Өз тағдырыңды, өзің қалай түбірімен өзгертуге


–  Семей,  Ұржар,  Науалыдан.  Сүйегім:  Найман  -  Төрт  Төлегетай  –  Қаракерей  -  Байыс– Тума – Қожагелдімін



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата03.03.2017
өлшемі1 Mb.
#7304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

         – 
Семей,  Ұржар,  Науалыдан.  Сүйегім:  Найман  -  Төрт  Төлегетай  –  Қаракерей  - 
Байыс– Тума – Қожагелдімін. 
         – 
Жүректі  екенсің,  –  деп  тарту-таралғысын  беріп,  ризашылығын  білдірді.  Поезға 
Күләйхан күйеуімен, жора-жолдастарымен шығарып салды. 
            
Өзімнің бала күннен ерекшелігім, әр нәрсенің, оқиғаның, қылған қылықтарымның, 
жеткен жетістіктерімнің, сүрінген шақтарымның себебін іздеймін. Тағы да, себебін таппай 
тыным таппаймын. Осы оқиғаны ылғи ой елегімнен өткізетінмін. Сондағы түсінбейтінім, 
қалай әп-сәтте көз ілеспес жылдамдықпен, бес апталдай азаматты кинодағы сияқты ұрып 
жығуыма  не  себеп  болды?  Кейін  осы  әдістерді  өзімше  жасап  көрейін  деп  едім  түк 
шықпады.  Осы  кітапты  жазу  барысында  барып,  осы  тылсым  күштің  қайдан  пайда 
болғанын түсіндім. Өзімнің Ғазиз жаным – мені қорғау үшін, маған осы төбелес әдістерін 
Өзі жасатыпты. Адам қиналған сәтте Ғазиз жаны әрқашан көмекке келеді. 
 
Ағзаның өмір сүргіштігін басқару 
 
«Өмір жолы – тар соқпақ, бір иген жақ, 
    
Иілтіп екі басын ұстаған Хақ. 
  
Имек жолда тыянақ, тегістік жоқ, 
   
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ».     Абай 
 
Ғазиз жан – орталық жүйке жүйесі және күн торабы жүйелерінің (солночное сплетения) 
жиынтық жүйке жүйесі арқылы, ағзада болып жатқан ағымдарды бақылап отырады. Ғазиз 
жанмен  тілдесу  барысында,  иландыру  температураны,  қан  тамырының  соғу  жиілігін 
(пульс)  ,  қан  қысымын  өзгерту  арқылы  емші  ағзаның  аурудан  арылуын  тездетеді.  Ғазиз 
жанның  келесі  атқаратын  міндеті  –  жеке  бастың  тарихын  немесе  тағдырын  құру.  Ғазиз 
жан  бұнымен  –  адам  баласы  жарық  дүниеге  келген  сәттен  бастап  шұғылданады.  Ғазиз 
жанымызда  біздің  өткен  өмірлеріміз  және  ата-бабаларымыз  жайлы  толық  ақпараттар 
сақталған.  Қоршаған  ортаға  және  өзімізге  деген  көзқарасты,  қарым-қатынасты 
қалыптастыру туа салғанда-ақ бойымызда бар қасиет. 
Бұл бізге әке-шешемізден дарыған. Есейе келе біртіндеп өмірлік тәжірибе жинақтаймыз. 
Қоршаған әлемге көзқарасымыз, қарым-қатынасымыз, байланысымыз саналы түрде бірте-
бірте  қалыптасады.  Ғазиз  жанымыз  бастапқы  бала  кезімізде  қалыптасқан  пікірімізді, 
өмірге  деген  көзқарасымызды  демеп  қана  отырады.  Егер  де,  сіздің  балалық  шағыңызда 
өзіңізге керемет әсер еткен оқиға болса, онда біліп алыңыз! Сіздің Ғазиз жаныңыздың бір 
бөлігі осы жағдайды сәбидің көзқарасымен көріп, тіршілігіңізге ықпал етеді. Сондықтан, 
өзіңіздің жеке тарихыңызды қайта төңкеріп тастап, өткен оқиғаларды басқаша бағалаудың 
өте  зор  маңызы  бар.  Әсіресе  бала  күніміздегі  қорқынышымыз  жадыңызға  жазылып 
қалғандықтан, кейбір адамның өмір бойы белгілі бір нәрседен қорқып жүруі мүмкін. Осы 
жағдайды ой елегінен өткізіп, қайта басқаша сараптап дұрыс баға беріңіз, сол кезде осы 
қорқыныштан мүлдем арыласыз. 
             
Еске сақтау қабілеті 

 «
Адасқан күшік секілді, 
Ұлып жұртқа қайтқан ой 
Өкінді, жолың бекінді, 
Әуре болма, оны қой».                   Абай  
 
Еске сақтау қабілеті де, Ғазиз жанның қарауында. Осында өткен өміріңіз туралы 
бейнетаспада – бес сезім мүшелеріңізге жазылған, сақталған. Ғазиз жанмен хабарласып, өз 
тарихыңжы қайта қарап, осыларды қайта қайталап көру оңай. Белгілі бір ауруыңды немесе 
шырғалаңдарыңды  өткен  өміріңнің  оқиғаларынан  іздеуіңіз  керек.  Сіз  сол  кезде:  рухани 
соққыңызды, осының себебін ұмыту үшін тепкілеп-тепкілеп – саналы түрде тереңге көміп 
тастағансыз. Осы себепті бақылауды, жөнге салуды саналы түрде санамыздан өшіргенбіз. 
Бұл «тікен» санамызда, жадымызда ұзақ жылдар бойы қадалып, қақшиып отыр. Қадалған 
«тікен»  белгілі  бір  уақытта,  белгілі  жағдайда  ауық-ауық  жанымызды  жаралап  –  қайғы, 
күйзеліс, зардап, қасірет, бейнет әкеледі. 
 
Ғазиз жан сырттан келетін ақпараттарды мүлтіксіз қабылдайды 
 
«Алладан  бұйырықсыз  ешкімнің  иман  келтіруі  мүмкін  емес.  Алла  азапты  ақылдарын 
жұмсамайтындарға береді». 
ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 220 бет. 
 
Кейде  ауырып  дәрігерге  қаралсаңыз  былай  деуі  мүмкін:  «Кешіріңіз,  бұл  ауруға 
медицина көмектеспейді». Сырқат адам осыдан кейін өмірден түңіліп, емдеуін доғарады. 
Қазіргі  медицинада  көптеген  аурулар  жазылмайды  деп  есептеледі.  Бірақта,  есіңізде 
болсын! Бұл аурулар тек қазіргі қалыпты медицинаның емдеу әдістерімен жазылмайды. 
Қандай  ауру  болмасын  жазылады,  тек  қана  адам  осының  туындау  себебін, 
жауапкершілігін  өз  мойнына  алып  жүктегенде,  қандай  ауру  болмасын  жазылып  кетеді. 
Қазақ  бұны  «таяқтың  екі  ұшы  бар»  дейді.  Жаратушы  ауруды  емімен  қоса  жаратқан. 
Аурудан жазылу үшін – өз өміріңіздің жауапкершілігін өзіңізге ғана жүктеуіңіз қажет. 
 
Өз  өміріңнің  жауапкершілігін  өзіңе  жүктеу  дегеніміз  –  айналаңдағы  адамдарды 
кінәлаудан, өсектеуден, сынаудан, көре алмаудан толықтай бас тарту. Талай сырқат 
адамдардан естіген де шығарсыз: «Менде неше түрлі аурулар бар» деген жылаңқы сөзді. 
Мүмкін  сізге  осылай болу  ұнайтын  шығар.  Себебі, сізге  біреудің мүсіркеуі, жаны  ашуы 
ұнағаннан кейін, кім көрінген танысыңызға өзіңіздің мұңызды шағып, жаныңызға ләззат 
алатын  шығарсыз.  Онда  сіздің  ауруыңыздың  жыл  сайын  өршіп-өніп,  қасірет  гүлімен 
гүлдеп, шешек жарып, тағы да уға, зардапқа толы жемісін беруіне таң қалуға болмайды. 
Өз бетіңізше ойлай алу 
«Жүректе қайрат болмаса, 
Ұйқтаған ойды кім түртпек? 
Ақылға сәуле қонбаса, 
Хайуанша жүріп күнелтпек».       Абай 
 
Ғаиз  жан  бізге  қандай  ақпарат  қажет  екенін  өз  бетінше  шешеді.  Біреуін  өзгертеді,  енді 
біреуінің  өңін  айландырады,  кейбіреулерін  қабылдамайды,  қалғандарынан  ортақ 
қортынды жасайды. 
Сәби қалай қорқады? 
 
3  жасар  бала  тербелетін  орындықта  отырып  құлайды.  Нәтижесінде  орындыққа 
отырудан  қорқатын  болады.  Баланың  санасы  тербелетін  орындық  пен  жай  орындықтың 
айырмасын айырмайды. Ол екеуін бір нәрсе деп біледі. Бұл жағдайда Ғазиз жаны баланы 
қорғап,  сақтандырып  оған  қорқыныш  туындатқызады.  Бала  ер  жетіп,  есейе  келе 
осылардың  айырмашылықтарын  білгеннен  кейін,  орындыққа  отырудан  қорықпайтын 
болады. 
 
Бір де бір дұрыс еркек жоқ деген тұжырым дұрыс па? 
 
Өзі жақын тұтып жүрген еркек әйелді алдап, қорлап, гүл сезімін таптап кеткеннен 
кейін, опық жеген әйел өзінің ойын тұжырымдай келе: «Барлық еркектер оңбаған» немесе 

«Бір де бір дұрыс еркек жоқ» дейді. Бұл ой санасына ұялап алғаннан соң, оның өмірінде 
тура осындай еркектер кездесіп тұрады. Себебі, оның ой өрісі тәп осындай еркектерді ғана 
өзіне тартатын болады. Тіпті басқа бір еркек оған силасыммен, сүйіспеншілікпен қараса 
да, оның Ғазиз жаны сырттан келіп түскен ақпараттың өңін өзгертіп, құбылтып береді. 
 
Пенде баласының өзі жұмбақ. Әйелін түсінбейтін еркек 
 
Кейбір еркектер басқа адамдар оны силамайды, құрметтемейді, өзінің жары өзіне 
көңіл  бөлмейді,  қамқорлық  жасамайды  деп  жылаңқы  пікірін  айта  береді.  Ақиқатына 
келгенде оның әйелі оған құрметпен қарап, асты-үстіне түсіп бәйек болады. Бірақта, бұл 
жағдай  –  еркектің  ойымен  қабаттасып  үйлеспегеннен  кейін,  осы  қамқорлықты 
қабылдамайды. Оған осыны түсіндіріп айтсаң: «Әйелімнен жылы сөз, жылы қабақ көрген 
жоқпын», – деп бет бақтырмайды. Тіпті мойындаған күннің өзінде: «Ол сайқалға бір нәрсе 
қажет болғандықтан ғана, қулықпен істеп жүр», – деп азар-безер болады. «Мүмкін біздің 
ішімізде  бөтен  біреу  отырған  шығар?  »,  –  деп  сұрарсыз.  Әрине  ешкімде  отырған  жоқ. 
Адам  тұлғасы  –  жеке  бүтін.  Бұлай  болу  –  адамның  тылсым,  құпия  қасиеттерінің  бірі. 
Біздің  әрқайсымыздың,  өзіміз  білмейтін  тылсым  қасиет,  қабілеттеріміз  өте  көп.  Пенде 
баласының өзі жұмбақ. 
 
Біздің мақсатымыз – осы тылсым дүниенің пердесін аз болса да ашу. Себебі, осыған 
өзіміздің тағдырымыз, өміріміз тәуелді. 
 
Пенде  баласының  басындағы  шырғалаңдар:  ауру,  рухани  соққы  –  сананың 
қалауымен,  Ғазиз  жанның  арасындағы  үйлесімділіктің  болмауынан  туындайды.  Себебі, 
Ғазиз жанымыз өзіміз жайлы ана ғұрлым көп біледі. Ғазиз жан нақтылы Ақиқатпен немесе 
Жаратушымен  тікелей  байланыста,  қарым-қатынаста.  Осының  нәтижесінде  ішкі 
даусымыз,  санамыз,  жан  дүниеміз  Ғарыштық  дамуға  өзіндік  үлесін  қосады.  Сондықтан, 
Ғазиз жанымызбен санамыз арасында үйлесімділіктің болуының маңызы өте зор. 
 II  
ТАРАУ. ЖҮРЕКТЕГІ ЖАРАТУШЫ – ҒАЗИЗ ЖАНЫҢЫЗБЕН ТІЛ ТАБЫСУ 
 
«Басында жан мен дене екі басқа, 
 
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа. 
Дене сауыт сықылды жанның орны,   
Оған да күту керек бұзылмасқа».         Шәкәрім 
 
Өзіңді жетілдіру, дамыту қақпасы  
 
Осы  күндегі  бір  де-бір  қазақ  тілінде  басылып  шыққан  кітап  –  жүректегі 
Жаратушының  ғажайыбы  және  Онымен  байланысудың  нақтылы  әдістерін  және  осы 
тәжірибені  игеріп  кету  мен  үйренуді  тап  осылай  талқыламайды.  Кімнің  де  болмасын, 
өзінің өмірлік тәжірибесін негізге ала отырып, Ғазиз жанның көмегімен бүкіл әлемді өзіңе 
бағындырып  алуға  болатынына  авторлар  шүбә  келтірмейді.  Бұл  жағдайда  сізге  ерекше 
қасиет  пен  жоғары  білім  туралы  дипломның  қажеті  жоқ.  Шындығында,  осы  кітаптан 
өзіңіздің қабілеттеріңізді қалай дамытуға болатынын білетін боласыз! 
Сіз  өткен  өміріңіз  бен  қазіргі  өміріңіздің  оқиғаларын  еске  түсіре  аласыз,  жаман 
әдеттеріңізден  құтылып,  орнына  көптеген  пайдалы  әдеттерді  қабылдап,  әртүрлі 
аурулардың,  үрей  мен  қорқынышыңыздың  себебі  мен  салдарынан  арылып,  өзіңіздің 
қалауыңыз  бойынша  өзіңізді  қайтадан  басқа  адам  қылып  жасай  аласыз.  Тағдырыңызды 
өзгертіп,  өз  Әлеміңізді  басқаша  құрасыз.  Сіз  өміріңізді  сапасы  мен  мәнін  түбегейлі 
өзгертетін бағалы құралға ие боласыз. 
         
Егер өзіңіздің қалауыңыз бойынша, бүкіл әлем сізге бағынатындай етіп өзгерткіңіз 
келсе  және  осы  іс  жүзіне  асу  үшін:  ойлау  жүйеңізді,  өз  әдеттеріңіз  бен  қалауыңызды 
істеген әрекеттеріңізді осы бағытта дамыта түсіңіз. Жолдың алыстығы – өзіңіздің ойлау 
жүйеңізге, қалауыңызға байланысты. Таңдау өзіңізде. 

Ғазиз жан – қиялыңның іске асқанын еске салады. Сіз қиялдағанда, қиялыңыз Ғазиз 
жаныңызда  –  өз  арманыңыздың,  елесіңіздің  ішінде  қалықтап,  болып  жатқан  жағдайды 
сезінесіз,  бірақта  оның  бұрмалаушы  сәттеріне  көңіл  аудармайсыз.  Қол  жетпестей 
көрінетін қиял, бәрімізде де ара-тұра болып тұратын қалыпты және табиғи қасиет. Кейбір 
кездерде арманымыз сондай бір бағытты, мығым болғанда адам алдына қойған мақсатына 
жетеді. Әдепкіде бұл ойланбай, алдын ала кесіп пішпей-ақ іске асады. 
         
Ғазиз жанмен байланыс – бұл сондай әдіс, өз алдыңа қойған нақтылы мақсатыңды, 
санаңды,  ойлау  жүйеңді,  қылықтарыңды  біртіндеп  барып  өзгерту  арқылы  іске  асыру. 
Қиялдау  сияқты,  Ғазиз  жаныңызбен  байланысу  қалыпты,  сау  табиғи  қасиет.  Сіз 
айналаңызда  болып  жатқан  жағдайларға  назар  аудармай-ақ,  санаңыз  арқылы  қоршаған 
әлемнің  жәй  күйін,  жапсарын  біліп  отырасыз.  Қиялыңызда  да  сіздің  санаңыз,  Ғазиз 
жаныңызда жүреді, бірақ айырмасы мынада: Ғазиз жанмен байланысу, хабарласу, ақпарат 
алу  әсері  арқылы  –  сіздің  ойыңыз  бос  қиялға  емес,  керісінше  нақтылы  және  пайдалы 
мақсаттарды іске асыру үшін жұмсалады. Осындай нақтылы мақсаттарға: аурудан, темекі 
шегу мен арақ ішуден, жоқшылық пен кедейшіліктен құтылу, өзіңді-өзің бағалау, арықтау, 
қорқыныш  пен  үрейден  арылу,  еске  сақтау  қабілетіңді  арттыру  –  осындай  келеңсіз 
тізімдерді шексіз жаза беруге болады. 
         
Осы кітапты оқып болғаннан кейін, сіз өзіңізді және басқаларды қандай болмасын 
пайдалы  және  қажетті  мақсаттарды  іске  асыруды,  Ғазиз  жанымыздағы  өмірлік 
бағдарламаны  өзгерту  арқылы  қалай  жасауды  білетін  боласыз.  Сіз  осы  кітаптан  Ғазиз 
жаныңызбен байланысудың әдістерін толығымен кең баяндалғанын тауып және өмірден 
нақтылы алынған дәйектермен танысасыз. Сізде түсінбейтін сұрақтар болмайды. Сіз осы 
кітапта  көрсетілген  әдістерді  жетілдіре  түсіруді  үйреніп,  өзіңіздің  де   жеке  жолыңызды 
табасыз. 
         
Егер де «қалай баюдың жолдарын» іздеп немесе басқа адамдарға билігімді қайтсем 
де жүргіземін деп, Ғазиз жанмен байланысқа шығуды осы мақсатта үйренсеңіз, онда осы 
туралы  ойды  мүлдем  ұмытыңыз. Әрекетіңіз  іске  аспайдыҒазиз  жаныңыз  бұған 
жібермейді. Бұл  кітаптан  ондай  әдістерді  таба  алмайсыз.  Бірақта  сіз  өзіңіздің  өмір 
танымыңызды  арттырып,  өз  өміріңізді,  өзгелердің  де  өмірлерін  де  өзара  сүйіспеншілік, 
түсіністік арқылы байытып өзгерткіңіз келсе ғана, ары қарай оқи беріңіз. 
         
Ғазиз  жанмен  тілдесу  –  қазіргі  заманда  өмір  сүрудің  сапасын  арттырудың  бағалы 
құралдарының  бірі.  Ғазиз  жанның  көмегімен  өзіңіздің  жеркенішті,  жексұрын 
қылықтарыңыздан бас таруыңызға, әр түрлі шырғалаңдардан шығатын ерекше жолдарды 
тауып, жағымды қылық, жайлы мінез қалыптастыруыңызға болады. 
         
Егер осының бәрі шын болса, неліктен елдің бәрі жаппай күнделікті Ғазиз жанымен 
байланысумен  шұғылданбайды?  Ең  басты  кесел,  бөгет:  білімнің  таяздығы  мен 
жетіспеушілігінде.  Көптеген  адамдарға  сенімді  ақпарат  көзі  жетіспейді,  олар  Ғазиз  жан 
жайлы тек қате, бұрыс ақпараттармен ғана таныса алады. Адамның ішкі жан-дүниесінің 
тылсымын  мектептерде,  арнайы  дәрігерлік  жоғары  оқу  орындарында  оқытпайды.  Өз 
бетімен оқығандар да шала-пұла бірдемелермен үстіртін ғана танысады. 
         
Бұл  кітап  жаңадан  үйренушілердің  деңгейінде  жазылған.  Егер  сіз  рухани  білім 
деңгейіңізді  дамыту  үшін  оқысаңыз,  осы  кітаптан  керекті  ақпараттардың  бәрін  табасыз. 
Егер сіз осыны кәсіп қылып, өз ісіңді ашамын десеңіз, сізге ештеңе де бөгет бола алмайды. 
Егер  де,  біреуге  көмектесу  үшін  үйренсеңіз  оған  да  құба-құп.  Ғазиз  жаныңызбен 
байланысу арқылы өзіңіздің жеке әдістеріңізді жетілдірсеңіз оған да мақұл. 
         
Сіз  осы  кітаптан  қосымша  екі  ақпарат  көзін  табасыз.          Біріншіден,  өзіңді-өзің 
қайта құру арқылы осы және өткен өміріңізді еске түсіре аласыз. Екіншіден, өзіңе Ғазиз 

жаныңызбен  тілдесу  арқылы,  психологиялық  тәжірибе  жасау  патшалығының  қақпасын 
аша аласыз. 
         
Осы  кітаптың  мазмұнын  ұғып  түсіну   және  Ғазиз  жаныңызбен  тілдесу  әдістерін 
меңгеру  үшін  –  сізде  орта  білім  болып,  оқи  алсаңыз  болғаны.  Керегі  осы  ғана.  Сізге 
жоғары  білім  мен  ерекше  қабілеттің  қажеті  жоқ.  Шындыққа  жүгінсек,  сіз  бұл  кітаптан 
өзіңіздің қабілеттеріңізді ары қарай қалай дамытуға болатынын білесіз! 
         
Бұл  кітап  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  адамның  ішкі  жан-дүниесінің  кереметтері 
жайындағы  құпиялылық  пен  надандықтың  бұлтын  сейілтеді.  Тек,  кім  болмасын  Ғазиз 
жанымен тілдесу әдістерін қолданғанда, қолында өмірін байытатын, мағыналы-мазмұнды 
қылатын қуатты да қарапайым табиғи қару ғана қалады. 
         
Бүгінгі таңда, басқа бір де бір қазақ тіліндегі кітаптарда Ғазиз жан тақырыбын терең, 
ауқымды,  нақтылы  әдістерін  адамның  күнделікті  тәжірибесінде  қолданатындай  етіп 
қаралмаған. 
 
Біздің мақсатымыз 
 
Осы кітапты жазу барысындағы алдымызға қойған мақсатымыз, Ғазиз жанмен тілдесудің 
пайдалы және құрметтеуге лайық білім екенін көрсету, шынында да бұл солай. Егер сіз  
өзіңізді-өзіңіз қайта құру әдістерімен жеке шұғылдансаңыз немесе өз тәжірибеңізді сүйікті 
адамыңмен,  досыңмен  бөліссеңіз  пайдасы  өте  зор  болуы  мүмкін.  Өзіңді  қайта  құру 
әдісімен  шұғылданып,  сіз  ең  жоғары  өзіңнің  «мен»-іңізге  жақындайсыз,  сол  арқылы  – 
адамзаттың  да  ұжымдық  «мен»-іне  жақындайсыз.  Ғазиз  жаныңызда  келеңсіздік  мүлдем 
болмайды. Егер де сіз мақсатты түрде табандылықпен шұғылдансаңыз, қазір армандауға 
ғана болатын нәтижелерге жетесіз. 
 
Ғазиз жанмен тілдесуді үйрену әдістері 
 
Әрбір тарауларда белгілі аралас әдістер көрсетілген. (Бұлар тек жазу үшін ғана арналған. 
Осыларды сізге дауыстап оқу міндет емес.) Бұл сұрыптаудың онша маңызы жоқ, тек қана 
іздеп табуды жеңілдету үшін ғана қолданады. 
Сіздерге берер кеңесіміз, әрбір әдісті жеке парақ қағазға немесе 10 х 12 см қатты 
қатырма  қағазға  көшіріп  жазып  алыңыз.  Осылай  істесеңіз  қандай  мақсатқа  жетуді 
қаласаңыз, сол бойынша қолданатын әдістер реттеліп тұрады. Осы кітапты оқып үйреніп 
болғаннан кейін, сіз қолданатын әдістеріңізді қалауыңыз бойынша реттеп аласыз. 
         
Көркем  жазумен  көрсетілген  әдістердің  сөздерін  дауыстап  оқуға  тиіссіз.  Осы 
сөздерді  жаттап  алсаңыз  өте  жақсы,  бірақта  оқуға  да  болады.  Алғашында   жеті  қадам 
жасайтын  әдістерді  жаттап,  санаңызға  сіңіріп,  түсініп  алыңыз.  Ол  қысқа  ғана,  сіздің 
қабылдауыңызға келген адам сіз қағазға қарамай сөйлеп тұрғаныңызды көрсе, сізге үлкен 
сеніммен қарайды. Сіз осыдан кейін қабылдауыңыздағы адамның көзін жұмуын өтінесіз, 
осы  кезден  бастап  ол  адам  сіз  оқып  тұрсыз  ба,  әлде  жатша  айтып  тұрсыз  ба  білмейтін 
болады.  Негізінде  оқып  айтып  тұрсыз  ба,  әлде  жатша  соғып  тұрсыз  ба  онша  маңызды 
емес, бірақта бірнеше рет қайталағаннан кейін өзіңіз де жаттап аласыз, бұл сіздің өзіңізге 
деген сеніміңізді ұлғайта түседі. 
Бағалы әдістерді үйреніп, қанағат сезіміне бөленіңіз. Ғазиз жаныңызбен тілдесуді 
үйреніп,  өзіңіздің  өмірлік  бағдарламаңызды  түбегейлі  өзгертіп,  тағдырыңызды  басқа 
арнаға бұру – сіздің өміріңіздегі ең пайдалы тәжірибенің бірі болуы мүмкін. 
 
Ақпаратты сөз ғана тасымалдамайды 
 
Біздің көптеген ойларымыз, өміріміздің әр кезеңдерінде санамызды иландырып отырған. 
Кейбір  пікірлерге  өз  бетімізше  ойлау  жүйеміз  арқылы  өзіміз  жеттік.  Бұлай  илануда 
өзіміздің өткен күндеріміздегі өмірлік тәжірибемізге сүйендік. 

         
Өзіміздің  Ғазиз  жанымыздың  бағдарламасы  –  өзіміздің  қалауымызбен,  басқа 
адамдардың  көмегімен  иландыру,  не  сендіру  арқылы  құрылған.  Алдымен  өзіміздің  от 
басымыз:  не  ана,  не  мына  ойларды  қайта-қайта  қайталап,  миымызға  құйып,  иландырып 
тастаған. Сонан кейін мұғалімдер мен өзіміздің құрбы-құрдастарымыз. Қазір осылардың 
барлығын басымызда ұстаймыз. 
         
Кейбір  ойларды  сенім  қылып  ұялату  үшін  қайталай  берудің  қажеті  болмайды. 
Ақпаратты  сөз  ғана  тасымалдамайды.  Балалар  көбінесе  ата-аналарының  көшірмесін, 
сонымен қатар ауруларын қайталайды. Қыз баланың етеккірі уақытылы келмей қиналуы, 
анасынан  беріледі.  Өйткені  ол,  анасының  осы  аурудан  зардап  шегіп  жүргенін  көріп, 
осыны қайталайды. 
         
Ой  кейбір  кезде  лезде  кіріп  ұялап  қалады.  Әсіресе  рухани  соққы  алғанда.  Кейбір 
сәтте хирург-дәрігердің аңдамай сөйлеген сөзі де бірден қабылданады. 
Сөз өсіреді де, өшіреді де 
 
Емшіге  оң  жақ  шабы  ауырған  жас  келіншек  келеді.  Дәрігерлер:  созылмалы  аднексит 
деген анықтама беріпті. Ауруы осыдан үш жыл бұрын кенеттен басталған екен. Сол кезде 
дәрігерлер  соқыр  ішек  деп  операция  жасаған.  Операциядан  кейін  де  ауырғаны 
басылмайды.  Дәрігерлер,  гинекологқа  –  әйелдер  дәрігеріне  жібереді.  Олар  да  өздерінің 
анықтамасын  қойып  емдейді.  Нәтиже  жоқ.  Экстрасеанстық  қабілеті  бар  емшіге  барады. 
Ол тіл, көзден, қара дуадан емдейді, «баяғы жартас, сол жартас» – нәтиже жоқ. 
         
Емші екеуі келіншектің Ғазиз жанымен байланысқа шығады. Сонда аурудың себебі 
«операция»  екені  анықталады.  Емші  келіншектің  Ғазиз  жанымен  байланысып   операция 
жасаған уақытқа кері алып келеді. 
          – 
Дәрігерлер бірдеңені қызу талқылап жатыр. Міне анестезиолог (мүшені дәрі егіп 
жансыздандыратын маман) менің оң жағымда қан тамырымның соғу жиілігін өлшеп тұр. 
Ол маған қарап: «Нәтижесіз. Бәрі бұрынғы қалпында қалады». 
         
Емші науқасқа қайта артқа оралуын өтініп, дәрігерлердің сөздерін мұқият тыңдауға 
кеңес береді. 
– 
Сөздерін шала түсінемін. Желдеткіш бөгет болып тұр. Ә, олар өздерінің бас дәрігерін 
сөз  қылып,  өсектеп  жатыр.  Ол  еңбек  ақы  ақшаны  өзі  алып,  қалғандарына  уақытылы 
бермейді.  Барлығы  жиылып  бас  дәрігерге  бармақшы.  Анестезиолог:  «Нәтижесіз.  Бәрі 
бұрынғы қалпында қалады», – деді. Мен енді түсіндім олардың не жайында айтқандарын. 
         
Жас  келіншек  осыдан  кейін,  өзінің  қатесін  енді  түсінгенін  айтып  разы  болды. 
Келіншек  келесі  күні:  «ауруым  жоғалып  кетті,  өзімді  керемет  жақсы  сезінемін»,  –  деп 
емшіге телефон шалды. 
         
Кейбір науқастар Ғазиз жанының көмегінсіз-ақ операция кезінде не болғанын есіне 
түсіре алады. Сауатты дәрігер, операция кезінде аузындағы сөзін абайлап сөйлеп, ауруды 
жігерлендіріп, сөзбен демеп, жараның тез жазылуына елеулі ықпал етеді. 
 
Аузыңыздағы сөзіңізге абай болыңыз 
  «
Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі». Қазақ мақал-мәтелдері 
 
Ғазиз  жан  –  ақпараттарды  айнытпай,  бұлжытпай  қабылдайды.  Кейбір  сөз  не  сөйлем 
астарлы  болса,  онда  ішкі  сана:  ойлау  жүйеңізге,  өмірге  көзқарасыңызға,  қылған 
қылықтарыңызға  сәйкес  –  оны  өзінше  өзгертіп,  басқа  мағына  береді.  Сондықтан: 
аузыңыздан шыққан сөзіңізге, сөйлемдеріңізге абай болыңыз! 
         
Егер  де  сіздің  сөйлемдеріңізде  мынандай  сөздер  мен  сөйлемдер  белең  алса:  «Мен 
жынданатын  шығармын...»,  «қарасам  ауырамын...»,  «басым  айланып  кетті...»,  «жігерім 
құм болды...» т.б. онда ойланатын уақыт жетті. 

         
Енді  қос  мағына  беретін,  ауруға  душар  қылатын  кейбір  астарлы  сөздердің, 
сөйлемдердің  тізімін  жасап  көрейік.  Бұл  тізімді  өзіңіз  ары  қарай  жалғастыра  беруіңізге 
болады. 
–       
жаман екен 
–       
өкпелеп жүрмін 
–       
қорқынышты болып тұр 
–       
жүрегім шайлығып қалыпты 
–       
менің осыдан жүрегім айниды 
–       
жүрегімді қыжылдатады 
–       
өмірден жалықтым 
–       
еш нәрсеге қызықпаймын 
–       
бәрінен де түңілдім 
–       
сары уайымға салындым 
–       
қайғырып, уайымдап жүрмін 
–       
кек сақтап жүрмін 
–       
кешіре алмаймын 
–       
мына істің арты насырға шабуы мүмкін 
–       
көргім келмейді 
–       
сұмдық екен 
–       
көрсем көзім шықсын 
–       
бұл балалар басымды ауыртты 
–       
жетпей желкең қиылғыр 
–       
көктей солғыр 
–       
албасты басқыр 
–       
қарғыс атқыр 
–       
жолың болмағыр 
–       
керең болғыр 
–       
шайтан алғыр 
–       
жын соққыр 
–       
жүрегім ауырады 
–       
жүрегіме тас байлап қойған сияқты 
–       
жыным келеді 
–       
менің бұл іске зауқым шаппайды 

–       
қолымнан келмейді 
–       
бұның бәрі кеңірдегімде кептеліп тұр 
–       
пікір айтуға құқысы жоқ 
–       
пысқырғаным бар 
–       
өлмесең, өме қап 
–       
Құдай ұрсын 
–       
ішім күйіп барады 
–       
тас төбеңнен жүргір 
–       
аурулардың шоғыры 
–       
мен жазылмаймын 
–       
күдер үздім 
–       
саған өкпеледім 
–       
адам емессің 
–       
жегенің желкеңнен шықсын 
–       
адам болмайсың 
–       
басым ауырады 
–       
жүрегім шаншиды 
–       
ол барып тұрған ит екен т.б. және боқтық сөздер тіркестері. 
 
Қазекең:  «жақсы  сөз,  жарым  ырыс»,  –  деп  бекер  айтпаған.  Сөйлегенде  қандай  сөз 
тіркестерін қолданасыз, ойланып көріңіз... Астарлы, қос мағыналы сөздер сіздің бірдеңеге, 
біреуге  деген  көзқарасыңызды  білдіреді.  Сондықтан,  көзқарасыңызды,  пікіріңізді 
өзгертіңіз.  Сонда  сіздің  сөйлеу  мәнеріңіз  де  өзгереді.  Сөз  қорыңызға  жаңадан  жақсы 
ниеттегі сөздер қосылады. 
                            
Даусы қарлыққан мұғалім 
 
Бір  мұғалім  үнемі  даусының  қарлығып  қалатынына  шағымданып,  емшіге  келеді.  Емші 
жұмыс  жайын  сұрап,  оған  бұл  жұмыстың  ұнамайтынын  біледі.  Мұғалім  үнемі:  «Бұл 
балалар  кеңірдегімде  кептеліп  отыр»,  –  деп  өзінің  қолының  қырын  кеңірдегіне  апара 
береді.  Емші  оған  басқа  жұмыс  тауып  алуын,  болмағанда  балаларға  деген  көзқарасын 
түбегейлі өзгертуге кеңес береді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет