Емшек бездерінің жетілмеуі
Емшіге кей кезде жас қыздар келіп, гипноздың көмегімен емшектерін ұлғайтып берулерін
өтінеді. Көптеген жағдайларда олардың тілектері орындалады.
Еркектердің аурулары
Еркектердің аурулары – еркектердің өзіне және әйелдерге дұрыс қарамаудың салдары.
Басқаша айтсақ өзіне сенбейтін, өзінің еркектігін жоққа шығаратындар – жыныс
мүшелерінің ауруларына шалдығады. Егер еркек әйелге үнемі теріс көзқараспен қарап,
оларға ренжісе, ашуланса, кінә тақса, жек көрсе, сыртынан сөйлесе т.б., онда жыныс
мүшесінің ауруымен қайтсе де ауырады. Бұдан қашып құтылу мүмкін емес.
Жұмалақ, еркектіктің сайманы (яички, член и предстательная железа)
Еркектік қағиданың, шарттың, қарулылықтың белгісі, осыны бейнелейді. Бұл мүшелердің
ауру себептері: әйелдерге деген кінәмшылдық, реніш, жауыздық т.б. келеңсіздіктер
«жыныс мүшелеріне» соққы жасайды. Сондықтан, күйеуі мен әйелінің арасындағы
татулық, әйел мен еркектің арасындағы үйлесімділік – екеуінің де денсаулықтарының
кепілі.
Қанды ірің – гонерея әйелімен және ойнастарымен байланысты
Емшіге бір ер адам созылмалы шыжың (простатит) ауруынан емделеді. Бірнеше
жылдың алдында қанды ірің – гонереямен ауырған екен. Оның «шытырман оқиғасы»
әйелімен және ойнастарымен байланысты. Осының бастауы әйелінің көзіне шөп салуынан
басталады. Әйелінен кек алу үшін ойнастарға барады. Бірақ, осы қылығы өзіне соққы
болып қайтып оралады.
Шыжың ауруы қазіргі медициналық әдістерге көне ме?
Шыжың қазіргі медициналық әдістерге көне бермейді. Дәрігерлер бұны еркектің
сайманының ерекшелігімен түсіндіреді. Себебі, жұқпалы инфекция лейкоцитке кіріп
алып, дәрі бара алмайтын қалтарыста мекендейді. Суыққа шалдығып не арақ ішсең қозып
кетеді.
Емші былай түсіндіреді. Антибиотиктердің көмегімен инфекция тұншықтырылып,
ағзаның тұңғиығына онан әрман батырылады. Аурудың нақ себебі емделмейді. Инфекция
өзінің уақытын тосып бұғып жатады.
Ер адам теріс ойлап, жаман қылықтар жасап, өзінің баяғы «таз» қалпына келгенде
инфекция «оянып» өзінің бар екенін паш етеді. Ауа-райы мен ішімдік осы механизмді іске
қосатын тетік. Бұндай жағдайда аурудың негізгі себебін жойып, өзіңнің әлемге деген
көзқарасыңды өзгертуің қажет. Бұнсыз қандай антибиотик ішсең де жазылу мүмкін емес.
Бұл аурумен көбінесе жасы келген адамдар ауырады. Аурудың басы – еркектік
саймандағы ішкі ісік ұлғая келе, кіші дәрет жүретін арнаны қысып тастайды. Осыдан кіші
дәрет шығару шырғалаңы басталады. Кіші дәреттің жіңішке болып ағуы, жиі-жиі дәретке
шығу, кіші дәрет шыққанда тіліп ауырсыну т.б. қалыпты медицинада тек пышаққа түсуді
ұсынады.
Жеті жылға созылған аурудың үш айға толар-толмаста жазылуы
Емшіге жасы келген ер адам кіші дәреттің жүрмеуі – аденома простаты ауруымен келеді.
Аурудың алғашқы белгілері бұдан 7 жыл бұрын байқалыпты. Бір апта бұрын кіші дәреті
мүлдем жүрмей қалады. Ісік ұлғайып, кіші дәрет жүретін арнаны толықтай бекітіп
тастайды. Оны жедел жәрдем көлігімен ауруханаға апарып пышаққа салады.
Операцияның бірінші кезеңі – кіші дәрет қапшығына, қарынының төмен жағын тесіп
түтікше қояды. Түтікшеге кіші дәрет төгілетін шыны шиша байлайды. Операцияның
бірінші кезеңі өте ауыр өтеді. Екінші кезең бұдан да сорақы. Сырқаттың жасы болса
жетпісте.
Ауруханада жатқанда емші туралы естіп, өзінің қызымен емшіге келіпті. Емші екеуі
бір сағат бойы аурудың пайда болу себептерін анықтайды. Қызының болғаны жақсы
жәрдемдеседі. Ауруының себебі, марқұм әйеліне және бүкіл әйелдерге деген реніш, өкпесі
екен. Ол өзінің от басында кикілжің тудырғаны соншалық, өзінің еркектік «меніне» бүкіл
әлемдік әділеттілік Қарымта заңы бойынша үлкен соққы алып отырған.
Емші оған табиғи шөп (гомеопатиялық) дәрілері және үй тапсырмасына – өзінің өмір
жолын қайта қарауды, өткен оқиғаларға көзқарасын түбегейлі өзгертуді ұсынады. Екі
аптадан кейін, қуанышы қойнына симаған әлгі шал арсалаңдап жетеді. Кіші дәреті табиғи
арнамен аға бастапты. Бір аптадан кейін беліндегі шыны шиша мен түтікшені алып
тастайды. Екі айдан соң кіші дәреті сарқырап ағады. Жеті жылға созылған ауру, үш айға
толар-толмаста жазылып кетеді.
Емші:
–
Әшейінде кіші дәрет жүрмеу ауруы ұзақ емделеді. Сіздің алғашқы нәтижеңіз тез болды.
–
Сіз білесіз бе, мен сізден шыққанда өзімді тәуір сезіндім. Бәрін сіз айтқандай істедім.
Құдайға күн сайын осы ауруды бергені үшін жалбарынып алғыс айттым. Бірінші аптада
күніне бірнеше сағаттан Жаратушыға жалбарындым. Кіші дәретім жүре бастағанда, дұрыс
істеп жатқаныма көзім жетті. Сонан кейін Құдайға жалбарынуды үдете түстім. Менің
ойымша, менің сенімім өзімде. Емделуге сіздің тәтті сөзіңіз өз жұмысын мінсіз атқарды, –
дейді разы болған ақсақал.
Қара нар шөгіп қалар бел кеткен соң...
Егер сіз өзіңіздің еркектігіңіз жайлы мазасыздансаңыз, онда еркектік сайманыңызда
шырғалаң басталады. Өзіңіздің ер, күшті, қайратты екеніңізді жоққа шығару ғана емес,
осыған күмәндануыңыздың өзі аса қауіпті. Жыныстық қатынаста кінәлі сезіну сезімі, осы
кезде ширығу – жаза ретінде ауру туғызуы мүмкін. Жасы ұлғайған сайын, еркектердің
шырғалаңдары ширыға түседі. Бұның себебі, кәрілікке мойын ұсыну. Кәрілікке сену –
кәрілік өзінің «қара ниетін» іс жүзіне асыра бастайды.
Белсіздік (импотенция)
Жыныстық қысым көрсету, қорқыныш, ширығу, өзіңді жыныстық қатынас кезіңде кінәлі
сезіну еркектік сайманның жұмысын әлсіретеді немесе бір жола сөлбірейтіп, өшіріп
тастайды.
Еркектік сайманы өзінен анағұрлым ақылды адамның «жорығы»
Емшіге келген ер адам қысылып-қымтырылып:
–
Өз әйеліммен төсек қатынасым тамаша. Жақында бір әйелмен таныстым. Мені үйіне
шақырды. Бардым. Біраз отырып ішіп-жедік. Төсекке жатқанда сайманым тұрмай қойды.
Әрі әурелендім, бері әурелендім тұрғысы келмейді. Масқара болмас үшін шаршап жүр
едім деп, сайманымды сыбап, сүмірейіп үйіме қайттым. Әйеліме барсам дікілдеп тұрады,
басқаға барсам сөлмірейіп жатады.
Одан бір бақсы-балгер кемпірге барып едім, әйелің сені оқытып «дуалап» тастаған
деді.
–
Бұл арада әйеліңінің қатысы жоқ. Айтыңызшы, осы әйелге бара жатқанда өзіңізді кінәлі
сезіну сезімі болды ма?
–
Әрине, болғанда қандай. Мен тек қана кінәлі сезініп қана қойған жоқпын, әйелім біліп
қоя ма деп жаман қорықтым. Бұл көрші үйдегі бойдақ әйел болатын.
–
Міне, сіздің кінәлі болу сезімі мен қорқынышыңыз сайманыңыздың тұрмауына тіреді.
Ол сіздің еркіңізге бағынбай, өзіңізді осылайша құтқарды. Сайманыңыз өзіңізден
анағұрлым ақылды болып шықты.
–
Сонда мен өзімді кінәлі сезінуден және қорқынышымнан құтылсам, әлгі қатынмен бәрі
дұрыс бола ма?
–
Сіз немене ажырасайын деп пе едіңіз?
–
Жоқ, ол не дегеніңіз. Менің от басым керемет. Екі балам бар. Әйеліммен қарым-
қатынасым жақсы. Тек соңғы кезде шартпа-шұртқа кеп қала береміз. Сондықтан, басқа
көлбеңдеген көк етектіге барып «бой жазбақшы» болдым.
–
Сіз бен әйеліңізбен арадаңыздағы кикілжіңді жөнге салу үшін, өзіңіздің Ғазиз жаныңыз,
өзіңізді белсіздікке ұшыратып жанұяңызды қорғады. Өзіңіз айттыңыз, әйеліммен қарым-
қатынасым жақсы, төсек ләззатын толық аламын деп.
Басқа қатынға көзіңді сүзіп мөлигенше, оны дәмелендіріп, соңғы кезде әйелің бермей
жүрген төсек ләззатын содан алуға талпынғанша, өз әйеліңмен арадағы кикілжіңді
талдамайсың ба. Өз сайманыңның, нақтылап айтсақ ішкі даусыңның ақылын алып, дұрыс
таңдау жасамайсың ба? Өзіңді-өзің аттап кетудің қажеті шамалы. Сонан кейін масқара
болып, бәлеге ұрынсың.
Мен сізге тоқта деп кеңес бере алмаймын. Бірақ, осыны айтуға құқым бар. Енді
өзіңіздің сайманыңыздың тұрмаған себебін білесіз, таңдау өз еркіңіз!
–
Менің ойымша сіз дұрыс айтып отырсыз. Алдымен өзімнің ішкі жан-дүниемді жөнге
салып, бақылайын.
Көптен қорланып жиналған әйелдерге деген реніш, өкпе, жек көрушілік, сондай-ақ еркек
ретінде өзіңіздің істеген істеріңізге күмәндану бел күшіңізді әлсіретіп атқа айландырады.
Әтек боласыз.
Еркектердің жыныс мүшелерінің аурулары
Сифлис, гонорея, гениталды герпс, трихаминоз, СПИД
«Бозбаланың алынбапты мұрты әлі,
Кеткен шығар талай қызда ұрпағы.
Бұның өзі аурудан да жұтады,
Бірақ, әлі – талай қызды құртады».
ХХ ғасырдың 70-ші жылдарындағы студенттік өлеңнен
Бұл аурулардың себебі біреу-ақ – жыныстық шатақ. Еркектік сайманыңызды
қынынан суырып алып: оңға да, солға да, алдыға да, артқа да жөнді-жөнсіз сермей бересіз.
Осыдан кейін неше түрлі жаман ойлар, сезімдер өзін кінәлау сезімі, реніш,
қызғаншақтық, әртүрлі қорқыныштар, өзін жазалау т.б. бас көтереді. Осылардың
барлығымен сансыз адамдар ауыратындықтан, қазір олар өздерінің келеңсіз сезімдері,
ойларымен жыныс ауруларын туындататын түрлі-түрлі микроорганизмдерді, вирустардың
өсіп-өрбуіне жағдай жасады, оларды шақырды.
Бұрынғы өткен ғасырларда адам баласы Құдайдан қорқып, табиғаттың заңдылығын
сақтаған. Жаңа төңкеріс ғасыры сифлис ауруын әкелді. Жыныстық қарым-қатынаста
төңкеріс басталды. Адамдардың қара ниеттері аурулар туындатады, бұл Құдайдың
жазасы.
Уақыт өте келе, медицина сифлис т.б. жыныс ауруларын антибиотиктермен
тұншықтыруды үйренді. Емдеу емес – тұншықтыруды, сондықтан себебі жойылмайды.
Себеп – былапыт жыныс қатынасы. ХХ ғасырдың ортасында кезекті төңкеріс – бәңгі
(наркотик). Адамдар азғанның үстіне аза түсуде. Қоғамдық Ғазиз жанның қауымдастығы
жаза ретінде СПИД-ті туындатты. Бұның астарында да, қазіргі медицинаға көнбейтін
вирус бұғып жатыр.
Қандай ауруға болмасын дәрі, ем ықылым заманнан бар. Ол – ойыңның мөлдірлігі,
жүрегіңнің тазалығы. СПИД ауруының емі – қарым-қатынастың пәктігі. Бірақ, бұл
дәріханадан алатын дәрі емес, өзіміздің ішкі жан-дүниемізде.
«Қатынды бастан, баланы жастан» демекші, адамды бала күнінен ер мен әйелдің
дұрыс қарым-қатынасына үйрету абзал. Бұл дәріс: жүрегінің кіршіксіз тазалығына, ойдың
мөлдірлігіне негізделуі шарт. Ең жақсы ұстаз: ата-анасы.
Мынандай шындық оқиға болған. Ұлы Отан соғысы (1941-45) шеңберіне жетіп,
шертиіп тұрған кезде, немістің бір дәрігері СССР-ден Германияға күштеп әкелінген 16...20
жас аралығындағы қыздарды, бойжеткендерді тексеріп таң қалады. Гитлерге СССР-мен
дереу бейбітшілік келісім-шартына қол қою туралы ұсыныс хат жазады. Өзінің Гитлерге
жазған хатында өзін таңқалдырған жайтты кеңінен баяндап, мынандай рухани деңгейі
жоғары, тәртібі түзу елді жеңу мүмкін емес дейді. Сөйтсе, әлгі тексерген жас қыздар мен
бойжеткендердің 90 пайызының қыздықтары бар, етектерін жел ғана көтерген екен.
Ішкі даусына құлақ аспай, «ат» болып сорлаған еркек
Емшіге бел күші әлсіреген 40 жастағы жігіт ағасы келіп, өзінің тарихын баяндайды. Жас
күнінде өте келбетті болғандықтан, қыздардың өздері жабысыпты. Ол осыған сәйкес
еркектік сайманын қынынан суырып алып: ұрығын оңға да, солға да шаша берген.
Бірақта, ауру жұқтырудан аман-сау, мәз-мейрам болып, қутың қағып, сырдың суы
сирағынан келмейді.
Күндердің күнінде бір әйел үйіне шақырады. Күні бойы барсам ба екен, бармасам ба
екен деген күдік маза бермейді. Оның ішкі даусы: «барма» деп нақтылы айтады. Оның
үстіне көшеге шығардың алдында қарлы жауын, қатты жел соғып нағыз табиғи апат
басталады. Бірақ, оны не ішкі даусы, не ауа-райы тоқтата алмайды.
Барады. Осы кеште жыныс ауруын жұқтырады. Осы аурудан жиырма жыл бойы
үздіксіз емделіп, бел күшінен айырылған екен. Біздің әрқайсымыз Ғазиз жанымыздың ішкі
даусынан нақтылы белгі, не нұсқау аламыз. Бірақ, осыған құлақ асып, тыңдай береміз бе?
«Еркің ойыңды бақыласын, ал ойың іс-әрекетіңді басқарсын». Халық даналығы
Антибиотиктердің аурудың себебін жоймайтынын түсінетін уақыт жетті. Себеп –
өзіміздің ішкі жан-дүниемізде, тәртібімізде. Ғазиз жанымыз ауру тудыру арқылы маңызды
сабақ береді. Дәрігерлер тек қана ауруды тұншықтырады. Бірақ, қаншаға?
Соңғы кезде жыныстық аурулар созылмалы түрге ауысты. Трихоманд, гонококки
қоздырғыштары дәрілерге бейімделіп алды. Егер арақ ішіп, не суық тигізіп «ұйқысынан»
оятып жіберсең, бауырым бармысың? , – деп, улап-шулап, өзіңмен қайта жылап көріседі.
Біз оны қайта тұншықтыруға тырысып әлек боламыз.
Ғазиз жаныңа: әйелге дұрыс қарау үшін жіберген ауруы үшін алғыс айт
«
Ей Алланың пенделері, аурудан емделіңдер, Алла тағала ешқандай ауруды әдейі
жаратпаған. Ал егер ауру келген болса, сол ауруға лайықты емді жаратқан. Тек бір
кеселдің ғана емі жоқ – ол кәрілік».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Емшіге бір қызбен төсектес болып, қышынатын – гермес ауруын жұқтырған жігіт келеді:
–
Мен онымен төсекке жатқанша осы сау қыз ба? – деп күмәнданып жүрдім.
–
Егер күмәнің бола тұрып, неге барасың?
–
Нәпсі жетелеп тұрса не істеймін?
–
Онда тыр-тыр қасынып отыра бер. Нақ себебін білгің келе ме?
–
Әрине.
–
Әйелдерді «жақсы», «жаман» деп бөлетін әдетің бар ма?
–
Бар.
–
Осы қызға барар алдында басқа әйелге өшпенділік, өкпең болды ма?
–
Иә, болды. Осыдан бір апта бұрын, бір жүріп жүрген қызыммен ажырасқанмын. Енді не
істеуім керек?
–
Біріншіден, Құдайға, сонан соң өзіңнің Ғазиз жаныңа: әйелдерге дұрыс қарау үшін
жіберген ауруы үшін алғыс айт. Екіншіден, осы қызға ауру жұқтырғаны үшін алғыс айт.
Үшіншіден, сені үйретіп, қатер болатынын ескерткен ауруға алғыс айтатын бол. Соңында,
әйелдерге деген теріс көзқарасыңды тегіс түгелдей қайта жаңа жағымды сезіммен қарап
шық. Осы тізімге өз анаңды кіргізуді ұмытпа. Бұл өміріңдегі бірінші әйел ғой.
–
Мұның бәріне уақыт керек қой. Өзіңді бірден өзгерту де оңай емес.
–
Сенде таңдау бар. Ескі ойларыңмен жүріп, өз өміріңе тағы да «жаман» әйелдерді,
жыныстық ауруларды тарта беремін десең өзің біл. Немесе ескі ойлау жүйеңді, жаңаға
алмастырып денің сау, әйелдермен силасымдылық, жақсы қарым-қатынас орнатам десең
өзің біл. Қайсын қалайсың?
–
Әрине соңғысын.
VI
ТАРАУ. МАСКҮНЕМДІК, ТЕМЕКІ ШЕГУ, СЕМІЗДІК
Маскүнемдік
«Арақтан, ішімдіктен сақтаныңдар, өйткені ол барлық жамандықтың кілті».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Маскүнемдік жазыла ма? Әрине жазылады.
Бұның себебі, Ғазиз жанның тұңғиығында тығылып жатыр. Араққа үйір адамдардың
Ғазиз жанында белгілі бір тәртіп бағдарламасы бар. Бұны «маскүнемдік бағдарламасы»
дейді. Ол тұқыммен беріледі немесе тіршілік кешу барысында рухани соққы алудың
әсерінен қалыптасады. Маскүнемдікті емдеу үшін осы бағдарламаны тауып, оны
залалсыздандырып, салауатты өмір сүру тәртібінің жаңа бағдарламасын құру керек.
Басқаша айтқанда, ескі әдеттен арылып, жаңа әдетті қалыптастыру қажет.
Қазіргі медицина қолданып жүрген (ампула тігу, ине шаншу, дәрілер, шәй,
құлыптау-кодирование) тек қана ауруды Ғазиз жанның тұңғиығына онан әрмен батырып,
уақытша жеңілдік әкеледі. Психиканы бұлай зорлау, мінез-құбылысының өзгеруіне әкеп
соғады (ашушаңдық, жанжал шығаруға бейімділік, түсініксіз қылықтар, сары уайымға
салыну, еркектік бел күшінің жоғалуы, немқұрайлық, жараланып аяқ-қолын сындыру т.б.).
Дәрі мен құлыптау, шырғалаңдарды біраз уақытқа шегергенмен де, аурудың нақ
себебін жоя алмайды. Нақ себеп – адамның Ғазиз жанында.
Маскүнемдік дегеніміз не, оның себептері?
Маскүнемдік – адамның дәрменсіздігі жанына тыныштық бермеуден, өзін әлсіз, қажетсіз
сезінуден. Адам қалай ләззат алу керек екенін білмейді. Оның үш жолы бар. Біріншісі:
адам сүйіспеншілікпен қуана еңбек етіп, өзінің жетілу жолын білім арқылы жетілдіре
түсу. Екінші жолы – «құмар» ойындар, еңбексіз, алдаумен келген үстіртін бақыт.
Үшіншісі – біреудің бақытсыздығына қуану. Осылардың ішінде, бірінші бақыт – нағыз
бақыт, ең тұрақтысы. Екінші бақыт – тұрақсыз бақыт. Үшінші түрі тек қана зардап
әкеледі. Екінші және үшінші түрінен ләззат алғысы келетін адам іше бастайды.
Ішу – өзіңнің санаңды ләззатқа айырбастау. Адам ақымақтығынан да ішеді, басқалар
ішкеннен кейін ол да ішеді. Адам өзіне дұрыс мақсат қоймай, ісі өнбегеннен кейін
маскүнемдікке салына бастайды. Өзін-өзі тануға ұмтылған адамда күдер үзу деген
болмайды. Өтірік айта берген де адамның басқа жол таба алмағандықтан ішімдік ішкісі
келеді. Адам біреуді алдаған кезде, оның айналасына да өзі сияқты алаяқтар жинала
бастайды. Нәзік денесінен бәрі көрініп тұрғандықтан бұндай адамға ешкім де сенбейтін
болады. Өзінен бәрінің теріс айналып, бақыт көзі жоғалғанын сезеді, себебі бақыттың өзі
де басқалар арқылы келеді.
Ашкөздіктен туындайтын жалғыздық сезімінен кейін де адам ішімдікке әуес бола
бастайды. Біреуге беріп, өсімқорлықпен еселеп пайда табам деген адам да соңында
жалғыз қалады. Кінәлы болу сезімі де ішкілікке құмар қылады. Осыдан құтылудың жолы
Жаратушыға жалбарынып өзіңнің ой пиғылыңды өзгертіп, Ғази жаныңның көмегімен
тәнің мен жаныңды тазалау.
Өліп барып тіріліп, өзіне-өзі жоқтау айтқан адам
Өзімнің бал-бұл балалық шақтан Науалыда тай-құлындай тебісіп бір көшеде өскен
Сарқыт деген құрдасым бар. Екеуміз бір жылы, бір ай, бір күнде дүние есігін де, мектеп
есігін де бірге ашыппыз. Бірақ, оның әке-шешесі ерте өліп, аға-жеңгесінің қолында өсті.
Сарқыт Қажығалиев бала күнінен сөзге пысық, еті тірі, мінезі шәлкім-шалыс
болатын. Өмір жайлы толғағанда: «Пах, пах! Осындай да сөзге жүйрік адам баласы туа
береді екен-ау! », – деп еріксіз ойлайсың, іштей сүйсінесің. Біз он жылдықты бітіргенде,
ол шешен балаларына еліктеп 8 жылдықты тәмамдады. Кейбір сыныпты екі қайталап
жіберді. Ауылда бір орта мектеп қана болатын. Кейіннен жетпісінші жылдары екінші орта
мектеп ашылды.
Ол кезде мектепте нашар оқысаң, сол отырған сыныбыңда – ұсақ балалардың
арасында омалып, ең артқы партада өңкиіп отыра бересің. Мұғалімдер де күдер үзіп: «Сен
бадырақ маған тиіспе, мен саған тиіспейін», – деп оның тыныш отырғанына қуанады.
Сабаққа келмесе шаттанады! Себебі, ойдан-қырдан жиылған, өңшең бұзық Науалы
жетімдер үйінің және сабақ оқымайтын тентек шешендердің балалары, қаптаған орыс пен
немістің балалары, ауылдың аңқау қазақ балалары бір мектепте екі кезекпен, екі тілде әзер
сиып оқитын. Бір класста жоқ дегенде 30-40 оқушы.
Біздің көрші екі қыздың бізден 3...4 жас үлкен ағасының 4-ші сыныпта 4 жыл
тапжылмай отырғаны бар. Кішкентай қыздар 4-ші сыныпқа көшкенде ағасымен бірге
оқитындарын біліп үйлеріне ботадай боздап: «Егер анау бізбен оқыса, біз оқымаймыз.
Балалар мазақтайды», – деп қиғылықты салады. Апасы, әке-шешесі барып, оны басқа,
қатар сыныпқа ауыстырады. Қарындастары 8-ші бітіргенде, ол әлі 4-ші сыныпта «білім
жілігін», қайта-қайта қайталап, кеміріп отырған. Мектеп осындай сабақ оқымайтын,
тентек ұлдарды, жылына бір қабат жиып-теріп, жасы толса қолына 8-ді «ойдағыдай»
бітірді деген құжат беріп, көрші «Южный» ауылындағы трактористер дайындайтын
училищеге жіберетін. Тамағы, киімі, жатар орны бәрі тегін, мемлекеттің мойнында.
Осы оқу орнын Сарқыт құрдасым да бітіріп, әскерге барып келген соң, ауылдан 120
шақырымдағы Алакөл көлінің жағасындағы «Сартерек» бөлімшесінде трактор жүргізді.
Жаз айларында дайындаған шөпті, қыс бойы ауылға тасиды. Кей жылдары біз жақта қыс
өте қатты болып, тфу деп түкірсең, түкірігің жерге түспей қатып қалатын сары шұнақ
аяздар жиі болып тұрады.
Осындай қақаған қыстың бір күні Сәкең ауылға ымырт жабыла шөп алып келеді.
Тіркемесін ағытып, арақ ішеді. Ішкенде сілейіп тойып, сілекейі аққанша, есінен
айырылғанша ішеді. Түн қоюлана тракторымен өлеңдетіп үйіне қайтады.
Біздің ауылды қақ жарып ағатын Қусақ өзені бар. Көпірден өту керек. Бұл ерің
көпірді таба алмай, тап көпірдің жанындағы жарға, қалың омбы қарға тракторымен
шоңқиып асылып қалады. Қардың қалыңдығынан трактор жарға құламайды. Асылып
қалған трактор – артқы екі дөңгелегі шыр айланып, айналаны азан-қазан қылып, ауылды
басына көтеріп дарылдап тұра береді...
Тәп осы жардың басында Людмила Павловна дейтін мұғалім орыс әйелі тұратын.
Үйінің іргесінде дарылдап тұрған трактор ұйқы бермейді. Мезгіл түн жарымынан ауған.
«Неде болса барып, мынауыңды дарылдатпай өшір, әйтпесе бұл арадан кет», – деп
айтайын деп күйеуі екеуі келсе, трактордың түбінде – бір қолы жоғары көтеріліп, бүк
түсіп қатып қалған адамды көреді. Дереу ауылдық, аудандық милицияға телефон шалады.
Олар іле-шала жетіп келіп қараса, аязда қатып қалған адамның мәйітін көреді. Мәйіттің
аяқ-қолын созайын десе, шеге болып қатып қалған.
Милициялар мәйітті тексеріп, біраз уақыт тракторды айналшықтап жүреді. Тоңған
соң, өздерімен бірге мәйітті мұғалім әйелдің үйіне ала кіріп, мәйіт жібісін деп пештің
үстіне ағаш салып, қолын қоқитып жатқызып қояды. Өздері жылыну үшін арақ, ыстық
шәй ішіп, біраз әңгіме-дүкен құрып отырады. Мәйіт жібімейді. Мәйіттің бір қолы жоғары
көтерілген қалпы, ашық машинаға тиеп, аудандық милиция бөліміне алып келеді. Олар:
«бізге өліктің қажеті жоқ» деген соң, аудандық ауруханаға әкеледі. Олар да: «біз өлікті
емес, сырқат адамды ғана қабылдаймыз», – дейді. Мәйітті мәйітханаға (морг) апарып
тастап, оның үйіне, ағайын-туыстарына, колхозға: "Сарқыт колхоздың шөбін әкеле
жатып, ерлік жасап, аязда далада қалып, мұз болып сіресіп қатып қалған жерінен тауып
әкеліп, сүйегі аудандық мәйітханада", - деген қаралы хабар естіртеді.
Сарқыт тоңып оянады. Жан-жағына қараса бірнеше адам, анадан жаңа туғандай
шешініп тастаған, қаперлерінде түк жоқ, ұйқыны соғып жатыр. Қолын созып біреуінің
жамылғысын жұлып алады. Екінші жағына қараса кішкентай бала ұйықтап жатыр екен:
«Алда бейшара-ай! Суық үйде жалаңаш жатқаны несі? !», – деп жаны ашып, қойнына
алып жатады, сұп-суық. Бала оянбайды. Оны қымтап жауып қояды. Қайдан келіп-
тұрғанын білмейді. Үстінде лыпа жоқ, анадан туғандай жап-жалаңаш. Бас әңкі-тәңкі.
Біраз уақыт жатқан соң: «Қой, біреуден шылым алып шегейін», – деп ойлайды. Ұят
болмасын деп жамылғысын жамылып, шығатын есікті іздесе, бір жарықтың сызаты
көрінеді. Есікті ақырын ашып сығаласа, қалғып-шұлғып бір орыстың кемпірі отыр екен.
Шошытып алмайын деп жайлап барып орысша: «Апа! Темекі бар ма? », – деп сұрайды.
Көзін ашқан кемпір бақырайып қарап тұрып: «О, Құдайым-ай! », – деп айқайлап барып
шалқасынан түседі де, талып қалады.
Сарқыт кемпірдің бетіне су бүркіп тірілтіп алғанда, кемпір төрт тағандап, ойбайлап
қаша жөнеледі. Қараса таң сібірлеп атыпты. Кемпірдің қылығына түсінбей, жалаңаш
шығуға ұялып, босағада, әліптің артын күтіп отыра береді.
Бір уақытта у-шу болып дәрігерлер, медбикелер жетеді. Киіндіріп аудандық милиция
бөліміне: «Мына бәлең тіріліп кетті», – деп апарып тастайды. Аудандық милиция
бөлімінің бастығы Жидебаев: «Өмірімде талай сұмдық, талай басқадай нәрселер көріп
едім, бірақта, өліп-тірілген адамды бірінші қабат көріп тұрмын», – деп ауылына
апарғызып тастайды. Ұржар мен Науалының арасы 12 шақырым.
Сарқыт "ерің" милицияның машинасынан қайқиып, көшесінің басынан түсіп қалады.
Түс кезі. Үйіне жақындаса, ауласы қаптаған адам, асылған қазан. Айғай-шу, бір-бірімен
«Ой, бауырымдап» көрісіп жатқан адамдар. Миы айланып тұрған Сәкең: «Е, мен жоқта
үйімде біреу өліп қалған екен ғой. Бұлар кешеден бері мені таба алмай жүр. Естімедім деп
айтсам ұят. Одан да хабар алып, білетін кісіше айғайлап барайын. Жүрісім болса мынау,
өзіме де обал жоқ», – деп, түндегі қорлыққа, өзінің өліктермен айқасып құшақтасып
жатқанына намысы келіп, өзінің шошқа қылығы есіне түсіп, онсызда басы ауырып, кінәлі
екенін сезініп, көңілі босап жылағысы келген Сарқыт:
–
Ой бауырым-ай! Қырышында кеткен арманым-ай! Асылым-ай! Ардағым-ай! Көре
алмай, соңғы сөзіңді тыңдай алмай арманда кеттім-ау! Есіл ерім-ау! Боздағым-ау!
Бауырым–ау! деп өкіріп жылап, өзін-өзі жоқтап айғайға, жоқтауға басады. (Біздің жақта
даладағы таяқ ұстап тұрған ағайындарына жылап көріседі. Сонан соң әйелдермен көріседі.
Әйелдер тоқтамай жоқтау айтады. Сәкең суырып салма керемет әнші, даусы әдемі
болатын).
Алдымен қатар-қатар қаздай тізіліп тұрған ағайын-бауырларымен көрісіп,
ойбайлаған күйі, үйде жоқтау айтып отырған апайлары, жеңгейлерімен бірігіп, тоқтамай
сұңқылдап жоқтау айтады. Ең соңынан әйелімен көріседі. Еш бір адам танымайды.
Бажайлап қараса бала-шағасы, ағайын-туысы түгел аман. Балалары ол кезде
кішкентай, қаперлерінде түк жоқ, «Әкеміз келді! Әкеміз келді! » – деп, ойнап-шауып жүр.
Ағалары түгелдей таяқ ұстап тұр. Өлген кім болды екен? !, – деп аң-таң болып отырғанда,
«алтын басты, қара қасты, жалбыр шашты, жылқы ерінді, қыр мұрынды, өзі көсем, сөзге
шешен, ақын, жырау, тентек, өз дегенінен басқаға көнбейтін қыңыр-қисық қайным-ау!
Сенің орныңа егін егеміз бе, қайтеміз? !», – деп жоқтап отырған бір жеңгесі: «Ойбай! !!
Өліп, қатып-сіресіп мұз болып, жібімей жатыр деген Сарқыт тіріліп кеткен бе? !», – деп
құлап барып, талып түседі.
Мұндай сұмдықты көрмеген ауыл халқы, нөпір жұрт: бала-шаға, қыз-келіншектер,
қатын-қалаш, кемпір-шалдар үйді айлана қашады. Ол аз болса қазан жағалап жүрген иттер
ұлып, қорадағы сиырлар мөңіреп ауылды азан-қазан қылады. Біраздан кейін есін жиған
жұрт көз көрім, құлақ естір жерден: "Әй! Сен Сарқытпысың? ! Әлде оның әруағымысың? !
Әруақ не Сарқыттың кейпіне түсіп алған жын шайтан, пері болсаң жөніңе кет! Бізде не
әкеңнің құны бар? !", - деп айғайлап жөн сұрасады. Есі шыққан Сарқыт шешендерден
көрген діни білімі есіне түсіп: "Оллаһии, билаһии! Олаһии, билаһии! Мен Сарқытпын!
мен Сарқытпын! Сарқытпын! Аязда өлердей арақ ішіп қатып қалыппын. Енді жібіп,
тіріліп үйге келіп тұрмын! Маған сеніңдер! Мен Сарқытпын! Ендігәрі сайтанның сідігін
ішсем желкемнің шұқырын көрмей кетейін! ", - деп тамағын қолының қырымен өзін
бауыздағандай кейіп көрсетіп, қос жұдырығымен кеудесін ұрғылап, тізерлеп отырып алып
қарғанып-сіленеді.
Ол жылдары біздің ауылда шешендер көп, шетінен баукеспе ұры. Ұсталып қалса
өстіп қарғанып-сіленіп құтылып кететін. Аңқау қазақ: Бұл бейшара "Олаһии билаһии! ", -
деп Құдайды аузына алып қарғанып отыр ғой! Қой дүниесі де, малы да құрсын, кешегі
соғыстан да, ашаршылықтан да аман қалдық, бұған да тәуба! , - деп әлгі шешенді жөніне
жіберетін. Ақиқатында соғыс жылдары қоныс аударылып келген шешендердің тұрмыс
жағдайлары өте ауыр, аяқтарына қысы-жазы калош киіп, сығандар сияқты: көше-көшені
күндіз қатын-қалашы мен бала-шағасы, түнде еркектері ұры иттер сияқты тіміскілеп,
қазекемнің дастарханынан төгілген қиқымдарды теріп жеп, малдарын, жұмыртқа,
тауықтарын ұрлап-жырлап күндерін көретін. Тағы бір ерекшеліктері бірде-біреуі жұмыс
істемейтін, қазіргі Алматы қаласында үйір-үйірімен өріп, қаңғып жүрген тәжіктерден
айнымайтын. Сарқыттың рухани білімінің деңгейі де, түсінігі де осы шешендерден
үйренген екі ауыз "Олаһии, билаһии! " деген сөзбен тамамдалатын. Әлі де өзгере қойғаны
шамалы.
Сарқыттың тірі екеніне көзі жеткен ел: улап-шулап Сарқытпен қайта көріседі, аяқ-
қолын сипап, шашын жұлып, нұқып, ұрып көреді. Сарқыттың денесі көгеріп, соққы
жанына батып ойбайлағаннан кейін әруақ емес екеніне көздері жетеді. Қазаның арты
тойға ұласады, Талып жатқан адамды тірілтуден тәжірибесі бар Сәкең, енді жеңгесін
тірілтуге кіріседі... Сарқыттың Ғазиз жаны осылайша оны маскүнемдіктен сақтап, өмірлік
сабақ берді. Менің құрдасым сонан бері салауатты өмір салтын ұстанып, мешіттің имамы
сияқты: «арақ ішпеңдер, ол һарам. Ішсеңдер тылсым дүние тарапынан жазаға ұшырап,
Құдайдың қарғысына ұшырайсыңдар. Мен бұны басымнан өткізгенмін! " - деп елге уағыз
шашып, осы оқиғасын жырдай қылып, майын тамызып айтып, ішімдік баласын аузына
алмайды. Қазір ауылда өзі шамалас зейнеткерлікке шыққан мұғалімдерді т.б. ерігіп
жүргендерді жиып алып: сөткелеп, апталап, айлап жатып карта ойнап, 100, 200, 500, 1000
теңге үшін қызыл кеңірдек болып айтысып, тартысып, шапқылап, аман-есен ел қатарлы
ауылда жүріп жатыр. Сынықтан басқаның бәрі жұғады демекші, осы картожниктердің
бірен-сараны болмаса, басым бөлігінің жұмысқа қырлары жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |