Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге


Өзіңіздің жеке тарихыңызды қайта төңкеріп қарау



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
#7304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 
Өзіңіздің жеке тарихыңызды қайта төңкеріп қарау 
   
«Ойға түстім, толғандым, 
                            
Өз мінімді қолға алдым. 
                            
Мінезіме көз салдым, 
                            
Тексеруге ойландым».  Абай 
       
Біздің  Ғазиз  жанымыз  әркімнің  жеке  өзіндік  тарихын  құрады.  Ол  тарих  –  біздің 
өміріміздің оқиғалары. Ғазиз жан – бұнымен пенде баласы жерге шыр етіп түскен сәттен 
бастап шұғылданады. Ғазиз жанымызда біздің өміріміз жайлы барлық ақпараттар бар. Біз 
ержете  келе  тәжірибе  жинақтаймыз.  Бірақ,  біздің  өміріміз  өткен  өміріміз  бен 
тәжірибелеріміз арқылы құралатынын білмейміз. 
         
Қоршаған әлемге саналы түрде қарау үздіксіз өзгеріп отырады. Ғазиз жан өміріміздің 
бастауындағы және өткеніміздегі қалыптасқан көзқарасымызды ұстанады. 
         
Мысалы,  балалық  шағыңызда  өзіңізге  қатты  әсер  еткен  оқиға  болса,  онда  есіңізде 
болсын! Ғазиз жаныңыздың бір бөлігі оны сәби күніңіздегі көзқараспен қарап, өміріңізге 
елеулі  ықпал  етеді.  Сондықтан,  өзіңнің  жеке  тарихыңды  түбегейлі  төңкеріп,  Ғазиз 
жаныңыз  арқылы  өткенге  басқаша  қарап,  басқаша  баға  беріп:  қалыптасқан 
көзқарасыңызды өзгертесіз. 
         
Біз өз әлемімізді, өз өмірімізді, өзіміздің тәртібімізбен – өзіміз құрамыз. Біздің өмірге 
деген  көзқарасымыз:  бастапқыда  ата-анамыздың,  мектептің,  кітаптардың,  теледидардың 
әсерімен  біртіндеп  қалыптасады.  Уақыт  өте  келе,  осының  бәрі  Ғазиз  жан  тәртібі 
бағдарламасына айланады. 

Бұның шағылысын, жаңғырығын өзіміздің өмір сүріп жатқан әлемнен көруге болады. Өз 
өмірімізді  қайта  қарау  арқылы,  өзіміздің  Ғазиз  жанымыздағы  бағдарламаны  өзгертеміз. 
Яғни, өзіміздің әлемімізді, өмірімізді, тағдырымызды өзгертеміз. 
         
Ауру дегеніміз – өзіміздің келеңсіз ойларымыздың, жаман қылықтарымыздың, теріс 
сезім құбылыстарымыздың фәни – заттық әлемдегі шағылысы, жаңғырығы, бейнесі. Сол 
үшін,  өзіңнің  жеке  тарихыңдағы  ауруға  себепкер  болған  оқиғаларды  табудың  өте  зор 
маңызы  бар.  Өткен  тарихтағы  келеңсіз  оқиғалар,  өмірді  осылай  қабылдауға 
қалыптастырады. 
         
Адамдардың  запа  шегіп,  қиналып  жүргенін  қалай  қабылдауға  болады?  Әсіресе 
жақының, туысың, ауылдасың болса ше? 
 
Мүсіркеме сорлыны, мүсіркесең сорлыны, өтер онда қорлығы 
 
Менің  жұбайым  Рахпардың  мұғалім  болып  қызмет  істейтін  жақын-сырлас 
құрбысы  бар.  Ол  құрбысы  жасы  келіп  қалғанына  қарамай,  қазақ  әйелдерінде  кексе 
жастарында сирек кездесетін келісті келбетін, сұңғақтылығын, сұлулығын үш бала тапса 
да  сақтай  білген  аяулы  жар,  кемеңгер  әже.  Оның  ерекшелігі  елдің  бәрін  мүсіркеп,  қол 
ұшын бергісі келіп тұрады. Білімді де, беделді ұстаз. Рахпар екеумізге айтқаны: 
– 
Маған  үнемі  ауылдың  адамдары,  жақындарым  келіп  мұңдарын  шағады.  Айтқандарын 
егіле  отырып  тыңдаймын.  Жаным  ашиды,  мүсіркеймін,  қолымнан  келген  көмегімді 
беремін, ақыл-кеңесімді айтамын. Бірақ, олар кеткеннен кейін өзімді жаман сезінемін. Аяқ 
астынан ауырып қалып мазам кетеді. Осының себебін айтыңдаршы. Өзім 30 жылдан астам 
ұстаз  болсам  да,  адам  психологиясын  жөнді  білмейді  екенмін.  Өздерің  осы  тақырыпта 
лекция  оқып,  танымды-тағылымды  рухани  деңгейдегі  бірнеше  кітаптар  да  жаздыңдар 
емес пе? 
         
Рахпар екеуміз қысқаша түсіндірдік: 
– 
Егер  біз  біреуді  мүсіркеп  есіркей  бастасақ,  онда  өзіміз  сол  адамның  құрбаны 
боламыз.  Мүсіркеп  отырған  адамың  кішкентай  қансорғыш  қандалаға  (вампир)  айланып, 
қуатыңды  сора  бастайды.  Өзің  қуатыңды  жоғалтқаннан  кейін  әлсірейсің,  ауырасың. 
Есіркеген адамың қуатыңды сорғанымен тынбай, сені «әжетханаға» айландырады. 
– 
Мен қалай «әжетхана» боламын? ! 
– 
Оп-оңай.  Әлгі  адам  өзінің  бойындағы  қара  ниетін,  жаман  ойларын,  жексұрын 
қылықтарын, келеңсіз сезім құбылыстарын сізге құйып кетеді. Өзі жеңілдеп «күле кіріп, 
күңірене  шығып»  сіздің  тұрмысыңызды,  өзіңізді  т.б.  көре  алмай  қызғанып,  сіздің  ішкі 
жан-дүниеңізге дәрет алып, «тышып» кетеді. Енді «әжетхана» болмағанда нең қалды? 
– 
Сонда мүсіркеген адамның барлық жаман істері маған келе ме? 
– 
Біреуді  мүсіркей  отыра,  оның  шырғалаңдарын  өзімізге  тартып  алып,  оның  ішкі 
жан-дүниесіне  араласып,  сол  бишараның  өмірімен  өмір  сүретін  боламыз.  Біреуді  аяп, 
мүсіркеп:  Ғазиз  жанымыздың  деңгейінде  қоршаған  Әлемге  өшпенділік  танытамыз.  Осы 
өшпенділік бүкіл әлемдік әділеттілік Қарымта заңы бойынша өзімізге қайтып оралады. Сіз 
біреуді аяймын деп, өзіңіз аянышты, мүсәпір халге түсесіз. 
– 
Мен біруге жаным ашығанда оның ішкі жан-дүниесіне қол сұғам ба? 
– 
Біреуді  мүсіркеген  адам  нақтылы  қайырымдылықтың  болмағанын  білмейді. 
Өшпенділік,  ашу-ыза  –  мүсіркеу  түрінде  болғандықтан,  қайта  айланып  өзіңізді  ұрады. 
Себебі,  әлгі  адам  өзінің  ойлау  жүйесінің  деңгейімен  өз  Әлемін  құрып  алған.  Сіздің 
біреудің ішкі жан-дүниесіне қол сұғуға құқыңыз жоқ! 

– 
Ол адамға көмек беруім үшін не істеуім керек? 
– 
Адамға  шын  жаныңыз  ашыса,  оған  өзінің  Ғазиз  жанының  көмегімен  өзін-өзі 
қайта  қарауды,  өзінің  ойлау  жүйесін  өзгертуді,  ӨЗ  Әлемін  өзі  қайта  құруды  үйретіңіз. 
Қайырымдылықтың ең абзалы да, пайдалысы да осы. 
         – 
Осыларды үйренуім үшін не істеуім, неден бастауым керек? 
          – 
Ол  үшін  қазіргі  оқып  отырған  кітабыңызды  мұқият,  ыждағаттылықпен  түсініп 
оқыңыз.  Ең  алдымен  өзіңіз  өзгеріңіз,  Өз  Әлеміңізді  жаңадан  құрып  түбегейлікті 
өзгертіңіз!  Сол  кезде  қоршаған  Әлем  де,  айналаңдағы  адамдар  да,  тұрмысыңыз  да, 
денсаулығыңыз да жақсы жаққа қарай өзінен-өзі өзгеретін болады. Пенде баласының осы 
фәни-заттық  әлемдегі  іздегенінің  өзі  осылар  емес  пе?  Қазақ  атам  бата  бергенде:  «Екі 
дүниенің қызығын көр», – деп тілейді. Сондықтан, өзіңізді дамытып, рухани мен тәндік 
ләззатты  неге  теңестірмеске?  Неге  бақыт  құшағына  шомылмасқа?  Неге  өмірдің  рахаты 
мен қызығын, қуанышын, шаттығын, кереметін көрмеске? Неге тылсымын түсінбеске? 
– 
Әсет  Ризаұлы,  өзіңіз  таяу  арада  Еуропада  үш  ай  болып  қайттыңыз.  Немен 
шұғылдандыңыз?  Олар  мүсіркеушілік  дегенді  қалай  түсінеді  екен?  Еуропа  халқының, 
олардың ойлау жүйелерінде бізбен салыстырғанда қандай айырмашылықтары бар екен? 
– 
Германияда  болған  екі  айдың  ішінде  осы  кітапқа  материал  жинадым,  интернетке 
шықтым,  өз  тереземді  аштым.  Әлемдік  деңгейдегі  әр  елдің  талай  жазушыларымен, 
психолготарымен пікір таластырып, хат-хабар алмастырдым. Сонан кейін Грецияда бір ай 
–  
Зевс туған Крит аралында курортта болғанымда осы кітаптың негізін жаздым. 
Еуропада қызмет көрсеткен кісілерге «чаевой» деп ақша береді. Бұл деген тамаша 
емес пе? Әлгі кісінің еңбегін бағалағандық қой. Ал біз болсақ ше? Көрінген арамтамаққа 
ақша  береміз,  оларды  жанымыз  ашып  мүсіркейміз.  Германияда  қайыршы  тұрмақ  ондай 
түсініктің  өзі  жоқ.  Ойлау  жүйелерінің  бізден  айырмашылығы:  біздегі  сияқты  өзінің 
мүсәпірлігіне,  келеңсіздігіне  анау  кінәлі,  мынау  кінәлі   деп  жауапкершілікті  біреуге 
артпайды.  Арамтамақтық  ойлау  жүйесі,  бірін-бірі  көре  алмау,  сырттан  сөйлеп  өсектеу, 
қызғаныш, біреуге ренжіп өкпелеу, біреуді мүсіркеу мүлдем жоқ. 
Теледидар бағдарламаларында анайы жексұрын фильмдер көрсетілмейді. Грецияда 
теледидар  бағдарламасының  арнайы  бір  арнасы,  Парламент  мәжілісінің  отырысын, 
депутаттардың  есебін,  күні-түні  бастан  аяқ  толық  көрсетіп  отырады.  Бүкіл  Еуропа 
елдерінің  адамдары  жауапкершілікті  тек  қана  өздеріне  ғана  жүктеген.  Білетіндері  бірақ 
қағида: «Әркім Өз Әлемін өзі ғана құруы керек». 
Франкфурт  Майн  қаласында  Қазақстанның  Германиядағы  бас  консулы  Анарбек 
Қарашев, қазір Словакияда төтенше елші –  біздің ауылдың азаматы, барып сәлемдесіп бір 
сағат  мөлшерінде  әңгімелесіп  отырдық,  сондағы  Анарбектің  айтқаны:  «Әсет  аға,  бұл 
немістер  адам  қайыр  сұраса  ешуақытта  садақа  бермейді,  тіпті  ондай  түсінік  жоқ,  ал  ит 
немесе  дала  хайуандарын  байқаусызда  автокөлік  қағып  кетсе  т.б.  жағдайға  ұшыраса 
жандары  қалмай  апарып  емдетіп  асырайды,  ит  немесе  басқа  хайуанаттар  аш  болса 
тамақтандырады. Себебі олар айтады: «Олар хайуан емес, сананы Құдай не үшін берген, 
аяқ  қолы  балғадай,  дені  сау  адам  Өз  Әлемін  өзі  құрып,  міндетін  біреуге  артыуға 
болмайды, егер де жасы жеткен қария не мүгедек болса қарттар үйіне не мүгедектер үйіне 
барсын».  Еуропада  халықтың  ойлау  жүйесіне  орай:  тыныштық,  тоқтық,  мамыражайлық, 
даналық, тазалық, әділдік белең алған. 
Бала таппай түсік тастау –  баланы құрту бағдарламасының бір көрінісі 
 
Емшінің  қабылдауына  белі,  сегіз  көзі  ауыратын  әйел  келеді.  Рентген  оның 
омыртқаларының орнынан тайып кеткенін анықтайды. Ауру алғаш өлі бала туғанда пайда 

болған.  Әйелдің  Ғазиз  жанымен  хабарласқанда,  жатырында  жатқан  өлі  сәби  осы 
ауруының  себебі  болғаны  анықталады.  Ал  сәбидің  өліміне  Ғазиз  жандағы  бағдарлама 
себеп болған. 
– 
Алғаш рет бала көтергенше бала таппаймын деген ой сізде болды ма? 
– 
Жоқ, ондай ой болған жоқ. 
– 
Бірақ, біз Ғазиз жаныңыздан ауруыңыздың пайда болуы және балаңыздың өлі тууы, бала 
таппаймын деген бағдарламамен байланысты екені жөнінде нақтылы ақпарат алдық қой. 
Себепсіз салдар болмайды. Мүмкін бұл бағдарлама бала күніңізде қалыптасқан шығар. 
– 
Бұл туралы есімде жоқ, – деп әлгі әйел бет бақтырмайды. 
         
Емші  мен  әйел  Ғазиз  жанның  тұңғиығына  бойлап,  осының  себебін  зерттейді.  Сол 
кезде сегіз көзі 14 жасынан бастап ауырғаны анықталады. Оған біраз өткен оқиғалар себеп 
болған. 
         
Әлгі  әйелдің  әкесі  мен  шешесі  жиі  жанжалдасып,  төбелеседі.  Бала  көбінесе 
кішкентай  күнінен  әжесінің  қолында  тәрбиеленіп  өскен.  Әжесі:  «әке-шешең  сен  үшін 
ұрысысады», – деп қызға бірнеше қабат айтады. «Егер сен жоқ болсаң, олар бақытты өмір 
сүрер еді», – дейді. 
         
Сол кезден бастап қыздың белі ауыра бастайды. Оны дәрігерлерге көрсетеді. Ауруы 
біртіндеп  саябырлап,  білінбей  кетеді.  Бірақта,  оның  Ғзиз  жаны  –  балалар  ата-ананың 
бақытты болуына бөгет, дүниеге мезгілсіз келеді деген қортындыға келеді. Бұл дегеніңіз 
өз балаңызға тікелей өлім тілеудің бағдарламасы, санаңыздың қалауы. Бұл оқиғаны уақыт 
өте қыз ұмытады. Кейіннен өзі ана боларда, оның осы ойы баланың өлі тууына себепкер 
болаған.  Сонан  кейін  белі,  сегіз  көзі  ауырып,  жатырмен  байланысқан  омыртқа  орнынан 
тайған. 
         
Осы  оқиғалар  есіне  түскеннен  кейін,  басқа  да  осы  тектес  келеңсіз  жайттардың 
болғаны  анықталады.  Бұл  тек  қана  келіншектің  Ғазиз  жанына  жазылған  ішкі 
бағдарламасының іске асуы. Осы бағдарламаны келіншекке анасы берген. 
Себебі, анасы талай қабат қолдан түсік түсірген. Бала таппай түсік тастау – Ғазиз жанның 
баланы құрту бағдарламасының бір көрінісі ғана. Келіншектің анасына бұл бағдарламаны 
шешесі берген. Бұлардың бәрі де, Ғарыштың белгілі бір заңдылығын өрескел бұзған. Адам 
өлтіру тізбектеліп осылайша жалғаса берген. 
         
Енді не істеуге болады? Өткен күн өлген күн – өкірсеңде, өкінсеңде, өксісеңде қайта 
айланып  келмейді.  Олай  болса  шұрқ  етпеңіз,  өзіңіздің  ойлау  жүйеңізді  күрт  өзгертіп, 
қалауыңыз бойынша өмір сүретін бағдарлама жасап алыңыз. 
         
Аурудың  пайда  болуына  да,  өмірдегі  келеңсіз  бір  оқиға  себеп  болады.  Бұны  біреу 
біледі, біреу білмейді, мүлдем бейхабар. Ол үшін өзіңді-өзің танудың, зерттеудің аса зор 
маңызы бар! 
 
Танауынан ағатын ірің – іштегі өксік, білінбеген сағыныш 
 
Бір  келіншектің  танауынан  бір  жыл  бұрын  көкшіл  ірің  аға  бастапты.  Зардап  шеккеніне 
жалпы  бес  жыл  болған.  Танауы  түнде  бітеліп  қалады.  Гомеопатиялық  («Тяньши» 
корпорациясының  шөптен  т.б.  жасалған  табиғи  өнімдері)  емдеу  алдында  жақсы  нәтиже 
беріпті.  Дәрігерлер  маңқа  (гейморит)  деп  анықтама  беріп,  тесіп  тазалауды  ұсынады. 
Келіншек бұл ұсыныстан бас тартып, шөп өнімдерімен емдейтін емшіге келіпті. 
         
Мәселенің  мәнісі,  алдында  болған  оқиғалар  себеп  болған.  Осының  алдында  қызы 
шет  елге  кетеді.  Қызы  кеткенен  кейін  әйел  жалғызсырап,  сағыныш  пен  сары  уайымға 

салынады.  Көз  жасын  көл  қылып  төгеді.  Келеңсіз  ойлардың  белең  алуының  себебі,  ол 
өмірде  қызымен  қарым-қатынасын  бірінші  орынға  қойған.  Қазіргі  өмірі  мағынасын 
жоғалтқан. Себебі, ол тек  қызы үшін ғана өмір сүрген. 
         
Танауынан ағатын ірің – іштегі өксік, білінбеген сағыныш сезімінің сыртқы көрінісі. 
Әйел осыған ұқсас талай оқиғаларды есіне алды. 
 
Құрметті  оқырман!  Өз  басыңыздан  өткен  осындай  шырғалаңдардың,  оқиғалардың 
тарихын  төңкеріп  тастап  қайта  қараңыз.  Тарихты  төңкеріп  қайта  қарау  –  келеңсіз,  кері 
кеткен, сырқатқа шалдықтыратын, адамды өлтіретін ойларды: жақсы, жағымды ойлармен 
алмастырыңыз. Ол үшін өткен оқиғаларды қайта қарап, осының жауапкершілігін өзіңізге 
жүктеңіз. Әрбір оқиғадан Құдайдың құдіретін сезініңіз. Осы кезде кейбір өткен жайттар 
ақылыңызға  қонбайтын  шығар.  Бірақта  есіңізде  болсын!  «Құдайсыз  қурай  басы  да 
сынбайды». Қазақша айтқанда тәубәңа түсесіз. 
         
Сол  кезде  ішкі  келеңсіздіктеріңіз,  қанағаттанбау  сезімі,  қоршаған  әлеммен  болған 
қым-қиғаштығыңыздың  бәрі  де  өзінен-өзі  жоғалады.  Болған,  өткен  оқиғалардың  бәрі 
әділетті, әрі белгілі бір заңдылық екенін сезесіз, білесіз! 
 
Осыдан  кейін  өзіңіз  нақтылы  жағдайды  қабылдап,  адамдарды  кешіріп,  оларға 
алғыс айтатын боласыз. 
Ұлы мен немересін мүсіркеп, жүрегі ауырған ана 
 
Инфаркт  алғаннан  кейін,  бір  әйелдің  жүрегі  ұзақ  уақыт  ауырады.  Ғазиз  жанымен 
байланыс жасағанда оның  себебі:  реніш,  ашу-ыза,  көре  алмаушылық,  өзін  мүсіркеу,  кек 
алу т.б. жағымсыз ойлар меңдеп алғаны білінеді. 
Себеп,  ұлы  мен  келінінің  ажырасуы.  Әйел  бұл  жағдайды  еш  қабылдай  алмады. 
Келініне деген ашу, ұлы мен немересін мүсіркеп аяу, өзіне жүрек ауруы болып жабысты. 
Өмірінде осындай талай жайсыз оқиғалар болған екен. Осы оқиғаларды қайта сараптап, 
өткен күндерге көзқарасын түбегейлі өзгерткеннен кейін ғана, жүрек ауруынан жазылды. 
Өткен тарихыңды қайта төңкеріп қарау үшін: оңаша, тыныш жерді таңдап алыңыз. 
Өзіңізді байсалды, мамыражай қалыпқа түсіріңіз. Әрбір қайта қарағанда, өз әлеміңіз бен 
өз  өміріңіздің  жауапкершілігін  өзіңізге  жүктеңіз.  Өзіңмен  іштей айтысуды,  арпалысуды, 
жанжалдасуды  қойып, іске кірісіңіз! 
Тарихыңды төңкеріп қайта қараудың әдістері 
                   
«Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, 
                   
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. 
                   
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, 
                   
Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек». Абай 
 1.     
Қайта  қарау  үшін,  өз  өміріңіздің  тарихынан,  рухани  соққы  берген  келеңсіз  бір 
өткен оқиғаны таңдап алыңыз. 
2.     
Осы оқиғаны, сондағы болған адамдарды көз алдыңызға елестетіңіз. 
3.     
Бірінші  істейтін  шаруаңыз  –  осы  болған  жайтты  толықтай  қабылдаңыз.  Қазақ 
бұны «Құдайдың ісі» дейді. Болған жағдайды қабылдау – осының туындау себебін 
өзіңе  жүктеу.  Себебі,  Жаратушы:  Ғазиз  жан  бейнесінде  әрқайсымыздың 
жүрегімізде  орын  тепкен.  Бұны  әркім  өзінше  құрады.  «Мен  өзімнің  ойлау 
жүйеммен  іс-әрекетіме  жауаптымын.  Бұл  оқиғаға  қатысқан  адам  өз  ойы  мен  іс-
әрекетіне өзі жауапты. Өмірде кінәлы жан жоқ. Тек өз ойына, өзінің қылықтарына, 
өзінің іс-әрекетіне жауапты адамдар ғана бар». 
4.     
Осы  жағдайды  қалай,  қандай  ойыңмен,  қандай  қылықтарың,  сезім 
құбылыстарыңмен  жасағаныңызды  еске  түсіріңіз.  Жақсы,  жанға  жайлы 

жағдайларды  өзіміздің  жақсы,  жайдары  ойымызбен  жасаймыз.  Ауру,  соққы 
әкелетін  жаман  жағдайларды  да,  өзіміз  пасық  ойымыз  бен  қара  ниетімізбен 
табамыз. 
5.     
Осы  болған  жағдайдан  сабақ  алып,  қортынды  шығардыңыз  ба?  Қандай  жақсы 
тәлім алдыңыз? 
Қазекең  бұны:  «Алла  артының  қайырын  берсін»,  –  деп  қысқа  да,  нұсқа 
тұжырымдай  салған.  Өз  тарихыңды  төңкеріп  қайта  қарағанда,  өз  өміріңізде 
жолыққан  адамдардың  толықтай  тізімін  жасасаңыз  құба-құп  болар  еді.  Бұны 
жасауға болады. Өз өміріңді қайта қарағанда: өткен оқиғалар, ұмыт болған жайттар 
қайта қалқып шығады. 
6.     
Тізімдегі  оқиғаға  қатысқан  адамдардың  өлгендерінің  әруақтарына,  тірілерінің 
өздеріне берген сабақтары үшін алғыс айтыңыз. Әрбір қайта қараған сайын: «Мен 
сенің осы оқиғаға қатысқаның үшін, сенімен бірге осыдан жақсы ғибрат алғаным 
үшін алғыс айтамын. Мен саған сүйіспеншілікпен ақ бата беріп, өз өмірімнен азат 
етемін. Саған бақыт тілеймін». 
7.     
Осы  жағдайдың  кейіпін,  бейнесін:  Ғазиз  жаныңызда  түбегейлікті  өзгертіңіз. 
Мәселе мынада, өміріміздегі қандай жағдай болмасын, өзінің ізін Ғазиз жанымызға 
белгілі  бейне  ретінде  жазып  кетеді.  Таңбасын,  ізін,  табын  қалдырады.  Осы 
сақталып  қалған  бейне  –  өмірімізге  жақсылық  не  жамандық  болып  ықпал  етуі 
мүмкін. Егер де, жағымсыз бейне болса, онда оны міндетті түрде өзгертіңіз. 
Ғазиз  жанымызда  жазылып  қалған  жаман  бейнеледі  өзгерту  үшін  «бейнені  өзгерту» 
деп  аталатын,  адамның  жан-дүниесін  түбегейлікті  өзгертетін  жаттығу  бар.  Келіңіз,  енді 
осы жаттығуды үйренейік! 
 
Бейнелерді өзгерту 
 
«Егер де бір нәрсеге ең қарапайым әдістермен жетуге болатын болса, ешқашан күрделі 
қадамдар жасама. Бұл өмірдің ең дана ережелерінің бірі».      Ремарк 
 1-
ші қадам. 
Өзіңізге  өмірдеге  өткен  оқиғалардың  қайсы  ауру  әкелгенін  анықтаңыз.  Олар 
бірнешеу  болуы  мүмкін.  Кей  кезде,  осы  оқиғалар  мен  қатысқан  адамдар  көз  алдыңнан 
көлбеңдеп кетпей қоюы мүмкін. Кейбір уақыттарда осы жайсыз оқиғаларды санамыздан 
өшіріп, тепкілеп-тепкілеп терең көміп тастайтынымыз сонша, бұларды қайта еске түсіру 
үшін талай уақыт пен күш-қайратымызды жұмсауымызға тура келеді. 
         
Өз  ауруыңызға,  жан  ауруыңызға  бар  ынтаңызды  бөліңіз.  Аурудың  түсін,  түрін, 
көлемін, ауырған мүшеңізді анықтаңыз. Өзіңізден сұраңыз: «Бұл аурудың қалтарысында 
не  тығылып  жатыр?  Жадымдағы  қандай  сөздер,  сөйлемдер,  оқиғалар,  адамдар  қалқып 
шығады?  Осы  сұрақтан  кейін  ой  түріндегі  бірінші  пайда  болған  бейне  –  сіздің 
ауруыңыздың  себебі.  Ауруыңыздың  себебін  тапқаннан  кейін  оны  «өшіріңіз»,  яғни  әп-
сәтте, лезде кішірейтіп жоғалтып жіберіңіз. 
2-
ші қадам. 
         
Өзіңізге  денсаулық  пен  бақыттың  бейнесін  жасаңыз.  Көз  алдыңызға  аурудан 
жазылып  алған  болашағыңызды  елестетіңіз.  Өзіңіздің  сау,  бақытты  қалпыңыздың 
бейнесін құрыңыз. Өткен жағдайларда өзіңізді басқаша қалыпта ұстағанда, адам ретінде 
не өзгеретіні жайлы ойланыңыз. Бұл сіздің өміріңізді қалай өзгертер еді. Өзіңіз не айтар 
едіңіз?  Айналаңыздағы  адамдар  сіз  туралы  не  дер  еді?  Қандай  сезім  құшағына  бөленер 
едіңіз? 

         
Өзіңізге ұнайтын, өзіңізді баурайтын бейнені реттеп қалыпқа түсіріңіз. Бұл өзіңіздің 
ендігі жүретін бағытыңыз болады. 
3-
ші қадам. 
         
Екі  суреттің  орнын  алмастырыңыз.  Себептің  және  сыңғырлаған  денсаулықтың. 
Өзіңіздің  ауруыңыздың  себебі  мен  келешекте  болатын  құрыш  денсаулығыңызды  ой 
елегінен өткізіп, орындарын алмастырыңыз. 
         
Ол  үшін  көз  алдыңызға  аурумен  байланысты  суретті  елестетіңіз.  Осы  суреттің 
төменгі сол жақ бұрышына, өзіңізді басқа қалыпта – деніңіз сау болатын кездегі бейненің 
кішкентай ғана қаралау келген суретін орналастырыңыз. 
         
Ендігі  істейтініңіз:  тез  арада  осы  суреттің  бейнесін  жарқыратып  ұлғайтыңыз.  Осы 
жарқыраған  денсаулық  суреті,  ескі  ауру  туралы  суретті  толық  жауып,  бейнесі 
көмескіленіп сүмірейіп кеткенше ұстаңыз. Бұны бір секундтқа жетпейтін аралықта істеңіз. 
         
Жағымды және жағымсыз суреттердің орнын ауыстырысымен-ақ, денсаулық  жайлы 
жағдай бейнесі жарқырап ұлғайып, нақтыланып бүкіл тақтаны (экранды) жабатын болады. 
Көзіңізді ашып жан-жағыңызға қараңыз. Осыдан кейін, ішкі жан-дүниеңізге қайта үңіліп, 
басынан  бастап  қайта  қайталаңыз.  Алдымен  келеңсіз  суреттен  бастап,  оны  бұрышта 
орналасқан  жағымды  суретпен  алмастырыңыз.  Бұны  5...7  қабат  қайталаңыз.  Өзінен-өзі 
пайда болатын қалыпқа келтіріңіз. 
         
Келеңсіз  оқиғалар,  адамдар  туралы  ойдың  өзі,  бірден  жақсы  жағдайды,  мықты 
денсаулықты  көрсетіп,  көңіліңізге  көктем  ұялататын  болсын.  Әрбір  қайталаған  сайын, 
біткенен  кейін  сурет  тақтасын  тазалаңыз,  яғни  көзіңізді  ашып,  көңіліңізді  басқа  арнаға 
бұрыңыз. 
4-
ші қадам. 
Тексеру.  Енді  бірінші  «себептің»  суретін  есіңізге  түсіріңіз.  Осыны  жадыңызға  сақтауға 
тырысыңыз. Не болды? 
Егер  алдында  айтылып  өткен  шарттарды,  әдістерді  дұрыс  істесеңіз  бұлай  істеу 
қиын  болады.  Бұрын  келеңсіз  жағдайлар  мен  жағымсыз  адамдар  туралы  ойлар  көз 
алдыңыздан көлбеңдеп кетпей, миыңызды бұрғылап тұрған болса, енді осылардың бірде-
біреуін жадыңызға ұстап тұра алмайсыз. Себебі,   ойыңызды тек қана мықты денсаулық, 
бақытты жаңа өмір жайлап алып, қоныс тепкен. 
Бұл әдіс миыңызға – өмір сүру бағытының жаңа жолын нұсқайды. Сіздің белгілі, 
нақтылы мақсатыңыз бар. Осыған қайтсеңіз де жетесіз. Осының бәрі ішкі жан-дүниеңізде, 
Ғазиз жаныңызда: өзгерген ойлау жүйесі, жаңа тәртіп – тек қана жанға жайлы, бақыт пен 
шаттықа толы өмірді құруға бағытталады. 
Осыдан  соң  1-ші  жасаған  қадамыңызға  қайтып  оралыңыз.  Ауруыңыздың 
бейнесімен  не  болғанын  сезесіз.  Ауруыңыз  көбінесе  із-түзсіз  жоғалып  кетеді.  Кейбір 
жағдайларда  ауруыңыз  бейнесін  құбылтуы  мүмкін.  Орнын,  көлемін,  түр-түсін  өзгертуі 
мүмкін. Бұндай жағдайда алдыңғы жаттығуларды жасай беруден жалықпаңыз. Ары қарай 
үзбей  жалғастырыңыз.  Ішкі  жан  дүниеңізге  қайта  үңіліңіз.  Сұраңыз:  «Осы  аурудың 
қалтарысында  не  бұғып  жатыр?  Ойыма  қандай  сөздер,  сөйлемдер  келеді?  Жадымнан 
қандай  оқиғалар  «қалқып»   шығып  жатыр?  »,  –  деп.  Есіңізден  шығып,  жадыңызда 
көмескілееніп  қалған  оқиғалар  осы  аурудың  себебі  болуы  әбден  мүмкін.  Осылардың 
орнын  алмастырыңыз.  Содан  кейін  бірінші  жасаған  қадамыңызды  қайта  қайталаңыз. 
Осыны санаңыз толықтай тазаланып, мөлдір болғанша қайталап жасауды үзбеңіз. 

Осы  айтылып  өткен  жаттығуларды  ертеңіне  қайталап  қайта  жасаңыз.  Бұлай  істеу 
қол  жеткізген  нәтижеңізді  бекіте,  нығарлай,  орнықты  қыла  береді.  Бұдан  кейін  осы 
жаттығуларды, тек өткен келеңсіз ойлар мен уайым, ескі ауруларыңыз қайта оралса ғана 
жасаңыз.  Біраз  уақыт  өткен  соң,  келеңсіз  ойлар  мен  ескі  ауруларыңыз  сізді  тастап  өз 
жөндерімен кетеді. Біздің басымызда тек қана мүлдем жаңа: нұрлы, қайырымды, ізгілікті 
ойлар  ғана  қалады.  Осыған  орай,  өзіңіз  мықты  денсаулықпен,  бақытпен,  жаныңызға 
жайлы  жағдаймен  марапатталасыз!  Өмірдің  рахатын,  қызығын,  қуанышын,  шаттығын, 
шексіз бақытын көресіз! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет