзі  дәрі-дәрмектерге  тәуелді  етіп,  матап  тастаған.  Олар  ана  дәрі, 
мына  дәрі  жақсы  деп,  адамның  ашып  жүрген  миын,  онан  әрман  ашытады.  Түкке 
тұрмайтын  дәрілерін  жаңғыртып  жарнамалап,  науқас  сорлының  қалтасындағы  қалған 
тиін-тепшігін қақшып алады. Өздері түк болмағандай безірейіп отыра береді. 
Хирургтер пышақтарын жалаңдатып, ақша үшін: «Сенің ана мүшең, мына мүшең 
артық,  балаңды  ішіңді  жарып  алмасақ  өздігіңнен  туа  алмайсың»,  –  деп  төндіріп,  сау 
адамды  сойып  кембағал,  жас  келіншектерді  қайта  бала  көтермейтін  бедеу  етеді.  Бұл  да 
ұлтымыздың басына төнген бір қатер! Науқасқа ешкімнің жаны ашымайды, адам туралы 
қамқорлық ұмытылған! 
Көпшілік  хирургтардың  өз  дәріханасы  бар.  Дәріні  тек  өзінің  деріханасынан  ғана 
сатып  алуға  мәжбүрлейді.  Бәрінің  ойлайтыны   –  ақша,  ақша,  ақша!  Науқас  мүлдем 
ұмытылған.  Жаңадан  жасалған  дәрі-дәрмектермен   алдымен  хайуанаттарға  сынақ 
жасалады. Сондықтан, дәрінің салдары өте қатерлі, қауіпті. Бұлай деп қазіргі медицинаны 
мүлдем жоққа шығаруға да болмайды. Медицина ауруды жеңілдетеді, бұның өзі жақсы. 
Адамның жүрегі қысса, басынан жарақат алса, апатқа түссе т.б.  шұғыл жағдайларда тез 
арада медициналық жедел жәрдем қажет. 
Бұл  арада  жан  туралы  әңгіменің  өзі  артық.  Жоғарыда  жазылған  әдістер  арқылы, 
ауруыңыздан  жазылып  қана  қоймай,  үнемі  сау  қалыпта  болуды  үйренесіз.  Бұл  сананың 
жаңа қалпы. 
Біздің  ата-бабаларымыз  табиғатпен  үйлесіп,  тепе-теңдік  қалыппен  өмір  сүріп, 
жарық дүниеге: Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексебай, Тоқсанбайларды әкелді емес пе? 
!  Өкінішке  орай,  қазіргі  таңда  қамал  алар  қырықтан  кейін  белден  айырылып,  атқа 
айланған азаматтарымыз жыртылып айырылады. 
Дәрігер философ болу керек. Немесе даналық ілімін терең игерсе одан артық емші 
болмайды! 
Рухани  надандықтың  салдарынан,  көптеген  сырқат  адамдар  ауруының  ішкі  жан-
дүниесінде пайда болатынын қабылдай алмайды. Олар бұған дайын емес. Бұлар «сиқырлы 
дәрі», «ғажайып қондырғы» арқылы емделгісі келеді. 

Пенде  ауруды  өзі  тудырып,  сонан  соң  осыны  басқа  біреу  жазса екен  дейді.  Дәрі-
дәрмектер  әсер  етпеген  соң  дәрігерді  кінәлайды.  Дәрігер  әлі  бірде-бір  адамды  емдеген 
емес. 
Ұлы  адамдардың  біреуі  айтқан  екен:  «Табиғат  емдейді,  ал  дәрігер  марапатталып 
атақ алады», – деп. 
Дәрігер  науқастың  сауығуына  көмектесуіне  міндетті,  немесе  денсаулығын 
бірқалыпты ұстап жүруіне. Дәрігер ең алдымен емші болуы қажет. Егер біз өз әлемімізді, 
өмірімізді өзіміз құратын болсақ, онда ауруымызды да өзіміз тудырамыз. Өмірімізде неге 
ие  болсақ,  ол  біздің  Ғазиз  жанымызбен,  санамызбен  үйлескен.  Біздің  ауруымыз  да  – 
ойымыздың  ұстанған  тәртібіміздің  фәни-заттық  әлемдегі  шағылысы.  Ауруымыздың 
себебі, біздің ішкі жан-дүниемізде бұғып жатыр. 
Екінші жағынан, ауру – келеңсіз тәртібімізден, қара ниетімізден, қоршаған ортаның 
табиғат заңдылықтарын түсінбеуден қалқан болады. «Экология мен тамақ қайда қалады? 
»,  – 
деп сұрарсыз. Қоршаған орта, тек қана ауруды жетілдіретін, өсіріп-өрбітетін негізді 
ғана құрайды. 
Адам  ағзасын  көз  алдымызға  елестетейік.  Онда  тән,  жан,  Ғазиз  жан,  сана,  нәзік 
денелер және рух бар. Біздің дене мүшелері туралы, сана жайлы аз-мұз хабарымыз бар. 
Ғазиз  жан  туралы  бейхабармыз.  Бұл  тақырып  ұзақ  уақыттар  бойы  құлыптаулы  болды. 
Бұлай  болуы  өте  жақсы.  Осылайша  адамзаттың  киесінің  киелісі  сақталды.  Соңғы  кезде 
адамның Ғазиз жанына тереңдеп ену белең ала бастады. 
Теледидар,  радио,  баспасөз  беттері  арқылы:  аурудан,  көз-тілден,  қара  дуадан  т.б. 
зиянды заттардан, әдеттерден құлыптаудың (кодирования) әртүрлі әдістері пайда болды. 
Бұл  жағдайда  Ғазиз  жандағы,  санадағы  аурудың  негізгі  себептері  ескерілмейді.  Осыны 
жүргізетін  дәрігерлердің,  бақсы-балгарлардің  өздері  де  толық  білмейді.  Білімдері  таяз. 
«Аңқау елге арамза молда» болып жүр. 
Мысалы,  дәрігер-психотерапевт  маскүнемдерді  емдейді,  ал  өзі  ішімдік  ішеді. 
Дәрігердің  өзі  ауру  –  екінші  ауруды  емдеуге  тырысады.  Көз  дәрігері  көзәйнек  тағады. 
Көптеген  экстрасеанс  жүргізетіндер  өздерін-өздері  емдей  алмайды.  Бірдеңе  дұрыс  емес! 
Олардың қолданып жүрген әдістері нағыз емдік әсер етпейді, әйтпесе өздерін емдеп алмай 
ма? 
 
Ауру – біздің санамызға теп-теңдіктің бұзылғаны жайлы хабар 
 
Ауру  –  біздің  санамызға  теп-теңдіктің  бұзылғаны  жайлы  хабар.  Осыны  тәндік 
деңгейде теңестіруге талпынады. 
Мысалы,  сусамырмен  (қант  диабеті)  ауырғанда  инсулин  егеді,  жүрек  ауырғанда 
гликозидтерді. Бірақта, бұның бәрі уақытша жеңілдетеді. Тамақты теңестіру, жаттығумен 
шұғылдану,  физиотерапия,  аштық  ұстау,  тыныс  алу  жаттығуларын  жасау,  суық  суға 
шомылу жақсы көмектеседі. Бірақ, барлық ауруларға бірдей емес. 
Нәзік  денелердің  тұңғиығында  тығылып  жатқан  аурулар  бар.  Ол  біздің  ойымыз, 
сезіміміз,  қылығымыз,  тәртібіміз,  әлемге  көзқарасымыз.  Адамның  санасы  мен  тәні  өзіне 
ақпараттардың  1...5  пайызын  ғана  ұстап  тұра  алады.  Негізгі  ақпараттар  оның  Ғазиз 
жанында.  Адамның  Ғазиз  жанында  оның  ата-бабасынан  тұқым  қуалап,  атадан  балаға 
беріліп келе жатқан барлық бағдарламалар жиынтығы бар. 
Ауру  тек  қана  бір  мүшені  ғана  емес,  бүкіл  ағзаны  ойсырата  бастайды,  оның 
қорғаныс жүйесін (имунная система) , сонан соң тұқымына беріледі. 

Адамның  нәзік  денелеріне  ықпал  ететін  қондырғылар  уақытша  жақсартқанымен, 
оның тәнінің негізгі қорын құртады. Сауатсыз, надан экстрасеанс, бақсы-балгер, емшілер, 
қазіргі психогенератор қондырғылары аспирин т.б. сияқты дәрілерден де қауіпті. Қалыпты 
медицина әзірше ауруды тұншықтыратын неше түрлі әдістерді ойлап тауып, бүкіл адамзат 
баласын азапты да, біртіндеп өлетін ажалға жетелейді. 
Адамның Ғазиз жанында өзінің ата-бабалары жайлы барлық ақпарат тылсымдалып 
құлыптаулы  жатыр.  (Код).  Осы  құрылым  адамның  болашағын  жасайды.  Көріпкелдердің 
бал  ашып  болашақты  болжай  алуы  осымен  түсіндіріледі.  Балгер  картаны,  алақандағы 
сызықтарды, құмалақты т.б. өзіне тән құралдардың көмегімен адамның Ғазиз жанындағы 
ақпаратты сана деңгейіне алып келеді. Бұнда тұрған тылсым ештеңе жоқ. Біз осы ілімді 
терең  білсек,  өз  тағдырымызды  өзіміз  жасаймыз.  Балгерлер,  көріпкелдер  тек  Ғазиз 
жаныңдағы өзіңді ұстау тәртібіңді, ойлау жүйеңдегі жазылған ақпаратты ғана оқи алады. 
Ғазиз жанда адамның өзін ұстау тәртібінің және бүкіл Әлемнің ақпарат құрылымы 
сақталған. Егер де, адам өзінің тәртібімен, ойлау жүйесімен бүкіл Әлемдік ағзаға қарама-
қайшы  келсе,  онда  үйлесімділік  пен  тепе-теңдік  бұзылады.  Осының  салдары  адамның 
тағдырына  әсер  етіп,  ауру  туғызады.  Көз  алдыңызға  елестетіңізші,  егер  бір  жасауша 
ағзаның  заңдылығымен  өмір  сүрмесе,  онда  ағза  үшін  ауру  жасаушаға  айланады,  ағза 
осыны алғашында емдеуге талпынады, егер нәтиже болмаса – құртады. 
Ауру – өзіңіздің Ғазиз жаныңыздағы: сіздің бір тәртібіңіз, белгілі бір ойыңыз, сезім 
құбылысыңыз,  қылығыңыз  бүкіл  Әлемдік  заңмен  қарама-қайшылыққа  түскенін 
хабарлайды,  осының  хабаршысы.  Қандай  болмасын  аурудан  жазылу  үшін,  ең  алдымен 
өзіңнің  ойлау  жүйеңді,  тәртібіңді,  қылығыңды,  сезім  құбылысыңды  бүкіл  Әлемдік 
заңдармен үйлестіру шарт. 
Бастығымен жанжалдасып жаны қалған адам 
 
Емшінің қабылдауына өкпесі қабынып, кейіннен асқынып кеткен ер адам келеді. 
Ауруы  өте  ауыр  жағдайда  өтеді.  Ағзасы  антибиотиктерді  қабылдамайды.  Емші  оның 
Ғазиз жанымен байланысқанда мына себептер белгілі болады. Оның ауруының туындау 
себебі,  жұмысында  бастығымен  болған  жанжал.  Осының  салдарынан  жан-дүниесіндегі 
бастығына  деген  реніш:  біртіндеп  бүкіл  әлемге  деген  «қара  қазандай»  өкпеге,  жәбірге, 
ренішке ұласқан. 
– 
Түсінесіз бе, – дейді емші, 
– 
реніш:  Ғазиз  жаныңыздың  бір  адамға  ғана  емес,  оның  үрім-бұтағына  өлім  тілеу.  Бұл 
талқандайтын  бағдарлама.  Бүкіл  әлемдік  әділеттілік  Қарымта  заңы  бойынша  өзіңізге 
қайтып оралған. 
– 
Жаза ретінде ме? , – деп сұрайды науқас. 
– 
Ешқандай  да  жаза  емес.  Ауру  –  сіздің  ойыңыздың,  қылықтарыңыздың,  сезім 
құбылыстарыңыздың фәни әлемдегі шағылысы немесе заттық көрінісі. Ой –тылсымдалып 
құлыпталған ақпарат, ерекше қуат. Осы қуат пен ой қайтсе де заттық-фәни әлемде өзінің 
сыртқы  бейнесін,  көрінісін  көрсетеді.  Бұл  ішкі  жан  дүниеңіздің  айнадағы  шағылысы 
сияқты құбылыс. «Ішкі ақиқатың – сыртқы келбетің». Егер ойыңыз талқандау, быт-шытын 
шығару, мысалы – реніш, өкпе, біреуді сыртынан жамандау, көре алмаушылық т.б. болса, 
ол ауруға айланады. 
– 
Енді менің не істеуім керек? 
– 
Бұны жоюдың бірақ амалы бар. Ол өз бастығыңды кешіріп, осы жағдай үшін алғыс айту. 
– 
Бастығымдікі дұрыс емес болса, оған қалай алғыс айтамын? Кешіруге болады. 

– 
Негізінде Жоғарғы Санаға, Құдайға осы жағдайды жасағаны үшін алғыс айтыңыз. Сізге 
түсіну  керек,  реніштің  себебі  бастығыңызда  емес,  өзіңіздің  ішкі  жан-дүниеңізде  екенін. 
Осы  жағдайды  өзіңіз  жасадыңыз.  Келіңіз,  осы  жанжалды  қалай  өзіңізге  тартып 
алғаныңызды анықтайық. 
         
Ары  қарай  емші  мен  науқас  Ғазиз  жанмен  жұмыс  істеп,  жанжалдың  себебін 
анықтауға  кіріседі.  Себеп  –  жылдар  бойы  қорланған  ашуы,  реніші,  бастықтарға  деген 
өкпесі, өзінің жұмысына қанағаттанбауы, өзіне деген сенімсіздігі болып шықты. 
         
Осыдан  кейін  әлгі  еркек  тәубәсіна  келіп,  кешірім  сұрап,  алғыс  айтқаннан  кейін, 
өзінің  Ғазиз  жанындағы  қара  ниетінің  бағдарламасын  залалсыздандырған  соң:  өзіне, 
жұмысына, бастықтарына көзқарасын өзгертіп еді, ауруы із-түзсіз жоғалып кетті. 
Ауру – әлгі еркектің алдыға жылжып, рухани дамуына, жан-дүниесінің жетілуіне 
жетелеген күш болды. Ол өзінің ауруын онан әрман тұншықтыруын жалғай берсе, онда ол 
өзінің  ренішімен,  өкпесімен  құрған  талқандайтын,  бұзатын  бағдарламаны  тоқтату  қиын 
болатын. Бұл бағдарлама тек өзіне ғана емес, балаларына да берілер еді. 
         
Біраз  уақыттан  соң  әлгі  еркектің  баласы  қышымамен  ауырды.  Әкесі  бұны  өткен 
жағдаймен байланыстырмады. Бірақта, әкесінің жан-дүниесі тазаланып болғанда, баласы 
өзінен-өзі жазылып, сақайып кетті. 
Адамның ой-өрісінің алапат күші 
 
«Біз өмірге не берсек, одан тек соны ғана табамыз».       Эмерсон 
 
Аурудың  себебі  сыртымызда  емес,  ішкі  жан-дүниемізде  екенін  түсінетін  уақыт  жетті. 
Басты  себеп,  біздің  көзқарасымыздың  өзі  сау  емес.  Емделу  үшін  алдымен  өмірге  деген 
көзқарасымызды өзгертуіміз қажет. 
         
Әрбір  пенде  баласы  Ғарыштың  бір  бөлшегі.  Сондықтан,  ол  соның  заңдылығымен 
өмір  сүруі  қажет.  Егер  ішкі  жан-дүниеңде  үйлесімділік  болса,  онда  сыртыңда  да 
үйлесімділік болады. 
         
Ғарыш  әлемінің  заңдылығын  түсіндіру  әрекеті,  сонау  ықылым  заманнан  бері  келе 
жатыр. Әртүрлі дін ағымдарында хадистер, сүрелер, аяттар түрінде берілген. Бізден қажет 
ететіні,  тек  қана  осыларды  түсіну.  Бұрынғы  адамдар,  қазіргілермен  салыстырғанда 
анағұрлым діндар болған. Олар киелі кітаптардағы қағидаларды бұзбауға тырысқан. 
         
Қазіргі «өркенниетті» әлемде негізгі бағыт: фәни-заттық жалған әлемнің қызығы, ал 
рухани  дамуға  көңіл  аз  бөлінеді.  Бұл  адамзатқа,  әлемге  қандай  қатер  төндіреді? 
Ақырзаман. Осымен көріпкелдер бізді қорқытады. Ой адамнан туындап, біржақты қуатқа 
ие.  Ойдың  күші  Ғаламат!  Ғалымдардың  есептеуі  бойынша  адам  ойының  қуаты,  атом 
қуатына  қарағанда  шексіз.  Адамдар  өздерінде  қандай  алапат  қуат  күш  қорының  бұғып 
жатқанын сезбейді, білмейді. Осы қуат құртатын да, құрайтын да күшке ие! 
 
Бұрынғы  АҚШ-тың  Орталық  барлау  басқармасының  және  саяси  барлаудың 
директоры Аллен Далестің құпия нұсқауы: «Американың СССР-ге қарсы күресінің 
негізі» 
 
Бұл  нұсқауда  былай  делінген:  «Соғыс  бітеді,  бәрі  өйтіп-бүйтіп  орнына  келеді.  Біз 
барымызды:  алтын  және  қажетті  күшімізді  адамдарды  топас,  жынды-сүрей  қылуға 
жұмсаймыз.  Адамның  миы  мен  санасы  өзгеруге  бейім.  Берекесіздіктің  ұрқын  шашып, 
олардың бағалысын, киелісін – жалғанға, елеске алмастырып осыған сендіреміз. Қалай? 
         
Біз  Ресейден  өзіміздің  одақтастарымызды,  көмекшілерімізді,  көзқарасымызды 
бөлісетін  адамдарды  табамыз.  Белестен-белеске  шыға  отырып,  жер  бетінде  ең 
бағынбайтын  халықтың  өзіндік  санасын  түбегейлі  өзгертіп,  бұрын-соңды  болмаған 
ауқымдағы, сөндірсе сөнбейтін қасіретті әкелеміз. 

         
Әдебиет, театр, кино – адамның ең жаман қылықтарын көрсетіп, осыны дәріптейтін 
болады.  Біз  адамның  санасына:  зорлық-зомбылықты,  жеңіл  жүрісті,  ойнастықты,  жөнсіз 
жыныс  қатынасын,  қаныпезерлікті,  сатқындықты  сіңіретін  адамдарды  қандай  жолмен 
болмасын,  демеп  отырамыз.  Мемлекет  басқаруда  бей-берекетсіздік  пен  белгісіздікті 
құрамыз.  Біз  білдірмей,  бықсып,  шала  жанып  жатқан  мемлекет  қызметкерлерінің 
есерсоқтығын, пара алғыштығын, жауапкерсіздігін үнемі қарқынды түрде үрлеп, лаулата 
түсеміз. 
         
Адалдық  пен  адамгершіліктің  ешкімге  де  қажеті  болмай,  өткеннің  сарқыншағы 
болып,  бұндай  адамдарды  жұрт  келемеждеп,  мазақтап  күлетін  болады.  Озбырлық,  баса 
көктеушілік,  өтірік,  алдау,  маскүнемдік,  бәңгішілік  (наркомания)  ,  сатқындық, 
ұлтшылдық, ұлт пен ұлттың өшпенділігін түгелдей адамдардың санасына сіңіреміз. 
         
Не  болып  жатқанын  тек  санаулылар  ғана  мөлшерлеп  сезетін  болады.  Бірақ,  біз 
бұндай адамдарды тығырыққа тіреп – дәрменсіз етіп елге күлкі-мазақ қыламыз. Оларды 
қоғамның қалдығы деп хабарлап, жанған «құйрық» байлап қоямыз. 
         
Халықтың  әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрін,  рухани  негізін  түбірімен  жұлатын  боламыз. 
Біз осылайша буыннан соң буынды шатқаяқтата, теңселте беріп, адамдарды бала, бозбала 
кезінен  санасын  уландыра  береміз.  Негізді  әрқашан  жастарға  салып,  оларды  жидітіп, 
шірітіп, талқандай бастаймыз. Біз бұны осылайша іске асырымыз. 
 
Ойдың құдіреті:  ащы судың тұщы суға айлануы 
 
Адам  ой-өрісінің,  ынта-жігерінің  судың  құрамын  өзгерте  алатыны  жөнінде  «Үш 
анық»  кітабында  Шәкәрім  әулие жазған  мынандай  оқиға  бар.  1881  жылы  Ливерпульдан 
Сан-Францискоға  қарай  бет  алған  кемеде  өрт  болып,  кеме  суға  батады.  Қайыққа  мініп 
аман  қалғандар  көп  уақыт  су  бетінде  болады.  Ішейін  десе  ішетін  су  жоқ.  Аман  қалған 
кеменің  капитаны  артынан  былай  деп  әңгімелепті.  Ешқандай  лаж  қалмаған  соң,  біз 
барлығымыз  Құдайға  жалбарынып,  барлық  күш-қайратымызбен  «қайықтың  сыртындағы 
су  ащы  емес»  деп  өз  ойымызды  шоғырландыра  бастадық.  Сөйтіп,  біраз  уақыт  шыдаған 
соң мұхит суын ішіп көрсек, оның суы шынында да ішуге болатын тұщы болып шықты! 
Сөйтіп, біз өлімнен аман қалдық, дейді. Осылай адам ойының, қуат-жігері әсерінен ішуге 
келмейтін  теңіздің  ащы  су  өзінің  құрылымын  өзгертіп,  тұщы  суға  айналған.  Інжілде 
айтылатын Иса пайғамбардың суды шарапқа айналдырған ісін де ғалымдар осылай, судың 
құрылымын өзгертумен түсіндіреді. 
         
Адам біреуге ренжіп, оған талқандайтын ой бағыштаса, ол ой өзіне қасірет, зардап, 
ауру, азап түрінде қайта оралады. 
         
Керісінше, сүйіспеншілік пен құрайтын жағымды ойды бағыштаса, онда ол ойы өзіне 
қуаныш  пен  жетістік  әкеледі.  Бұл  арада  бүкіл  әлемдік  әділет  Қарымта  заңы  мүлтіксіз 
жұмыс жасайды. Адамдар Ғазиз жан деңгейінде бірін-бірі қырып-жояды, сонан соң ауру 
неге азаймайды деп таңырқайды. Қазіргі әлемде зорлық-зомбылық өте көп. 
Адамның  өмірге  деген  көзқарасының,  оның  әкелетін  ғажап  салдарының  әсерінен  қазіргі 
медицина  «жазылмайды»  деп  аталатын  аурулар  жазылып  кетеді  және  өмірде  өз  орнын 
тауып: бақытқа, молшылыққа шомылады. 
 
Ғазиз  жандағы  қара  ниет  бағдарламасын  залалсыздандыру,  тек  қана  адамның 
ауруын емдеп қана қоймайды, оның тағдырын өзгертіп, балалары да сырқаттарынан тәуір 
болып, тағдырлары тамаша жаққа қарай өзгеріп кетеді. 
 
Қорытынды: 
 
Егер сіз ауру болсаңыз, онда Ғазиз жаныңыздағы ойлау жүйеңіз, қылығыңыз, тәртібіңіз, 
ниетіңіз  бүкіл  Ғарыштық  заңдылықтарға  «томпақ»  келтіріп  тұр  деген  белгіні  хабарлап 

жатыр. Осы аурудан емделу үшін: біріншіден, қанда ойлар, қай тәртіп, қандай қара ниет 
екенін  анықтап  алу  қажет.  Екіншіден,  Ақиқаттың,  Ғарыштың  заңдылықтарын  бар 
болмысыңмен  білуің,  түсінуің,  қабылдауың  шарт.  Қандай  аурудың,  кедейшіліктің, 
қайыршылықтың  болмасын  түпкі  себебі:  адам  өз  өмірінің  үш  негізін  түсінбеуден 
туындайды: 
 1.     
Өз өміріңнің мақсатын, мән-мағынасын, не үшін жарық дүниеге келгенін түсінбеу. 
2.     
Ғарыштың заңдылығын түсінбеу, қадағалап сақтамау. 
3.     
Ғазиз жанында – қара ниеттің, құртатын ойлардың, жексұрын қылықтардың, қауіпті 
сезімдердің болуы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет