Үш күн қой бақаннан ақыл сұрама
«Адамның ісі қандай болса, өзі де сондай». Г.Гегель
1970-
ші жылдары орталық "Правда", "Социалистік Қазақстан" т.б. толып жатқан
газеттер мен журналдарда "Шұбартаулықтардың бастамасы, екінші тың - қой бағу", -
деген даңғаза ұран, айғай-шулары шықты. Енді ғана жоғарғы оқу орындарына оқуға түсіп,
көздерін тырмалап ашып келе жатқан қазақтың қара домалақ балалары мен "он екіде бір
гүлі ашылмаған" қыздарын үгіттеп, үгітке көнбегендерін қорқытып неше түрлі айла
амалдармен түгелдей қойдың көтіне салып, мойындарын ырғайдай, биттерін торғайдай
қылып, тоз-тозын шығара бастады.
Сол кезде Олжас Сүлейменов бір жиында Шұбартау ауданының басшысы, қазақты
"құл қылып, қой бақтырудың" авторы Мақашовқа былай депті деген алып-қашты сөз бар.
Олжас шақырады дегенге әлгі басшы қуанып, арсалаңдап жетіп келсе:
-
Мақашов деген сенбісің?
-
Иә, менмін дейді мақтауға үйреніп, кеудесіне нан піскен хатшы.
-
Онда тәп әкеңнің аузын с.....! Қазақты оқытқанның орнына қойдың көтіне
салғаның не? ! Немене, жаңалық аштым деп тұрсың ба? !, - деп ит терісін
басына қаптапты дейді.
Атам қазақта: «Үш күн қой баққаннан ақыл сұрама», – деген терең мағыналы
даналық мақал бар.
Біздің Семей жақта, Кеңес үкіметінің тұсында колхоз, совхоз басқарған
басшылардың басым бөлігі осындай:
түйтіксіз, әңгүдік, ұрда-жық, әпербақан, алкеуде, есерсоқ, жағымпаз, рухани надан
"оқыған шабан" мал мамандары
болатын.
1983-
85 жылдары, Кеңес үкіметінің басшылары бірінен кейін бірі сайлана салысымен
өліп, шыбынша қырылып жатқан. (Брежнев, Черненко, Андропов). Сол тұста облысқа
басшы болып, ғылыми атағы бар зоотехник, пәкене бойлы, өн бойынан қыңырлық пен
қисықтық, рухани надандық мен мұндалап айғайлап тұрған С.Қ. деген түрі суық, қанын
ішіне тартып адамға емес, аспанға қарап сөйлейтін мал маманы "оқыған шабан"
тағайындалды. Келе сала, шілденің шіліңгір ыстығында жаңа туған жүз мыңдаған
қозыларды енесінен бөліп алып, жеке қаматып, түгелдей жусатып, қырып тастағаны бар.
Жиналыстарда бұлбұлша сайрап: «Мен ғылыми атағы бар зоотехникпін. Қазақтың,
көшпенділердің ғасырлар бойы қой бағудағы қалыптасқан қараңғылығын, надандыған
жойып, қозыны жеке бақтырамын. Қой бағудың жаңа технологиясын ойлап таптым», –
деп көкитін.
Осының алдында ғана оңтүстүктің өңкиген дәу қара қазағы А.Р. облысқа басшы
болғанда бүкіл қазақ баласы қуанған. Себебі, Сталиннің аты шулы жендеті Ежовтан кейін
облыстың тізгінін ұстаған қазақ баласы осы еді. Ол әпербақаның: "Мен агронммын!
Сендер түгел мал болып кеткенсіңдер! ", - деп тау бөктеріндегі құнарлы жайлауды, шөп
шабатын жайылымды, шөп шықпайтын шөлейт, құмдауыт жерлердің бәрін жыртқызып,
шаңын аспанға көтеріп тастады! Ондағы мақсаты жыртылған жердің әр гектарынан бір
тонна арпа өндіріп, қойды шошқа сияқты қораға қамап қойып, шетінен бордақылап ет
комбинатына тоғыта беру еді. Неткен көрсоқырлық, надандық десеңізші! Жер қайта
қалпына келу үшін бір ғасырдан астам уақыт керек!
Бүкіл Семейдің қазағы:"Оңтүстіктен шыққан, жердің, судың, көктің, жеміс-
жидектің қадір қасиетін білетін, түсінетін "дихан баба" бізді көгертіп, көктетеді! Біз
гүлдейміз! Өзіміз, ата бабаларымыз, балаларымыз, немерелеріміз жемеген көкөніс, қияр,
алма жеп ыңқия тойып, витаминдерге қарық боламыз! ", - деп тақияларын аспанға атып
жүргенде қолдан жасалған экологиялық зардапқа ұрынды! Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп
жүріп құлағынан айырылғанның кебін мал маманы, ғылыми атағы бар С.Қ. жалғастырды.
Біздің қазақ қолына билік тисе болды, Құдаймен жағаласып, табиғатпен
тайталасып, оның бұлжымас заңдарын бұрмалауға кірісетіндері қалай? ! Себебі рухани -
надандық! Кеудедегі көр соқырлық, жалпаңдаған жағымпаздық! Екеуі де Голощёкин
сияқты қазақ даласына, Семей өлкесінің ядролық сынақ жүргізіліп жатқан ат төбеліндей
халқына "технологиялық төңкеріс" жасап аттарын тарихта қалдырмақшы болды!
Мал маманы, ғылыми атағы бар, өзін данышпан, білгірмін деп қазақтың ғана емес,
бүкіл көшпенділердің қой бағу технологиясын жоққа шығарып, әлемде болмаған: қой
бағуда "технологиялық төңкеріс" енгізуге бет бұрған С.Қ. "ғұламаң" облысқа басшы
болуы мұң екен, талай іскер басшыларды, адал адамдарды соттатып, айдатып жіберді.
Мысалы: Ұржар ауданының "Тасбұлақ" совхозының директоры Әскербек деген асыл
азаматты жазықсыз бірнеше жылға соттатып жіберді. Көп ұзамай-ақ: «көрсоқырлықпен
ұрықтанған идея, қасірет гүлімен гүлдеп, зардапты жемісін» бере бастады. Колхоз,
совхоздарда – бөлек баққан, жаңа туған қозылардың өлімтіктері тау-тау үйіліп, мая болып
қалды. Оларды трактордың тіркемесіне күнделікті толтыра тиеп, түнделетіп орға апарып,
бетін бульдозер тракторымен жабатын. Бұл жағдай Семей облысында жаппай «қозыны
қаталатып, аштан қыру науқаны» деген атпен, тарихтың көлеңке беттерінің біреуі болып
«жабулы қазан, жабулы күйінше» қалды. Елді жаппай түрмеге отырғызатын басшы, өзінің
нақұрұстығына жауап бермек түгілі, КССРО-да террор жүргізіп, жаппай қуғын-сүргінді
бастаған Ю.В. Андроповтың тұсында Қазақстан Республикасы Компартиясының екінші
хатшысы болды. Ю. Андропов кенеттен өліп кетіп, халықты, елді Құдай сақтады...
Сол кездердегі анекдоттан. Бір шетелдік Қазақстанды аралап еліне барыпты, сонда:
–
Қазақ деген қандай халық екен?
–
О! Қазақ тамаша, жуас, көнбіс халық. Музыкаларын еврейлер жазып,
өлеңдерін татарлар айтады, ал техниканы немістер мен орыстар жүргізеді екен.
Бірақ, қазақ жуас болғанымен, өте қу екен, қойды ешкімге сенбей өзі ғана
бағады.
Н. С. Хрущевтің қазақ ұлтына жасаған жақсылығы
1960-
62 жылдары Н. С. Хрущев қытаймен арадағы шекараны ашып жіберіп, талай
қазақты квотасыз, құжатсыз-ақ көшіріп алып, көзсіз ерлікке барды емес пе? ! Осы
қазақтар дінімізді, ділімізді, мәдениетімізді, ұлттық қасиеттерімізді қайта алып келіп,
солып бара жатқан қазақ қайта көктеді. Қой бағып елдің де, өздерінің де тұрмыс
жағдайларын түзеді. Олар көшіп келгенде бұттарында көк дамбалдан басқа дымы да
болған жоқ қой! Олар жоқтан бар жасады. Біраз жылдан кейін осы ағайындарымыз
жергілікті қазақтан тұрмыс, рухани даму жағынан да көш ілгері кетіп қалды. Себебі,
еңбекқор. Кеңес үкіметінің қитұрқы саясаты – бір қазақты «жергілік» және «қытайшық»
деп екіге жіктеп, араларына білдірмей шоқ тастап қоятын.
1955 жылдары алғаш құжатпен өткен қазақтар, басым бөлігі осы кітап авторының
нағашылары. Нағашылырым Қаракерей Найман елінің Байыс тайпасының Тума елінің
ішінде Құдас деген ру – жауынгер, тентек, жүрек жұтқан ел.
1955-
56 жылдары тың көтереміз деген желеумен Ресей: түрмесінде жатқан
қылмыскерлерін, көшеде жүрген бұзықтарын, т.б. адамдарының бұзылған қалдықтарын,
топтарын – отарлау саясатын жүргізе отырып, Қазақстанға қаптатып, өргізіп жіберді.
Келімсек неше түрлі ұлт өкілдерінің қоқыр-соқырлары, басбұзар тентектері,
қылмыскерлері біздің ауылға да қаптап кетіп, қазақтарға қырындап қарап, есіктен
сығаламай жатып: «төр менікі» деп жауша тиіп, есікті теуіп кірді. Негізі орыс пен украин,
бұларға соғыс кезінде жер ауып келген шешен жастары қосылып, жергілікті қазаққа күн
көрсетпеді.
Әлі есімде, кішкентай бала күнім. Ұржарда орталық саяжайда үлкен мереке болды.
Ауылдың бар баласы осындамыз. Ұмытпасам бұл 1956 жыл, Қазақстанның 30 жылдығы.
Көбіміз нағашыларымыздың аттарына мінгесіп барғанбыз. Олар қылшылдап тұрған,
аттың құлағында ойнайтын шабандоз жас жігіттер. Шетінен жаужүрек, қызба қанды
көкпаршылар.
Мыңдаған ішіп алған орыстар, хохолдар, шешендер әдеттегідей қазақтарды сабай
бастады. Қытайдан келген қазақтарды әлі жөнді білмейді. Бір уақытта «Шыңғожа!
Шыңғожа! » деген Тума баласының соғыс ұраны жер жаңғыртты. Орталық саяжайда атқа
мініп, тойды қызықтап жүрген жігіттер дереу 40-50 шақтысы әскери тәртіппен бір жерге
топтала қалды. Кейбіреулерінің қолдарында дырау қамшы. Қамшысы жоқтары үзеңгілерін
ағытты, енді біреулері ағаштан сойыл жасап алды. Он-оннан топқа бөлінді. Топтан
танығандарым: Мақыш, Жақашбай аға, Тоқтам аға, аюмен алысқан Әбітай, көкпаршылар:
Ахметқали, Төкештің әкесі Тілеген, Асқар, Саният, Биғажы, Ақан, Сәлім, Мұқаш, Болат,
Назарбек, Өндірхан т.б. Абылхановтар, Домбалановтар, Уасіловтар, Қасабаевтар,
Қаймақбаевтар, Жакупов, Сейтжапаров, Бошаев әулеттері түгелдей ат үстінде.
Ұлы даланың көшпенділерінің – қаһарман, жаужүрек, жауынгер ұрпақтары
майданды бастады. Он-оннан лекке бөлінген, дала соғысы амалын жетік білетін атты
жасақ – өңшең көкпаршылар, көздері шоқтай жанып, теңіздегі жарға соққан толқындай
лек-легімен: орыстарға, украиндерге, шешендерге қырғидай тиіп, жамсатып салды.
Артқы лек атойлап «Шыңғожалап» ұрандап тигенде, алдыңғы лек қайта айналып
толассыз құйылып отырды. Аттың бауырына салып, еркек кіндіктілерін қан-жоса қылып,
естерін жиғызбай сабады. Бет-ауыздарының дал-дұлы шыққан, бастары жарылып, аяқ-
қолдары сынған, көйлектері қанға малшынған олар – төрт тағандап, тоңқаңдап қашты.
Бұттарына тышқызып, бұта-бұтаның түбінде, тырқырата қуып жүріп сабады, ат тұяғымен
таптады. «Сыбағадан» бір де біреуін құр қалдырмады. Аяуды білмеді. Сабағанда жәй
сабап қана қойған жоқ. Ерекше өшпенділікпен, жігермен, шабытпен, шаттықпен,
құлшыныспен сабады. Себебі, аталарының, әкелерінің кегін алды! Бұлардың бәрі де
1920жж., 30-32 жылдары Науалыда туған балалар еді...
Бұл кеуделерін көтеріп жүрген басқа ұлт өкілдеріне, «ұлы халыққа», – соңғы
демдері таусылғанша ұмытылмайтын өмірлік сабақ болды. Олардың еңселерін езіп, қайта
бас көтертпей, «жындарын» әп-сәтте қағып, бұқтырып, біржола тұншықтырып тастады.
Осыдан кейін олар: құйрықтарын қысып, ауыздарындағы сөздерін абайлап сөйлеп,
тәубәләріне түсті. Қазақ «Аюға да, намаз үйреткен таяқ» деп бекер айтпаса керек. Қазақ
көтерілмесін деңіз...
Менің бір ерекшелігім, бала күнгі көргендерім түгелдей сол қалпы есімде. Әрбір
сәт, адамдардың аты, бейнелері. Уақыт тезіне сала келіп, осы көтерілісті өте ақылды,
ержүрек, дала соғысының әдісі мен барымтаның қыр-сырын аса жетік білетін адамдардың
басқарғанын, солардың тас-түйіндей қылып ұйымдастырғанын Ғазиз жаным, санам
арқылы кімдер екенін білдім.
Олар өздерінің ел-жұртын, руын шашау шығармай, қытай жеріне 1930...32
жылдары қызылдармен соғыса отырып алып кеткен, 1955 жылы ұйымдасқан түрде қайта:
туған жеріне ұрпақтарын өсіріп, өрбітіп аман-есен алып келген, қызылдарға қарсы болып,
кезінде атаман Дутов пен дос-жаран болған, қытайға мойын ұсынбаған, тума дарын
қолбасшылар, жүректерінің қылы бар, текті тұқымның ұрпақтары, ХIХ-ХХ ғасырдағы
қазақ батырларының соңғы тұяқтары: Нұрахмет Абылханұлы, Нүсіп Қабдолдаұлы,
Мақыш Жақыпұлы ақсақалдар еді...
Бала күнімде көрген осы шайқас, әлі күнге көз алдымнан кетпейді. Кей кездерде
бейнетаспа көріп отырғандай есіме алып, осы көріністі қайталап көруден жалықпаймын.
Нағашыларымның ерліктеріне сүйсінемін, таңырқаймын. Көтеріліс басшылары, даланың
дана қарттары, өз руларының көсемдері: Нұрахмет Абылханұлы, Нүсіп Қабдолдаұлы,
Мақыш Жақыпұлы ақсақалдардың, нағашыларымның әруақтарына құран аяттарын
бағыштап, есіме алып отырамын.
Қазір «елім деп еңіреп туған», кезінде Құдас, Қисық, Қожагелді руларының
көшбасшылары – көсемдері болған: Нұрахмет ақсақалдың ұлы: «Науалы жүгері
зауытының» директоры, белгілі кәсіпкер Жұматаймен, Нүсіп ақсақалдың ұлы: Науалы
балалар үйінің директоры Тұрсынмен, Мақыш ақсақалдың ұлдары: Серікқан, Сәрсенғали,
Бейсенғалимен жақсы қимас достық, ағайындық қарым-қатынастамын. Олармен арадағы
достығымды құрметтеймін, мақтаныш тұтамын...
Бақыт пен сәттілік, молшылық пен табыс қалай келеді?
«Ел боламын десең – бесігіңді түзе». Мұхтар Ауэзов
Баяғыда біреу үлкен ғұламаға барып, өмірімнің соңына дейін бақытты және сәтті
болуым үшін не қажет деп сұрапты. Ғұлама осының бәрі өзіңде бар деп жауап беріпті.
Бақыт пен сәттілік, молшылық пен табыс – сырттан келмейтін, ішкі ағымдар. Біз өмір
сүру қағидасын жоқшылыққа негіздемей, керісінше гүлдену мен молшылықты өмір
сүруіміздің шарты етіп қабылдауымыз қажет.
Егер біздің ақыл-есіміз, өреміз белгілі бір шеңбер мен қағиданың аумағынан шыға
алмаса, жоқшылықтың барына ғана сенсек, біз бүкіл ғұмырымызды осылай ғана
бағалаймыз. Егер біз жоқшылықта өмір сүрсек, бүкіл қуатымызды, қалауымызды осыған
ғана бағыштап, өмірімізді жоқшылықпен өткіземіз. Адамдардың басым бөлігі
жоқшылықты ғана ойлағандықтан «Менің мұнан артыққа мүмкіншілігім жоқ», «Менің
балаларымда киетін киім де жоқ, мен қалай ғана молшылыққа сенемін» немесе «Менде
біраз ғана қаржы болса, бұдан жақсырақ тұрар едім...». т.б. өмірде жолы болмаған адамдар
нашар тұрамыз деген сенімді жүректеріне ұялатып алған, себебі олардың ойлаулары мен
пайымдаулары да кедей, жұтаң, таяз.
«Іс қылады таптым деп біздің қазақ
Онан көрген пайдасы болады аз-ақ.
Аяғында ол ісі зиян шығып,
Көрінгенге күлкімен болар мазақ». Шәкәрім
Ауылдық жерлерде тұратын кейбір қазақ әйелдерінде мынадай жаман әдет бар.
Өзінің туған баласын қарғайды. Мүмкін үйреніп кеткен ауыз шығар. Сүмелек, суми,
есалаң, албасты, жарым ес, албасты басқыр, көкми, жексұрын, қайыршы, жетпегір,
қояншық, кеңкелес, жарымағыр, жер жұтқыр, көктемегір, нақұрыс т. б. Осылардың ішінде
ең мәдениетті айтылғаны: «адам болмайсың! ». Осындай қарғыс сөздерді бөтен біреуден
емес, өз туған анасының аузынан естіген бала оңа ма? ! Осы сөздердің бәрі барып оның
жүрегіндегі Жаратушы Алланың қуаты – Ғазиз жанына жазылып қалады. Адамды
басқаратын сана болғандықтан, баланың туған анасы өзінің баласына сәби күнінде-ақ,
жоқшылық пен кедейшіліктің өмірлік бағдарламасын санасына жазып бергенін, өмірге
деген құлшынысын бесікте жатқанда-ақ тұншықтырып өлтіріп тастағанын білмейді де,
сезбейді де...
Міне осы надандықтың және білмегендіктің салдарынан анасы өзінің туған
баласын жас күнінде жадылап (гипноздап) тастайды, қай балаға болмасын да, әсіресе сәби
кезінде анасының әрбір айтылған сөзі заң, осы сөздерді баланың төменгі есі мүлтіксіз
қабылдап, есейген кезде оның саналы есі иландыруды нашар қабылдайдықтан,
жүрегіндегі Жаратушының қуаты – Ғазиз жанында бала күнгі жазылып қалған сөздерден
нәр алып, осы бағдарлама бойынша өмір сүреді.
Біз жоқшылық пен кедейшілік тұрғысынан қарастыратын болсақ, былай деп
пайымдаймыз: «Егер менде анау-мынау болғанда ғой, бақыт пен байлыққа шомылар
едім». Осыны мұқият қарасақ былай болады: «Мен қазір разы емеспін. Маған керекті
нәрсе жетіспейді. Осы жетіспейтін нәрсені тапсам ғана қанағаттанамын». Осындай жұтаң,
таяз ойдың нәтижесінде мына қақпанға түсеміз: «Менің денім сау, бақытты болуым үшін
көбірек нәрсеге ие болуым керек». Осы ойлау жүйесі жан-жағымыздағы қоршап тұрған
денсаулыққа, молшылыққа, шаттыққа бет бұрыс жасауға бөгет болады. Сізде онсыз да
бәрі бар. Сізде көпшілігіміз армандап жүрген – баққа, бақытқа, табысқа, қанағаттануға
керекті нәрселердің бәрі де бар. Бізде тамақ, ауа, су ең бастысы Жаратушының өзі – Ғазиз
жан, бақытты адамға айландыратын ойлау жүйесі, осыны іс жүзіне асыру қабілеті бар.
Осындай жоқшылықты ғана ойлағандықтан олар жоғары әлемдерден – ойымен,
қалауымен, сөзімен өздеріне тек жоқшылықты ғана тартады, өздері Жаратушыдан осыны
ғана тілейтіндерін білмейді, аңдамайды. Жаратушы осы пенделердің ниет-қалауларын
қабылдап сұрағанын беруде. Осы жоқшылықтан құтылу жолдары бар ма? Мұның
жауабын осы күнделікті тіршілігіміз өтіп жатқан әлемнен табамыз. Біз осы әлемде өмір
сүріп жүрміз, сондықтан, оларды басқа әлемде табуымыз мүмкін бе? Нақ шындық –
осындағы байлық пен молшылық бәрімізге де артығымен жетеді. Біз де ғарыштың
шексіздігінің бір бөлшегіміз, осыны нақтылы түсінсек, жоқшылықтан құтылудың
мыңдаған жолдары мен әдістері бар. Мен осы жоқшылықтан құтылған адамдарды көптеп
кездестіремін. Олардың барлығы да, соның ішінде өзім де осы шексіздіктің бір бөлшегі
екенімізді өмір сүруіміздің шарты етіп қабылдап алдық, осыны жүрегімізбен түсіндік.
Жаратушы не ойлайсың, жүрегіңмен, көңіліңмен нені армандайсың, не туралы
сөйлейсің, қысқасы, барлық ынтаңмен нені қалайсың соны береді. Егерде сіз, тек
қарызды және кедейшілігіңізді ғана ойлай берсеңіз, онда жоқшылықтың есігін ашып
қойғаныңыз. Себебі сіз жоқшылықтан басқа түк те ойламайсыз. Мұны бір қауіпсіз
аурумен салыстыруға болады. Егер сіз тымау тиді деп ойлап, осыны кім көрінген
кездескенге айта берсеңіз, өзіңізді тіпті нашар сезіне бересіз, жазылмайсыз. Ауруыңыз
онан әрі өрши түседі. Себебі, сіздің өмірлік күшіңіз бен қуатыңыз ауруды демеп отырады,
өйткені, сіздің қалауыңыз осы болып тұр. Енді, керісінше, мен өзімді керемет жақсы
сезінемін, денсаулығым тамаша деп ойлап және елге қайталап айта берсеңіз,
денсаулығыңыз күрт жақсара бастайды. Сөйтіп, біз өзіміз не ойлаймыз, солай іс-әрекет
қыламыз және осыны өзімізге тартамыз. Бұның әсері магнит сияқты. Осы ойлар біздің
күнделікті жолбасшыларымыз.
Өзіңіздің өміріңіздің қуат күшін жоқшылыққа бейімдесеңіз, осы жоқшылық пен
кедейшілік біртіндеп өрши береді. Керісінше, бармын, мен байлықта, молшылықта жақсы
денсаулықпен өмір сүремін деп өзіңді-өзің иландыра алсаң, ойың іс жүзіне қалай асқанын
байқамай да қаласың. Осылайша нәзік әлемге, ақша өзіңіздің тұрмысыңызды түзеуге
қажет екенін, оны орнымен пайдаланатыныңызды білдіресіз, хабарлайсыз. Өзіңіздің ойлау
жүйеңізді осылай құра алсаңыз, сізге ақша тартыла бастайды.
Біздің қазақеңдердің басым көпшілігі ауыздарын қу шөппен сүртіп үлкені мен
кішісі, шалы мен жасы, еркегі мен әйелі жоқшылықтан басқаны, көбінесе, айтпайды.
Айтатын әңгімелерінің өзі, сана төмен болғандықтан және рухани білімнің таяздығы мен
жұтаңдығынан, осы деңгейден көтерілмейді. Әңгімелерінің басты тақырыбы – бірін-бірі
көре алмау, сыртынан жамандап өсектеу. Біреуі байқаусызда сүрінсе көмектесіп жаны
ашудың орнына – табалау. Осындай кері кеткен оймен, қара ниетпен қалай ғана
молшылыққа, сыңғырлаған денсаулық пен шексіз бақытқа жетуге болады? ! Бұрынғылар
«Рақым Алладан, пейіл адамнан» деп тегін айтпаса керек.
Қазіргілер бірін-бірі мақтауды, қанат бітіріп жігерлендіретін сөздерді өте сирек
айтады. Өздерінің жоқшылықтарының себептерін, денсаулықтарының нашарлығын өре
мен ойлауы таяз болғандықтан, басқа бір адамнан іздейді. Ең бастысы – осыған тек қана
өзі ғана, өзінің ойлау жүйесі ғана кінәлы екенін білсе де білмегенсиді, өзінің ары, ішкі
дүниесі алдында да мойындағысы, жауапкершілікті өзіне жүктегісі келмейді! Яғни кеңес
үкіметінен қалған құлдық санадан әлі құтыла алмай келеді. Өз беттерімен тығырықтан
шығатын жолдар мен әдістердің бар екенін түсінбейді және осы бағытта ізденбейді.
Сіз жетілгеннің бәрісіз деп не себепті айтамыз?
«Әркім Алла тағаланың жәрдемімен тапқан табысына қарай қаражат қылады. Алла
тағаладан пендесіне келетін сабырлылық, көрген қиыншылығына қарай болады».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Сіз жетілгенсіз, шарықтау шегіне жеттіңіз. Сіз енді осы қалыпта болмайсыз, сіз
болмыстың барысыз! Осыны өмірдегі тәжірибеңізге сүйене отырып ойланыңыз. Егер
осыған дейінгі жинақтаған тәжірибеңізге, қазіргі денсаулығыңызға, қызметіңізге, жақын
адамдармен қарым-қатынасыңызға – өмірге қазір қуанбасаңыз, онда алда тұрған тағы да
болатын жаңа өзгерістерге де қуана алмайтын боласыз. Біздің өмірге қуана білуіміздің
бастауы, сыртқы әсерге емес, өзіміздің өмірді қалай қабылдауымызға байланысты.
Бақыт пен қанағаттанушылықты, денсаулықты бізге ешкім де сырттан бере
алмайды. Өміріміздің сапасы өзіміздің таңдауымызға байланысты, ал таңдау біздің өз
еркімізде. Әлемдегі алатын орнымыз біздің ойлауымызға сәйкес болады. Сіздің
қанағаттануыңыз үшін көбірек нәрсе берсе де, сіз бәрібір қанағаттана алмайсыз.
Молшылыққа жету үшін іштей: «Мен өзіме-өзім ұнаймын, өзімді қазіргі бар
қасиеттеріммен, жетістіктеріммен сүйемін. Маған бақытты болу үшін осыдан артық
ештеңенің қажеті жоқ. Мен жүрегіммен өзімнің осылай екенімді түйсінемін. Әлем шексіз,
мен – әлемнің бір бөлшегімін, сондықтан, мен де шексізбін» деп түйсіну шарт. Осылай
өзіңді иландыра алсаңыз, ол сіздің денсаулық, молшылық пен байлықты игеруге дайын
болғаныңыздың кепілі.
«Дүние шырын және әсем. Кімде-кім одан өзінің тиесілі несібесін алса, одан
береке табады. Бірақ дүниеге құнығып кетіп, өз несібесінен көп аламын дейтін болса
оған қиямет күні дозақтан басқа орын жоқ. (бұйырмайды»).
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Біздің осы қалпымыздың өзі бір ғажайып, осыны бағалап, ардақтап, дәріптей білуіміз
керек. Біз кездескендердің бәріне де сүйіспеншілік пиғылын танытуымыз қажет. Сіздің
әлем – сансыз байлық пен шексіздік, осыны қалай ойласаң, солай қалауыңыз болады. Тіпті
қараңғы қапас пен қамауда да ой еркіндігін сақтай аламыз. Бізден бұны ешкім де,
ешуақытта да тартып ала алмайды! Осыны түсінсек, бүкіл өміріміздің болмысын
сыңғырлаған денсаулыққа, молшылыққа, байлыққа және шексіз бақыт пен шаттыққа
толтыра аламыз. Шындығында да, сізде бәрі де бар. Өмірге керекті молшылық пен байлық
дәл қазір сізде бар. Тек қана осыған өзіңіздің ойлау жүйеңізді түбегейлі өзгертіп: ақыл-
есіңізді, ынта-қалауыңызды, қуат-күшіңізді, мақсат-мүддеңізді бағыттап, осыны іске
асыру үшін жұмыс жасасаңыз болғаны.
Біздің іс-әрекетіміз сөзден, қозғалыстан басталмайды
«Өмірдегі барлық бақытсыздықтардың бәрі дерлік бізбен болып жатқан жағдайлар
туралы өзіміздің жалған пікірімізден туындайды. Олай болса, адамдар туралы терең
біліп, жағдайларға дұрыс баға беруіміз бізді бақытқа жақындата түсед»і. Стендаль
Біздің іс-әрекетіміз – сөзден, қозғалыстан басталмайды, ол ойымыз бен сезім
құбылыстарынан (эмоция) басталады. Ой – қуаттың кемелденген қалпы. Өзіміздің
ойларымыз бен сезім құбылыстарымыз ақиқатқа айланып, өзіміздің күнделікті өмірімізге
бір оқиға не жағдай болып қайтып оралады.
Егер Сіздің өміріңізде бірдеме жетіспесе немесе бір «әділетсіздік» белең алса, онда
бәленің басы өзіңіздің ішкі жан дүниеңізде бұғып жатыр. Ой біздің жан дүниемізде пайда
болып, қуаттың бір түрі болғандықтан еш қайда кетпейді, жоғалмайды. Қуат сақталу заңы
мүлтіксіз сақталады, іске асады. Бір түрден екінші түрге айланады. Сыртқы әлемге
шашыраған әрбір ойың, белгілі оқиға түрінде өзіңе қайтып келеді. «Не ойласаң сол
болады». Ұқсастар біріне бірі тартылады. Қазақ бұны: «Бай байға, сай сайға құяды», – деп
тұжырымдай салған.
Ойың бұзық болса, ісің түзік болмайды. Егер ойың жамандық болса, онда соған
сәйкес келеңсіз оқиға мен ауру өзіңді меңдеп алады. Ойың құртатын емес – құратын,
сүйіспеншілікке толы болса онда бұл да іс жүзіне асып, жайма-шуақ, жағымды оқиғалар
келеді. Қандай ойды қолданатыныңызды шешетін – өзіңізсіз.
Нақ ақиқат пен өзіміз ойша жасап алған бағдарламаның айырмасы жер мен көктей.
Біздің Ғазиз жанымыз – (жүректегі Жаратушының қуатының кішкентай бөлігі) келіп
түскен ақпараттардың негізінде өзіндік әлем құрылымын құрады да, өмір сүру үшін
осыны санамызға құяды, өмірлік бағдарлама береді. Ал өзіміздің санамыз: Ғазиз
жанымызда болып жатқан құбылыстардың бақылаушысы, сараптаушысы.
Достарыңызбен бөлісу: |