Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге


Ғазиз жанның тұңғиығына барудың әдістері



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
#7304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 
Ғазиз жанның тұңғиығына барудың әдістері 
 
«Тәннің ләззаты – саулығында, 
                         
Жанның ләззаты – білімінде».                Фалес 
 
Ауру  –  өзіңіздің  бір  белгілі  жаман  ойыңыздың,  қылықтарыңыздың,  сезім 
құбылыстарының қасіретті жеміс екенін сіз енді білесіз. Өзіңізді қоршаған әлем – өзіңіздің 
ойыңыздың  нәтижесі.  Біз  өз  әлемімізді  өзіміздің  ойымызбен,  тәртібімізбен,  қылығымыз 
бен  құрамыз.  Біздің  ойымыз  осы  фәни  әлемде  нақтылы  іс  жүзіне  асады.  Осылайша  өз 
әлемімізде жағымды, жағымсыз заттарды, оқиғаларды жасаймыз. 
         
Ауру – жағымсыз әдеттерге үйір болып, табиғатпен үйлесімділікті талқандау. Пенде 
баласы осыдан құтылғысы келеді. Ауырудан арылу үшін кем дегенде 3 кезеңнен өту шарт. 
1. Қандай келеңсіз ойларыңызбен, қара ниетіңізбен, жексұрын қылықтарыңызбен ауруды 
тудырғаныңызды анықтап алып, осының жауапкершілігін өзіңізге ғана жүктеуіңіз қажет. 
Ол үшін ішкі жан-дүниеңізге үңіліңіз, осы талқандайтын ойларды, қылықтарды табыңыз. 
Осыларды  табуға  өз  бойыңыздағы  қара  иетіңіз  бен,  жексұрын  мінезіңіз,  шошқа 
қылығыңыз көмектеседі. 
2.  Өзіңізге  зардап  шеккізіп  жүрген  келеңсіз  қылықтарыңыз,  қандай  жайлы  жағдай 
жасағанын  анықтаңыз.  Бұл  арада  айта  кететін  жайт:  Тек  қана  жақсы  жағдайды  ғана 
ескеріңіз, жаман жағына көңіл аудармаңыз. Жақсы жағдайды «жоққа» шығармаңыз. 
         
Мысалы: 
Реніштің жақсы жағы – өзіңізге деген көзқарасты өзгерту; 
Кінәлі сезіну – өзіңнің тәртібіңді өзгерту; 
Ыза-ашу, сіркеңнің су көтермеуі – қоршаған әлемді өзгертсем деген қалауың т.б. 
         
Пенде баласы жаман ойлап, заттың көлеңке жағын ғана көруге бейім. Олар өмірде 
өзіне не қажет екенін білмейді, керісінше келеңсіз көлеңкелі қажет емес нәрселерді жақсы 
біледі. 
 
Әкесіне, күйеуіне өкпелеп – жатырынан қан аққан әйел 
 
Емшіге қаралуға жасамыс, кексе әйел келеді. Ауруы – жатырдың ісігі. Ол өзінің 
шырғалаңдарын ұзақ жырлайды. Жыры біткен соң емші сұрақ қояды: 
– 
Өзіңізге не тілейсіз? 
– 
Менің аурудан жазылғым келеді. 
– 
Егер мен дұрыс түсінсем, сіздің ауырғыңыз келмейді ғой? 
– 
Сіз дұрыс айтып тұрсыз. 
– 
Жақсы.  Бірақ,  мен  сізден  естиін  дегенім,  өзіңіздің  жазылуыңыз  үшін  зор  маңызы  бар. 
Нақтылысын айтсам, мен емді бастап жібердім. Ол менің: «Өзіңізге не тілейсіз? » деген 
сұрағымнан  басталды.  Сіз  талай  дәрігерге  қаралдыңыз.  Олар  талай  қабат  сырқатыңыз 

жайлы  бүге-шігесіне  дейін  айтып  берді.  Сіз  өз  ауруыңыздың  сараптамасын  өте  жақсы 
білесіз.  Неден  құтылғыңыз  келетінін  де.  Бірақта,  біз  сіз  екеуміз  мынаны  білуіміз  шарт. 
Екеуміздің бірігіп жұмыс жасау барысында неге талпынатыныңыз нақтылы болу керек. 
– 
Мен сізді түсінген сияқтымын. Менің: «Менің сау болғым келеді», – деп айтуға міндетті 
екенмін. 
– 
Дұрыс.  Енді  мен  үшін  де,  өзіңіз  үшін  де  түсіндіріңізші,  сіз  үшін  сау  болу  дегеннің 
мағынасы неде? 
– 
Біріншіден менің жатырымның сау болуы. Сонан соң, ішімнің төмен жағы ауырмауы... 
– 
Тоқтаңыз.  Сіз  жаңа  ғана  ауырмауы  деген  кері  мағыналы  сөзді  айтып,  алдыңғы 
айтқандарыңыздың бәрін жоққа шығардыңыз. 
– 
Енді түсіндім. Осы мағына жақсы, жанға жайлы болуы үшін қалай айтуым керек? 
– 
«Менің ішімнің төменгі жағында жақсы сезім мен жайлы жағдай болуын қалаймын», – 
деп ойыңызды білдіруіңіз қажет. 
Мен ішімнің төменгі жағында жақсы сезім мен жайлы жағдай болуын қалаймын, осыны 
тілеймін,  –  деп  әйел  қайталайды.  Ары  қарай:  Етек  кірім  ай  сайын  өз  мезгілінде  келуін, 
келген сәтте ғана білуімді. Етек кірім келгенше де, келгеннен кейін де өзімді жақсы  өзімді 
жақсы  сезінуімді  қалаймын.  Жатырымнан  қаным  тек  қана  етек  кірім  келгенде  ғана  өз 
мөлшерімен ағуын тілеймін. Менің көңіл күйім жақсы болып, өмірге қуанайын. 
– 
Керемет! Енді сіз де, мен де неменеге талпынғанымызды білдік. 
 
Сонан  соң,  әлгі  әйелдің  Ғазиз  жанымен  байланысқа  шығып,  ауруының  себебі  талай 
жылдар бойы күйеуіне деген өкпесінің «қара қазандай» болғанын анықтайды. 
– 
Күйеуіңізге не себепті өкпеледіңіз? 
–  
Ол үнемі ойнас жасап, арақ ішіп, мені кемсітіп ұратын. 
– 
Сіз осы үшін оған өкпеледіңіз ғой. Бірақта, мен сізден «неге? » деп сұраған жоқпын, «не 
себепті? » деп сұрадым ғой. 
– 
Ол мені ренжітпеуі үшін, – деп жауап қайтарады әйел. 
– 
Енді осыны, жақсы жағдайда қайта баяндашы. 
– 
Мен оның маған көзқарасын өзгертіп, бізде тату-тәтті жанұя болғанын қалаймын. 
– 
Жақсы. Күйеуіңіз неге осы қалыпты ұстанатынын жөнінде ойланып көрдіңіз бе? Өзіңізге 
осындай күйеуді қайдан тауып, баурап алдыңыз? 
– 
Мүмкін  ол  маған  үйленбей  тұрғанда  осындай  болған  шығар.  Бірақта,  бұрын  басқа 
болатын. Арақ ішпейтін. Білмеймін. 
– 
Енді өзіңіздің әкеңізбен қарым-қатынасыңыз қалай болды? 
         
Емшінің осы сұрағынан кейін әлгі әйел көз жасын көлдете отырып: 
– 
Сіз білесіз бе? Ол да арақ ішіп шешемді сабайтын. 
– 
Сонда сіздің балалық шағыңыздан бастап Ғазиз жаныңызда еркектер жайлы теріс пікір 
қалыптасқан  ба?  Өзіңіздің  әкеңізге  деген  өкпеңіз  «қара  тастай»,  ал  шешеңізді  мүсіркеп 
аяуыңыз да шоғырланып жинала берген екен! 

– 
Мен  өз  әкемді  ұзақ  уақыт  бойы  жек  көрдім.  Қазір  ол  маған  бәрібір.  Сонда,  осындай 
күйеуді маған Жаратушы жаза ретінде берген бе? 
– 
Жоқ. Жаза ретінде емес. Сіздің балалық шағыңыздан еркек атаулына деген теріс пікір 
қалыптасып,  санаңызға  жазылып  қалған.  Осы  талқандайтын  бағдарламаңыз,  өзіңізді-
өзінің  тәртібімен  үйрететін  күйеуді  тартты.  Өзіңді  әйел  ретінде  және  еркектің  бастауы 
Ғаламды сүюге, жақсы көруге үйретеді. 
– 
Сонда менің не істеуім керек? 
– 
Сізге  өз  өміріңіздің  барысын,  өзіңіздің  әкеңізбен  және  күйеуіңізбен  болған  қарым-
қатынастарды бүтіндей қайта төңкеріп қарап шығу қажет. Ең алдымен бұған сіздің әкеңіз 
де,  күйеуіңіз  де  кінәлі  емес  екенін  бар  болмысыңызбен  түсінуіңіз  қажет.  Сіздің  анаңыз 
өзінің апасынан беріліп дарыған, жұққан: еркектерді жек көретін бағдарламаны ұстанған. 
Сондықтан,  анаңыз  да  осындай  күйеуге  тап  болған.  Бірақта,  олар  өздерінің  сасық 
кеудесімен,  осыдан  дұрыс  қортынды  шығармай,  тәрбиеге  көнбей,  өздерінің  жек  көру 
сезімдерінің  деңгейінен  көтеріле  алмай  қалған.  Енді  осы  бағдарламаны  өзіңіз  үзбей  ары 
қарай жалғастырудасыз, қарымтасын алудасыз. Егер де сіз операцияға жатқанда ештеңке 
де өзгермейтін еді. Осы бағдарламаны өз қызыңызға мұра ретінде өткізіп беретін едіңіз. 
– 
Қызым,  қазірдің  өзінде  осыны  ары  қарай  жалғастыруда.  Жақында  ғана  күйеуімен 
ажырасып тынды. 
– 
Міне  көрдіңіз  бе?  Егер  сіз  өзіңізбен-өзіңіз  жұмыс  жасауды  бастасаңыз,  онда  тек  қана 
өзіңізді ғана емес, қызыңды да осы бейнеттен құтқарасың. 
         
Осыдан  кейін  әлгі  әйел  мен  емші  екеуі  еркектер  жайлы  жаңа  тәртіптің  әдістерін, 
ойларын  өзгертудің  бағдарламасын  және  өздеріне  әйел-ана  ретіндегі  көзқарастарын 
түбегейлі өзгертті. 
         
Бірнеше күннен кейін науқас әйелдің жатырынан қан ағуы тоқтады. Енді бір айдан 
соң дәрігерлер тексергенде жатырындағы ісігі де жоғалған екен. 
 
3.  Жанға  жайлы  қалау  ниетіңмен  жақсы  жағдайды  қалыптастыруың  және  осыны  іске 
асыратын жаңа әдістерді құруың қажет. Мынаны ой елегіңізден өткізіп көріңіз. 
         
Белгілі бір жағдайларда, сіз ұзақ уақыт өзіңізге белгілі бір тәртіппен ғана жүрдіңіз. 
Ол тәртібіңіз тек қана ауру мен зардап әкелді. Осыны әрі қарай қолдана бердіңіз. Себебі, 
біріншіден: осыны не үшін істеп жатқаныңызды білмедіңіз, екіншіден: бұның орнына не 
істеу  қажет  екеніне  бейхабар  болдыңыз.  Қазір  өзіңіздің  Ғазиз  жаныңыздағы  жазылған 
бағдарламаны  өзгертудің  сәті  түсті.  Ол  үшін  оны  зерттеңіз,  ыждағаттылықпен  мұқият 
оқыңыз, жан дүниеңізбен қабылдап түсініңіз. Бала күніңізден санаңызға қандай ережелер 
мен шарттар жазылғанын анықтаңыз. Неменеге сенесіз, осы сезім қалай пайда болды? 
         
Көз алдымызға елестетейік. Адамды бала күнінен есік өзіңе ғана қарай ашылады деп 
үйретті  делік.  Ол  есіктің  екінші  жаққа  ашылатынын  білмей  өсті.  Осылай  деп  оны  ата-
анасы, мұғалімдер оқытып үйретті. Енді осы адам есіктер әр түрлі жаққа ашылатын жерге 
тап болды. Оның білетініне үйлеспейді. Ол есікті келіп тартады, бірақ есік ашылмайды. 
Оған қайтсе де есіктің сыртына бару керек. Есіктің қалай ашылып-жабылатынын білмейді. 
Оған  бала  кезінен  бастап,  есік  тек  бірақ  жаққа  ғана  ашылады  деп  үйреткен.  Осы 
жағдайдың  басқаша  әдісі  барын  білгенше,  ол  қапастан  шыға  алмайды.  Өзінің  өмірін 
құрсаулап, бәленің бәрін «дұрыс емес» есікке жабады. 
         
Адамдардың  басым  бөлігінің  жағдайлары  осындай.  Олар  кейбір  пікірлерді,  өзінің 
көзқарасын, ұстанған ережесін сенімге, басшылыққа алады. Осыларды өзінің Ғазиз жаны 
мен  санасында  үнемі  шыр  көбелек  айландыра  береді.  Осы  ойларымен,  қылықтарымен, 
сезім құбылыстарымен өзінің өмірін құратынын сезбейді, білмейді. Бұл ойлар оған зардап 

шектіреді.  Тартып  жүрген  бейнетін  біреуден  көреді  немесе  «жағдайды»,  үкіметті, 
президентті кінәлайды, кей кезде Құдайға да тіл тигізеді. 
         
Егер өзіңіздің жеке басыңыздың өмірінде шырғалаң не ауру пайда болса, онда ойлау 
жүйеңіздің тоқырауға тап болғаны. Сондықтан, тәртібіңізді өзгертіп, өзіңді-өзің дамытуың 
қажет.  Ем  қонбайтын  аурудан  жазылған  көптеген  адамдар  өзінің  сырқатқа  ұшыраған 
кездерін алғыспен есіне алады. 
Адам саналы жан екенін, оның өмірі оқып үйрену және өзінің өмір сүріп, тіршілік кешу 
барысында,  өз  өміріне  жаңадан  тың  жаңалық  кіргізіп,  құрап,  қоршаған  әлемнің,  өзінің 
құпиясын, тылсымын білуге талпынуды мүлдем ұмытқан. 
         
Адамды  Жаратушы  өзі  тектес  етіп  жаратқан.  Бірақта,  пенде  баласы  өзінің 
биологиялық  және  әлеуметтік  тіршілігінде  дайынға  ғана  ие  болуда.  Құрудың  орнына 
құртуда.  Сондықтан,  жайлы  жағдайды  қалыптастырып,  осыны  іс-жүзіне  асыратын  жаңа 
тәртіп  құрып,  ойлаған  ойыңызды  іске  асырыңыз.  Бірақта,  жаңа  әдістер  –  ескі,  көне 
әдістерден  деңгейі   жоғары  болсын.  Неғұрлым  көп  әдістерді  меңгерсеңіз,  соғұрлым 
таңдау, талғау еркіндігі мол болады. Жаңа әдістерді құру қабілеті – азат және сау болудың 
негізі. 
         
Ғазиз  жанды  бағдарламалау  әдісі  мыңдаған  науқастарды  емдеген.  Қандай 
жағдайдағы  болмасын  сырқатты,  тіпті  қазіргі  медицина  «емдеуге  көнбейтін»  деп 
анықтама берген ауруларға: қатерлі ісік (рак) , тері түлеуі (псариоз) , қояншық (эпилепсия) 
, сусамыр (сахарный диабет) жақсы әсер етіп жазады. Ол мүлтіксіз емдейді. 
Ғазиз жанның  қандай міндеттер атқаратынының тылсымының ашылуы 
 
«Дүние  жап-жасыл  гүлбақша  секілді.  Кімде-кім  содан  адал  еңбегімен  сыбағасын  алса, 
береке табады. Кім де кім нәпсіге ілесіп, еңбексіз, қиянат жасап алса, қиямет күні оған 
тозақтан басқа ештеңе бұйырмайды».          
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
2009 жылы наурыз айының 29-шы жұлдызында Германиядағы қызымның үйіне Алматы-
Астана-Франкфурт Майн бағытында ұшатын ұшақпен келдім. Рұхсат құжаттарым үш ай. 
Күйеу  бала,  қызым,  немерем  үшеуі  күтіп  алды.  Тұратын  жерлері  Франкфурттың 
жанындағы Кёнгштайн деген демалыс аймағында (курорт) орналасқан шағын таза да, әсем 
қала.  Ауасы  өзіміздің  Көкшетаудың  ауасына  ұқсайтын  дертіңе  шипа,  саф  таза,  мөлдір 
шипалы  ауа.  Жұтсаң  жұтқың  келе  береді.  Жері  таулы  –  қыратты,  қалың  қарағайлы, 
шырша аралас орман, көк майса алаңқайлы. 
         
Алматыда  10...12  сағат  компьютордың  алдында  жазу  жазып,  тапжылмай 
отырғандықтан,  толып,  денем  ауырлап,  өзімді  жайсыз  сезініп  жүргенмін.  Үш  жылдың 
аралығында рухани деңгейдегі танымды-тағылымды 8 кітап жазып, 24 000 данасы қолдан-
қолға тимей түгелдей сатылып кеткен. 
         
Германияда  өзімнің  сусамыр  ауруына  шалдыққанымды  және  қан  тамырымның 
қысымы  жоғарылап  кеткенін  білдім.  Қанымдағы  қант  құрамым  қалыпты  жағдайдан  4, 5 
есе көбейіп кетіпті! 
         
Биылғы жылы аштық ұстаған жоқ болатынмын. Денемді түгел тұз алып қалғанын, 
өзімнің қатты ауырып жүргенімді сездім. Енді не істеймін? ! 
         
Германияда  екі  ай  үзбей,  аптасына  екі  қабат  күні  бойы  10-11  сағат  монша-саунаға 
түсіп, хауыз – бассейнге шомылып өзімді тұздан тазарттым. Тамақ ішуді азайтып, жеміс-
жидекке  көштім.  Үшінші  айды  Грециядағы  Крит  аралындағы  курортта  қызым,  немерем 
үшеуміз Эгей теңізінің жағалауында дем алдық. 

         
Еуропаға  барар  алдында  психотерапевт,  психолог,  гомеопат  Валерий 
Синельниковтың  «Возлюби болезнь свою» атты кітабын оқып, бұл кітаптың өзім жазып 
жүрген кітаптармен үндес, сәйкес екенін бірден аңғардым. 
         
Ғазиз  жан  қалай  жұмыс,  қандай  міндеттер  атқаратынының  тылсымын  әруақтар 
арқылы білгенмен, ғылыми түрде жөнді біле алмай жүргенмін. Осының жауабын қайдан 
тапсам  екен  деп,  орыс  тіліне  аударылған  шет  ел  тіліндегі  рухани  кітаптарды  шетінен 
мұқият оқып іздеп жүргенмін. Іздегенімді ақыры таптым! 
 
Грецияда  Зевстің  туған  жері  Крит  аралындағы  бір  айлық  демалысымда 
Синельниковтың осы тамаша кітабының керекті-ау деген тақырыптарын қазақ баласының 
ойлау жүйесіне сәйкестендіріп, кей бір жерлерін өзгертіп, өзімнің ойымды, көзқарасымды, 
пікірімді білдіріп, осы оқып отырған кітаптарыңызға қосып жаздым. 
Осының  алдында  8-ші  кітабым  «Жаратушыны  әруақтар  арқылы  тану  немесе  «Ақ 
ананың»  тылсым  дүниелері»  атты  кітапті  «Ақ  ана»  –  Зейнекамал  Қаржымбайқызымен 
бірігіп жазғанмын. Алдыңғы әруақтар жайлы кітаптан кейін, көптеген тылсым жағдайлар: 
Крит аралында, Ғазиз жанмен  байланысқа шығу маған керегімше, сұрағанымша ашылды 
ғой  деп  ойлаймын.  Қанша  айтқанмен  де,  данышпан  Абай  бабамыз  айтпақшы: 
«Шексіздікті шектеулі ақылмен білу мүмкін емес! ». 
         
Ең бастысы Ғазиз жанмен қалай байланысқа шығуды үйрене бастадым. Осының бір 
мысалын келтірейін: 
Өзін азат етіп, қинамауды өтінген әруақ 
 
«Қарыз  Алланың  жердегі  туы.  Егер  Алла  қайсы  бір  пендесін  жазалағысы  келсе  оның 
мойнына қарыз туын іліп қояды».  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
2009 жылдың қақаған қаңтар айында өзімнің ауылдасым, әрі институтта қатар оқыған З. 
жерлесім  қайтыс   болды  деп,  Тілеудерді  Құлиев  екеумізге  хабар  айтты.  Бара  алмадық. 
Тілеуберді  екеуі  менен  2  курс  жоғары  оқыған.   Ауылдасым  марқұм  З.  жақсы  оқып, 
институтты қызыл дипломға бітірген. 
         
Грецияда  Крит  аралында  да  қан  құрамындағы  қанытым  мен  қан  қысымым  ойнап 
тұрып  алды.  Мамыр  айының  20-нан  21-не  қараған  түні,  ұйқыға  жатар  алдында  Ғазиз 
жаныммен байланысқа шығып, осы ауруымның себебін аян түрінде айтуын өтіндім. 
         
Таңғы  сағат  3-тен  аса  түс  көрдім.  З.  марқұм  әскери  киіммен  лейтенант,  (оқу 
бітіргеннен кейін 2 жыл офицер болып қызмет атқарған) келді. Үндемейді көңілсіз. Мен 
оның өзіне қайтыс болғанын біліп көңіл айтамын. Осы сәтте өзім тағы бір жаназада отыр 
екенмін.  Марқұм  ызбарланып:  «Мені  неге  кешірмейсің,  неге  азаптайсың?  »,  –  дейме, 
осындай мағынадағы сөздерді айтады. Бір уақытта өзінің үстіндегі киімдерінің дал-дұлын 
шығарып тағы өліп қалады. 
         
Түс  көргеннен  соң,  Ғазиз  жаннымен  қайта  байланысқа  шығып  сұрадым:  «Бұл  түс 
нені білдіреді», – деп. 
         – 
Сен оған ренжіпсің, өкпең әлі күнге толық тарқамапты – деп,   Ғазиз жаным жауап 
қатып, іле-шала бұдан 33 жыл бұрын болған оқиғаны санама салды. 
           
З.  әскери  борышын  атқарғаннан  кейін,  Ұржар  ауданының  «Калинин»  колхозында 
бас  агроном  болды.  Маған  тау  ішінде,  табиғаты  керемет,  ылғи  немістер  тұратын 
Некрасовка ауылындағы № 1 бригада агроном қызметін ұсынды. Келістім. 
1977  жылы  Ұржарда  қуаңшылық,  малға  жем-шөп  жетіспегеннен  кейін  Семейдің 
қасындағы  «Тавричанка»  деген  жерден  сабан  баулап,  ауылға  жіберіп  отырдық.  Біздің 
ауылдың  қысы  баланың  ойыншығы  екен.  Қыстың,  боранның  көкесі  осында.  Қардың 

қалыңдығы кем дегенде 1, 5 метр. Қарлы боран ұйытқығанда, далаға беліңе арқан байлап 
шықпасаң  адасып  кетесің.  Желдің  күші  адамды  дедектетіп  ала  жөнеледі.  Үй  жермен 
жексен, қар басып қалған. Үй екенін қар астынан, будақтап түтіні шығып қылқиып тұрған 
мұржадан  ғана  білесің.  З.  бригадир  мен  есепші.  Тарактор,  машина,  сабан  баулайтын 
техника, жанар-жағар майымыздың бәрін өзімізбен бірге алып келгенбіз. Тобымызда 30-
дан астам жұмысшылар бар. Күн жылт етіп ашылса болды, егістік алқапқа бульдозермен 
жол ашып жұмысқа кірісеміз. Бауланған сабанды тиеп, ауылға жібереміз. 
         
Біраз уақыттан кейін З. «Мен Семейге барып дем алайын. Сен маған жетерлік ақша 
бер.  Келгенде  тауып  берермін»  –  деді.  Бердім,  бірақ  қол  хат  алған  жоқпын.  Өзіңмен 
балалық шақта, әрі студенттік кезде бірге өскен ауылдасыңнан қолхат алудың өзі біртүрлі 
екен. 
Бірер  аптадан  кейін  келді.  «Ақшаны  ауылға  барғанда  бірдеме  қылып,  актімен 
шығарып берермін», – деді. Сендім. Бухгалтерияға есеп бергенде: «Мына ақша қайда? », – 
деді.  Мән  жайды  айтып:  «Бас  агроном  алған»,  –  дедім.  З-ға  барып:  «Алған  ақшаңды 
орнына қой», – десем, беті шімірікпей: «Есепші сенсің, өзің қайдан тапсаң онан тап, менің 
шаруам жоқ», – деді. Сол кезде: қара жер хабар бермесін, әлгі марқұмның беті қандай қара 
болса, іші де сондай қара екенін бар болмысыммен түсіндім. Іштей тындым. Бірақ, өзімнің 
міндетімді  адал  атқарып  жүре  бердім.  Басшыларға  бірер  қабат  айтып  көріп  едім,  мені 
тыңдайтын,  сөзіме  құлақ  асатын  пенде  байқамадым.   Сонан  кейін  жан  баласына  арыз 
айтып  шағынған  жоқпын.  Нәтиже  болмайтынын  «З-ны  қуаласаң  да  құмалақ  түспейтінін 
қу, тайғанақ, екі тілді суайт екенін» ішкі даусым айтып тұрды. 
Сол кезде келіншегім Рахпар бірінші баламызға ауыр аяқ. Тұратынымыз құлағалы 
тұрған аядай ғана 2 бөлмелі, төбең төбесіне тиетін: ішінде тышқандар өріп жүрген, едені, 
төбесі  балшықпен  сыланған  жаман  там.  Көршілеріміз  –  өмірі  тұрмысқа  шықпаған  80-ге 
таяп  қалған  апалы-сіңілі  хохолдың  екі  кемпірі.  Өзім  «Мұсақұдық»  деген  бөлімшедемін, 
үйге  атпен  тауды  тік  асып,  аптасына  бір  келемін.  Рахпар  күндіз-түні  жалғыз. 
Әңгімелесетін адамы көрші, екі кейуана кемпір. Бар дүниеміз – үлкен радиоқабылдағыш, 
екі кісілік төсек пен бір қабат жамылатын көрпе-жастық. Шәугім, кішкене қазан. 
Еңбекақы алмаймын, «жоғалған» ақшаның орнына түгелдей ұстап қалады. Сөйтіп 
жүргенде колхозға жаңадан, қазақшаға судай ұлты балкар Мурзаков деген бастық келіп, 
бас  агрономды:  «Ісіңде  нәтиже,  сөзіңде  пәтуә  жоқ  –  қу  сөзден,  қуырдақ  қуыратын  қу 
екенсің», – деп,   бірден жұмыстан босатып жіберді. Оның орнын маған ұсынды. Күнде 
шақырады,  келіспеймін.  Әлгі  қылықтан  кейін  бұл  орынды  жаман  ырымға  балап, 
қасарысып отырып алдым. Қарызды бір жылға таяу уақыт өтедім. Жұмыстан арыз беріп 
шығайын  десем  –  бас  агроном  боласың  деп  босатпайды,  еңбек  кітапшамды  бермейді. 
«Әуселеңді  көріп  алайын»,  –  деп,  қолымды  бір  сілтедім  де  кетіп  қалдым.  Себебі: 
жазықсыз «жапа» көргенім үшін – колхозға, бұрынғы басшыларға, басқарма мүшелеріне, 
бухгалтерияға деген өкпем «қара қазандай» болатын. 
 
«Қарызынан  құтылмай  дүниеден  өткен  адам,  сол  қарыз  үзілмейінше  көрінде  кісендеулі 
қалады».             
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Ұзақ жылдардан кейін З. келіп: «Баяғыда жастық шақта бір өткен қателік еді, сен кешір», 
– 
деді. Мен оған: «Жастық пен сатқындықтың, арамдықтың, ішмерездіктің арасы жер мен 
көктей. Сен маған, мен саған, нақтылап айтсам бір-бірімізге жоламайық», – деп дәртенің 
басын қайырып алдым. Кездесе қалсақ жай ғана салқын сәлемдесіп қана жүрдік. Кежегем 
кейін тартып, бұрынғыдай етене араласа алмадым. 
З.  марқұм  туралы  түс  көргеннен  кейін,  Ғазиз  жанымнан  сұрадым:  «Ауруымның 
себебі,  осы  талай  жылғы  көмескіленіп  кеткен  реніш  пен  өкпе  ме?  »,  –  деп.  «Иә»  деген 

жауап  алдым.  Сонан  соң  марқұмның  әруағынан  кешірім  сұрап,  берген  өмірлік  сабағы 
үшін  алғыс  айттым  да:  «Сен  азатсың!  »,  –  деп  оны  босаттым.  Ауруларыма,  осыны 
білдірген Ғазиз жаныма шексіз алғысымды айттым. Қазір денсаулығым қалыпты жағдайға 
келді. Өзімді меңдеп алған ауруларым өзінен-өзі жоғалып кетті. 
 
Құран дәметкен әруақ 
 
Соңғы кездерде түсіме бала күннен тай-құлындай тебісіп бірге өскен, он жыл бір партада 
отырған  досым  марқұм  С.  жиі  түсіме  кіретін  болды.  Ол  бозбала  кезінде  үлкен  қателік 
жіберіп, соның қиямет азабын да көрді. Кейіннен жақсы азамат болып Ұржардың ПМК-
сының  біреуінде  прораб  болып,  абыроймен  қызмет  атқарды.  Еңбегімен,  ақылымен, 
білімділігімен,  елге  қайырымдылығымен,  мәрттігімен,  адамгершілігімен,  жұмысты 
ұйымдастыра білу қабілетімен ел құрметіне бөленді. 
Өкінішке орай, 50-ден асқан кезде, салауатты өмір салтын ұстанбай бақилық болып 
кетті.  Артында  жақсы  азамат  болып  жетілген  ұлы  мен  қызы  қалды.  Жұбайы  өмір  бойы 
тіл-әдебиеттен мұғалім болып, лағып жөнсіз сөйлейтін – миы ашып кеткен пенде. Аудан 
орталығында  орыс  мектебінде  оқып  тәрбиеленгеннен  кейін  балалары  –  мәңгүрттің  өзі 
болып шыға келді. 
         
Мен  Ғазиз  жаныммен  байланысқа  шығып  сұрадым:  «марқұм  досым  С.  неге  жиі 
түсіме кіре береді? », – деп. Ғазиз жанымның жауабы: «артынан құран бағыштап оқитын 
адам жоқ, сонан кейін амалсыздан сенен дәметеді. Осыны балаларына түсіндіріп айтуың 
қажет»,  –  деді.  Қазір  жұма  сайын  ата-баба  әруақтарына  бағыштап  Құран  сүрелерінен 
аяттар оқығанда: С. досым мен бұрынғы жүргізушім: бауырым сияқты болып кеткен, орда 
бұзар  30-ға  жетпей  шейіт  болған,  үйленіп  те  үлгермеген  асыл  азамат,  жүрегі  кіршіксіз 
таза,  адамгершілігі  мол,  иманды  болғыр  Манат  Әмірбаев  марқұмды  ерекше  ілтипатпен 
есіме алып, өзім білетін Құран сүрелерінің аяттарын бағыштап отырамын. 
  
III ТАРАУ.   АДАМДАР ӨЗДЕРІНЕ ҚАЛАЙ АУРУ ТАУЫП АЛАДЫ 
 
Қанағаттанарлық өмір сүру үшін тоғыз талапты орындау керек: 
– 
жұмыстан ләззат табу үшін жақсы денсаулық керек; 
– 
өз қажеттілігіңді қанағаттандыру үшін жеткілікті байлық керек; 
– 
қиындықтармен күресіп, оларды жеңу үшін қайрат керек; 
– 
өз күнәларыңды мойындап, тәубаға келуге бой ұсынушылық керек; 
– 
лайықты бірдеңе тындыру үшін азапты еңбек етуге шыдамдылық керек; 
– 
өз жақындарыңның ізгілігін көру үшін Рахымшылық керек; 
– 
басқа адамдарға пайда келтіріп, көмек көрсетуге өзіңді мәжбүр ету үшін сүйіспеншілік 
керек; 
– 
Жаратушы сен үшін ақиқат болу үшін сенім керек; 
– 
болашаққа деген үрейден арылу үшін үміт керек;                    И. Гете 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет